Өлкетану Балқаш ауданы тарихының шежіресі

Балқаш ауданы тарихының шежіресі

Ауданның тарихы туралы қысқаша мәлімет

Қазан төңкерісінен кейін, Іле –Балқаш өңірінде жаңа мемлекеттік құрылымдар пайда болды. 1928 жылы қыркүйек айында Алматы Губкомына қарасты Балқаш ауданы құрылды. Ол жұмысшы, шаруа қызыл әскерлер депутаттары Балқаш аудандық Советі атқару комитеті болып аталды.

Ауданның орталығы қазіргі Жиделі әкімшілігіне қарасты Бәйменей өзенінің жағасындағы атақты Ойшы байдың Қарағай тамында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл жерде ешқандай белгі жоқ, тек тамның ғана орны бар.Ол кезде аудандық партия комитетінің жергілікті жердегі төменгі ұйымы ретінде бір ғана партачейка жұмыс істеген.

1929 жылы наурыз айында ауданның орталығы көшіп, қазіргі Көктал ауылының аумағындағы бұрынғы Сүндетбай болыстың ағасы Дәркенбайдың мектеп үйіне ауысады. Бұл жерде ауданның орталығы көп тұрақтанбай, 1930 жылы Ақкөлге көшіп келген кезде, өңір тұрғындарын қайыршылық жайлап, халықтың халі күрт төмендеді.

Халықтың шыдамы, ызасы шегіне жетіп, 1930 жылы сәуір айынада «Ақкөл көтерілсі» бүрк ете түсті. Көтерісшілердің басты мақсаты - ауданның тұрмыс-жағдайын, хал-ахуалын ескермей отырып, күштеп басты.

1931 жылы екінші рет болған көтерлісте үш күндей атыс болып, ақыры мықтап қаруланған әскерге төтеп бере алмады. Ақырында тұтынға түскендердің ішінен барлығы он бір адам «Үштіктің» шешімі бойынша, түн ортасында сол жерде орналасқан пошта үйінде атылған. Сөйтіп Ақкөл көтерілісінен кейін 1932 жылы ауданның орталығы қазіргі Бақанас ауылына көшіп келіп, содан бері ауданның орталығы Бақанас ауылы болып келеді.

Қазіргі таңда Балқаш ауданына қарасты 15 селолық округ бар. Олар мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар, жалпы Балқаш ауданы бойынша 19 монументалдық, 2тарихи-өлкетану, тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Ауданымызда күрделі жөндеуді қажет ететін ескерткіштер жоқ.

 

Рейтинг@Mail.ru