Электрондық кітапхана

Электрондық кітапхана

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасындағы электронды ресурстар мен кітап қоры туралы мәлімет.


  • Кітап қорының электронды каталогы
  • Облыс кітапханаларының каталогы
  • Мақалалар картотекасы
  • Электронды толық мәтінді ресурстар
  • Жаңа  ғасырда уақыт бізден заманға сай терең білімді,ғылыми жетістікті талап етіп отыр.Оқырмандарға ақпарат әлемнің жолын ашып,білімін нығайтатын қазіргі маңызы зор орын – кітапхана.Оқытудың инновациялық аспектілерін,әдістемелік-әлеуметтік жаңалықтарды ашу,білімді қалыптастыру,озық тәжірибелермен алмасу кітапхананың кез-келген уақыттағы міндет екендігін,болашақтағы кітапхана қызметінің сапасы мен дәрежесі,ондағы кітап қорының ақпараттық құндылығымен өлшенетіні,оның жаңартылу жолдары және еліміздің біртұтас ақпараттық жүйеге қосылу мүмкіндігін естен шығармау керек.

    Қазіргі таңда кітапханалардың алдындағы негізгі мақсат кітапхана қызметінің сапалы әрі жылдам қызмет көрсету тиімділігін артырып отыр және жаңа заман талабына сай ақпараттық қызмет көрсетудін бәсекелестігін қамтамасыз ету Кітап қорын толыққанды және нәтижелі толықтыру,мәдени мұраларды сақтау және насихаттау.
    Балқаш ауданының 30 мыңнан аса халқына Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты-15 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді.1-орталық,14 кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан.
    Балқаш аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жан-жақты ақпаратқа және білімдерге оқырмандардың жедел қол жетімін қамтамасыз ете отырып,қызмет көрсететін ақпараттық орталығы болып қызмет етуде.Кітапхана жұмысы ең алдымен ауданымыздың кітапхана саясатын жүзеге асыруға бағытталды:мәдени сабақтастықты сақтау,тарихи-мәдени мұраны жаңғырту,кітапханаларды жетілдіру,кітапхана жұмысындағы ұйымдастырурушылықты  реттеу.Ондағы кітапхана қорының қалыптастыру және сақтау жағдайы заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастырудағы ең маңызды және күрделі мәселелер қатарына шығарылды.Оны толықтытыру және жақсартылу жағдайынан кітапханалардағы оқырмандардың ақпараттық және білім саласы сұраныстарын қанағаттандыру жағдайы  тиімді болмақ.Оқырмандарға көрсетудегі біздің басты мақсатымыз – жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу,электронды және кітапханалық ақпараттық ресурстарға оқырмандардың еркін қол жеткізуіне мүмкіндіктер жасау.
    Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері кітапханаларда көптеген өзгерістерге ие болды.Бұған себеп ақпараттық технологиялардың дамуы.Кітапханамыз  ақпараттық технологияларға 2010 жылы қол жеткізді.Кітапханаларда компьютерлер саны 27,оның 13 ауылдық кітапханаларда.Факс-1,сканер саны 11,оның 4 ауылдық ктапханаларда,принтер -14,оның ішінде 12 ауылдық кітапханаларда.Кітапханалардың барлық компьютерлері жергілікті желіге қосылған және жоғары жылдамдықты желі арқылы «MEGALINE» интернетіне ене алады.Ақпараттық қажеттіліктер үшін аудандық кітапханаға ИНТЕРНЕТ жүйесіне қосылып,кітапхананың электронды оқу залына қажетті компьютерлер қойылып,оқырмандарға интернет жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде.Оқырмандарға қызмет көрсететін оқу залында оқырмандардың пайдалануына мынандай мүмкіндіктер бар:
    -компьютер арқылы электронды оқулықтарды (DVD,CD-ROM) пайдалану
    -әдебиеттердегі,мерзімді басылымдардағы қажетті беттерін принтерден өткізіп,сканерлеп алу
    -ИНТЕРНЕТ жүйесін пайдалану
    Кітапханаларды озық технология үлгілерімен қамтамасыз ету мақсатында кітапхана-библиографиялық процестерді автоматтандыру жұмысына сәйкес 2011 жылдан бастап КАБИС бағдарламасының 3 модулі «Каталогизатор», «Оқырманды тіркеу», «Кітап берілімі» енгізіліп,қазіргі қолданыста бағдарламаның жұмыс жүргізуліде.Қазіргі кезде электрондық каталогтар деректер базасына 34 000 дана астам монография,анықтама,сөздік)енгізілуде.Электронды каталогтан кітаптар мен мақалалардың библиографиялық сипаттамасын,кітаптың шифрын,қай бөлімде  екенін көре аласыздар.     
    Бүгінгі күні кітапхана қоры-128096 дана,оның ішінде мемлекеттік тілдегі  әдебиеттер  қоры -73735 дана.Мемлекеттік тілдегі қор дәстүрлі каталогтармен қатар электрондық каталогқа енгізілуде.Қор жүйелі түрде жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады.Жылына 30-35 атаулы мерзімді басылым жаздырылып алынады.
    Уақыт өте келе техника мен ақпараттық жүйе дамып келеді.Қағаз басылымдардың орнын электронды кітаптар басады. Дегенмен,бұл кітаптар мүлдем жоғалып кетеді  деген сөз емес.Өйткені,ғасырлар бойы ата-бабадан мұра болып келген асыл қазына ешқашан өз қасиетін жоймайды. «Кітап –ең сабырлы ұстаз» деп тегін айтпаса керек.Ежелден жер бетіндегі сан мың сұрақтың жауабын кітаптан табуға тырысқан.Себебі,оның адамзатқа берер пайдасы мол.

     

    Рейтинг@Mail.ru