ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 484
Статьи : 268
Просмотры материалов : 157707
Қазір сайтта
Сейчас 15 гостей онлайн

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

тарихы туралы қысқаша

А Қ П А Р А Т

Қазан төңкерісінен кейін, Іле – Балқаш өңірінде жаңа мемлекеттік  құрылымдар пайда болды. 1928 жылы қыркүйек айында Алматы Губкомына қарасты   Балқаш ауданы құрылды. 1946 жылы аудандық мәдениет бөлімі ашылды. Аудан орталығы – Бақанас. Аудан жері  Жетісу (Жоңғар)  Алатауының  Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңт. Жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесік – атырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан аумағындағы  ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып, Балқаш көліне құяды. Шаруашылықтардың егісін суландыру негізінде Ақдала  суландыру жүйесі салынған. Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы -13- 15 ºС, шілдеде 24 ºС. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 2 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, тораңғыл, жиде, жусан, ши, сораң т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Жануардан: елік, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, ну қамыста қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен  жайылымдарда қырғауыл, аққу, құр, сулы жерлерде тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б.құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар.

Іле өңірінің  Балқаш көліне құяр саласында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі. Балқаш ауданында тұрғындарының құрамында қазақтар басым (88,3 ℅), одан басқа орыс (7,7℅), неміс (1,1℅), корей (1,0℅) және т.б ұлт өкілдері тұрады. Іле аңғары  және  оның тармақтары бойында орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы  1км 2-ге 0,8 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Бақанас (5,9 мың адам), Балатопар (1,9), Ақдала (1,8), Желтораңғы ( 1,7), Қарой ( 1,6), Жиделі (1,5)  адамдары. Балқаш ауданында 1993 жылға дейін егін және мал шаруашылығына мамандандырылған 9 кеңшар болған. Кейінен (1993- 1998) олар акционерлік қоғамға және «Достижение» атты ұжымдарға біріктірілді. 1999 жылдан бастап жекешелендіру  жұмыстарының барысында  олардың негізінде «Тамшыбұлақ», «Өтес- Ақдала», «Бірлік», «Тасмұрын», «Тұмар»,«Байменей», «Малайсары» атты ЖШС – тер мен фермерлік  шаруашылықтар құрылды.Сонымен бірге 1997 ж. «Достижение» ұжымдары «Құйған» өндірістік кооператив ретінде қайта  құрылды. Ауданның жалпы  ауыл шаруашылыққа жарамды жерінің 28,7 мың га жері егістік, 64,0 мың  га жері шабындық және 1,734 млн га жері жайылым. Ауданның шаруашылық саласында 587 фермерлік шаруашылық бар (2002). Мал шаруашылығында 114,1 мың қой мен ешкі, 44,3 мың ірі қара, 9,8 мың  жылқы, 6,9 мың шошқа және 23 түйе тіркелген (2002).

Ауданның экономикасы мен мәдениетінің өсіп - өркендеуіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Д.А.Қонаев зор үлес қосты. Аз жылдың ішінде экономикасы  мен мәдениеті өркендеген алдыңғы қатарлы аудандар санына қосылды .

Аудандық мәдениет бөлімінің алғашқы меңгерушісі  Аймұханбетов Көпен болды. Оқу үйлері, қызыл отау, жылжымалы клуб пен кітапханалар аудан халқына мәдени - көпшілік жұмыстар атқарды.

Аудан орталығы – Бақанас ауылы.

Аумағы – 37,4 мың шаршы км.

Халқы – 32,9 мың адам.

Елді мекендер саны -33

Селолық округтер саны – 15

Балқаш аудандық кітапханасы 1948 жылы ұйымдастырылды.

· 1964 – 1965 жылдары  аудан орталығында  400 орындық мәдениет үйі, 27 кітапхана жұмыс істген.

· 1978-1980 жылдары орталықтандырылған  кітапхана жүйесі құрылды.

· 1991 жылы елімізде үлкен өзгеріс  болып, бұрынғы Кеңес үкіметі, ыдырап, әр республика өз алдына жеке мемлекет болып құрылды. Ата – бабамыз аңсаған арманы орындалып, Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болып құрылды.

· 1997 жылы Республика Президентінің шешімімен кейбір аудандар іріленді . Осыған сәйкес Алматы облысының Балқаш, Күрті аудандары біріктіріліп, Балқаш ауданы болып құрылды. 1997жылға дейін қызмет көрсетілді.

· 1998 жылдары  Балқаш ауданында оңтайландыру мақсатымен ауылдық   кітапханалар,   аудандық  Мәдениет үйінде орналасқан   балалар кітапханасы қысқартылып , аудандық кітапханаға  біріктірілді.

· 2007 – 2009 жылдардағы кітапхана жүйесін жаңарту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның әлемдегі өз орнын айқындаған шағында, қазіргі кітапхана өзінің күрделі ақпараттық технологиясы қайта қалпына келтіріліп,оқырмандардың сұраныстарына  заман талабына сай қызмет көрсетілуде .

 

 

Обновлено (14.11.2017 10:09)

 

Рейтинг@Mail.ru