С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !

ҚР мемлекеттік рәміздері

Жетісудың ақындары жырлайды
"Жетісу балалар кітапханасы"
Қазақ хандығына 550 жыл
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Жыр құлагері
Поэзия патшайымы
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

novyi-trudovoi-kodeks.jpg - 142.60 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Ауа-райы
Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 4346
Статьи : 379
Просмотры материалов : 1733461
Қазір сайтта
Сейчас 23 гостей онлайн
Кәсіптік қызмет

Семинарлар, кеңестер

негізгі

2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 27-28 қазан күндері С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы және Алматы аймақтық кітапханасында әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Алматы облысы кітапханаларының 2015-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәңгілік Елдің кітапханалық идеясы» тақырыбында облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдан бері Алматы облысы мәдениетінің маңызды саласы ретінде кітапханалардың ақпараттық кеңістігінің қалыптасуын насихаттау, кітапханалардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаңашыл бағдарламалар мен кітапханалық қызметтерді дамытуға ықпалдасу мақсатында өткен байқауға Алматы облысының қалалық, аудандық кітапханаларынан шығармашылық белсенді 50 кітапхана мамандары қатысты. Байқауға қатысушы Алматы облысының аудандық, қалалық және ауылдық кітапханаларының кітапханашыларына шығармашылық тапсырмалар ұсынылып,«Кітапханалық жоба», «Кітапханалық дәріс» (Кітапханалардың өзекті мәселелері), «Кітапханалық дебат» (Кітапхана мамандығының болашағы) тақырыптарында  бірнеше кезеңмен өтті. Шара барысында кітапханалардың инновациялық жобалары таныстырылып, пікіралмасулар өткізіліп,  топтық  тапсырмалар  орындалды. Алакөл, Іле аудандарының шығармашылық топтары 1-ші орын жеңіп алса, 2-орынды Панфилов аудандық, Қапшағай қалалық кітапханасының кітапханашылары және 3-орынды Талдықорған, Балқаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары иеленді. «Ерекше кітапханалық идея»номинациясын Талғар ауданының кітапханашысы З.Кисимова және Текелі қаласынан кітапханашы И.Вандакурова иеленсе, «Ең қызықты мәдени шараның жаңа түрі» номинациясына Сарқан ауданының кітапханашысы Г.Бекбосынова мен Ұйғыр ауданының кітапхана маманы Ж.Бақаева ие болды. Қарасай ауданынан байқауға қатысқан тәжірибелі маман М.Дәулетхановаға «Шығармашылық ізденістегі кітапханашы» номинациясы берілді. Осы номинация бойынша Кербұлақ ауданының жас маманы  Қ.Ержігітова да марапатталып, шара соңында әділқазылар қорытындысы бойынша кітапханашыларға сый - сияпат табысталды. 

 



2016 жыл

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның басшылығымен және зиялы қауым өкілдері профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, жазушы-ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай,  ақын Несіпбек Айтұлының қатысуымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» атты Республикалық Жас кітапханашылар форумы аясында республиканың өзге өңірлерінен келген жас кітапханашылар С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына аяқ басып, кітапхананың бүгінгі тіршілігімен, кітапхана тарихы және Жетісу өңірінің бай тарихымен танысты. Кітапханаға экскурсия аяқталысымен, форумға қатысушылар әкімнің орынбасары Б.Өнербаевтың  қабылдауында болып, Тіл сарайында С.Сейфулин атындағы кітапхананың әзірлеуімен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесін тамашалады. Форум жұмысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев ашып, әкімнің қолдауымен жарыққа шыққан кітаптар туралы және кітапхана мен кітапханашы рөліне тоқталды.

Қазақстандағы кітапханалардың жай-күйін, өзекті мәселелерін талқылау, кітапханаларға жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, алыс-жақын шетелдердегі кітапхана істерімен жете танысу, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға ұсыну, келешегінен үміт күттіретін мамандарды анықтау мақсатында «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» атты Республикалық Жас кітапханашылардың форумы өз жұмысы барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан және Астана, Алматы қалаларының кітапхана мамандары өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, конференция барысында білім бағыты, басылым ісі, құқықтық ақпарат қызметінің көрінісі, болашақтағы электрондық кітаптар, заңнамалық мәселелер, халықты электрондық және баспалық ақпаратпен қамтамасыз ету, кітапхана ісіне инновациялық жобаларды тарту, сирек кітаптар мен қолжазбаларды ғылыми зерттеу мәселелері бойынша сұрақтарды қарастырды, тың ойларымен бөлісті.

Жазушы-ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай кітапхана қасиетіне тоқталып, сирек кітаптар мұражайын ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірсе, ақын  Несіпбек Айтұлы Алматы облысының әкімдігіне алғысын білдіре отырып, кітап оқудың төмендеуіне байланысты кітапхана рөлін көтеру қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ,   профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім «Бір ел – бір кітап» акциясы оқуға тартудағы басты жоба екендігін айтып, биылғы таңдау Дулат Бабатайұлының шығармашылығын оқу арқылы тәуелсіздіктің құндылықтарын түсінуге көмектесетінін айтты. Профессор жастарды қазақша сөйлеп, қазақша оқуға шақырды.

«ХХІ ғасыр кітапханасы: жастар стратегиясы» тақырыбындағы Жас кітапханашылар форумы – кітапханашылардың ғана емес, бүтін Жетісулық қауым үшін үлкен мереке болып өтті. Қазақстанның өзге өңірінен келген жас мамандар ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, осындай форум арқылы біліктіліктерін дамытатынын, өз іс-тәжірибелерінде қолданатынын айтты.

Кітапхана – әлемге және оқиғаларға апаратын, сөз шеберлігін үйрететін, білмегенді танытатын  есік және ғылымның жұмағы,  ал жас мамандардың кітапхана ісін дамытуға қосар үлесі, орны ерекше екендігін, жас мамандардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің иммиджін нығайтуда бүгінгі бас қосып отырған форумның атқарар рөлі зор екенін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы өз сөзінде жеткізді.

Шара соңында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Алматы облысы кітапханалары мамандарын «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және ҚР Мәдениет министрлігінің «Алғыс хаттарымен» марапаттап, жұмыстарына келелі табыстарға жетуін тіледі.

 

2016 жыл

sem.jpg - 41.56 Kb


2016 жылдың 22 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Облыс кітапханаларының 2015 жылдық есеп қорытындысы» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинарды  кітапхана директоры М.Нұрғалиева «Облыс кітапханаларының қазіргі жағдайы мен келешегі» атты баяндамамен ашты.

sem1.jpg - 40.16 KbКітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Есимованың «Облыс кітапханаларының 2015 жылдық есеп жұмысының қорытындысын саралау», әдіскер Қ.Алтынбекованың «Облыстағы балалар кітапханаларының есеп жұмысын талдау» туралы баяндамалары тыңдалды. Жарыссөзге Кербұлақ аудандық кітапхана директоры Б.Нұрбаева, Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Ғ.Тоқабаева шығып сөйледі.

sem2.jpg - 38.90 KbСеминар барысында 2015 жылы жарияланған «Өлкенің танымал тұлғалары» атты облыстық үздік библиографиялық көрсеткіш байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бас жүлде Қапшағай қалалық кітапханасына, І орын Талғар аудандық кітапханасына, ІІ орын  Ақсу, Панфилов аудандық кітапханаларына, ІІІ орын Райымбек аудандық, Текелі қалалық кітапханаларына Диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылса, ынталандыру сыйлықтарына Балқаш, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Қарасай, Сарқан аудандық кітапханалары ие болды.

sem3.jpg - 37.87 KbСеминар-кеңесті облыстық кітапхана директоры М.Нұрғалиева қорытындылап,  аудан, қала директорларына 2016 жыл жоспарын атқарғанда 2015 жыл есебіндегі кемшіліктерінің  ескерілуін талап етті.

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

«Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» атты облыстық семинар-кеңес

2014 жыл

«2014 жыл қорытындысы. Кітапхана қорлары электронды дәуірде: Дәстүрлі және электронды ресурстар»атты облыстық семинар-кеңес

2013 жыл

«2012 жыл қорытындысы. Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және мәдени маңыздылығын арттыру» атты облыстық семинар-кеңес

2012 жыл

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарымен бірлесіп облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар – тренинг . (Талдықорған қ-сы, 14 наурыз 2012 жыл)  

2011 жыл

• 2011 жылдың І жартыжылдық есеп қорытындысы: «Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» (Талдықорған қ-сы, 2011ж.)

2010 жыл

• 2009 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Кітапханалар жаңа онжылдыққа жаңа өрлеу жолында» (Талдықорған қ-сы, 2010ж.)

• «Оқырмандарға кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа тенденциялары» (Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, ІІІ-тоқсан, 2010 жыл).

• Ш.Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына «Облыс кітапханаларында Шоқан еңбектерін насихаттау жұмыстары» (Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, ІV-тоқсан, 2010 жыл).

2009 жыл

• 2008 жыл қорытындысы: «Оқырмандарға компьютерлік технологиялар негізінде ақпараттық қызмет көрсетуді дамыту» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан, 2009 жыл).

• «Кітапханадағы патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары» (Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, ІІ-ІІІ-тоқсан сәуір 2009 жыл).

• «Ақпараттық технологияны игеру» (Талғар ауданы, Талғар қаласы, ІІІ-тоқсан, 2009 жыл).

• Облыстық кітапхананың 60 жылдығына «Кітапхана – руханият ордасы» ғылыми – тәжірибелік конференция (Талдықорған қ-сы, IV-тоқсан 2009 жыл).
мссс

• 2008 жыл
• 2007 жыл қорытындысы: «Ауыл кітапханаларында қызмет көрсету сапасын арттыру» (Талдықорған қ-сы, І- тоқсан 2008ж.)

• «Мәдени мұра бағдарламасының кітапхана ісіндегі маңызы» (Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 2008жыл)

• «Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың сана- сезімін қалыптастыру» (Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, ІҮ-тоқсан 2008ж.)

2007 жыл

• 2006 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Қазіргі таңдағы кітапхана және оқырман.Жаңа бастама.Міндеттер» (Талдықорған қ-сы, 2007 жыл)

• 2007 жылдың І-жартыжылдық есебі бойынша «Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті » (Алакөл ауданы, Үшарал қаласы ІІІ-тоқсан 2007ж.)

• Ғ.Ормановтың туғанына 100жыл толуына орай ақын шығармаларын насихаттауда «Ғали ғибраты – ұрпаққа үлгі» ( Сарқан аудан, Сарқан қаласы, ІҮ-тоқсан 2007ж)


2006 жыл

• 2005 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Облыс кітапханаларының жағдайын саралау, өзекті мәселелерді шешу жолдары» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан,2006ж.)

• «Тәуелсіздік тағлымы: Уақыт және кітапхана» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан,2006ж.)

• «Облыс кітапханаларында Жамбыл шығармаларын насихаттау» (Талдықорған қ-сы,
ІІІ-тоқсан,2006ж.)


2005 жыл

• Облыс кітапханаларының 2004 жылғы жұмыс есебін қортындылау жөнінде «Қазіргі таңдағы кітапхана ісі» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан 2005жыл)

• «Бүгінгі таңдағы облыс кітапханаларының кітап қорын сақтау және толықтыру шаралары» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2005жыл)

2004 жыл

• «2003-2005 Ауыл жылдары»бағдарламасы аясында 2003 жылдың есеп қорытындысы
(Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2004 ж.)
• «Ауылды мәдениетке баулуда кітапхананың үлесі» (Қарасай ауданы, 2004ж.)



 

 

 

 


Яндекс.Метрика