Өлкетану Балқаш ауданы Ардегерлерімен ардақты

Балқаш ауданы Ардегерлерімен ардақты.

Ұлы Отан Соғысы жылдары ауданнан барлығы 3185 адам әскер қатарына шақырылса, олардан 1297 адам елге аман-есен оралып, 1898 адам майданда қаза болған немесе хабарсыз кеткен. Ауданда соғыстың алғашқы күнінен бастап жұмыстың бар ауыртпалығын әйелдер мен қарттар, жасөспірім балалар көтерген. «Барлығы соғыс үшін, барлығы жеңіс үшін»  деген ұранмен егін, мал бағып, мемлекеттік  жоспарларды орындау үшін, тәулігіне 16-18 сағат жұмыс істеді.  Әскерге деп құрт, ірімшік, жылы киім, қолғап, тон жөнелтіп  отырады. Соғыс жылдары майданда ерлік  көрсеткен жерлестеріміз  де аз болған жоқ. Аға плитрук (батольонның) Құтпанбетов Нілдібай, Нұрайдаров Нарша және басқаларының ерлігі  талай жазылады. Аға лейтенант Тлеухан Байқуатов, Майор  Сәрсеев  Тәшен жасаған ерліктері үшін "Қызыл Жұлдыз", "Ленин" ордендерімен марапатталған.


Бейсекбаев Бақтыораз - Ресей мен Қазақстанның «Халық Қаһарманы»

Бақтыораз батыр 1920 жылы қазігі Жиделі ауылында дүниеге келген.1938 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа алғашқы күнінен 42 авиация дивизиясының 207-полкінің, капитан  Маслов экипажында атқыш болып кіреді. Жерлесіміз Бейсекбаев Бақтыораз соғыстың басталғанына не бәрі бес-алты күн өткенде аса үлкен қаһармандық ерлік көрсеткен. Бірақ ол ерлігі уақытысында бағаланбай, тек кейін елу бес жыл өткенде анықталып, Ресей мен Қазақстанның «Халық Қаһарманы» деген жоғары атақ алған. Мұндай марапаттау елімізде тұңғыш рет болып отыр. Кезінде бүкіл тарих  оқулықтарында айтылып кеткен капитан Гастеллоның ерлігін (жанған ұшақты неміс колоннасына бұрған)   құрамында Бақтыораз Бейсекбаев бар капитан Масловтың экипажы жасағаны кейін дәлелденді. Қаһарман жерлесімізге туған жері Бақанас ауылының Бақанас орта мектебіне есімі беріліп, осында ескерткіш бюсті орнатылды. Ауданымызда соғыстан қайтпай қалған боздақтардың есімдерін мәңгілік есте сақтау үшін барлық елді мекендерде ескеркіштер ашылған.




Ахметов Әниятулла - Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1925 жылы туған. Гвардия аға лейтенаты. 16.12.1942 - 17.10.1945 ж.ж. өкпеден жарақат алып қайтарылған. Пулеметші, рота командирі, ІІ-топтағы соғыс мүгедегі. Елге  ралған соң, 1946 жылы аудандық атқару комитеті кадр бөлімінің бастығы, аупартком бастығының орынбасары, аупарткомның ІІ хатшысы, 04.1965ж бірінші хатшысы болды. Осы қызметте 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін істеген осы жылдар ішінде ауданның экономикасын көтеруге ерекше еңбек сіңірген. Аудан орталығында оның атымен бір көше аталды. Көктал ауылындағы орта мектепке есімі берілген. Соғыста және бейбіт күнде сіңірген еңбектері үшін: І-ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қүрмет белгісі, Еңбек қызыл ту, Октябрь революциясы ордендерін алған және көптеген медальдармен марапатталған.




Әбдірасылұлы Сейдахмет – Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1923 жылы Бақанас ауылында туған. 1942 жылы Ворнеж майданы, 40-армия 309 дивизия құрамында майданға араласқан. Елге келген соң аудандық партия комитетінде аудандық кооперацияда жаңа жерлерді игеруге арналған құрылыс мекемелерінде басшы қызметтерінде болған.



Шеңгелбаев Жұматай – Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1920 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, 11 ауыл советінде дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылды. №16 шекара отрядының құрамында минометші болды.1946 жылдың  қазан айында елге оралды. Зейнеткерлікке шықанға дейін Балқаш  ауданы, Балатопар ауылында еңбек еткен. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

 



Рахымов Әбдіхан – Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1926 жылы туған. Әскерге 1944 жылы шақырылды.№447 атқыштар полкінің құрамында қатардағы жауынгер болып майданға қатысты.
1947 жылы елге оралды. Бірнеше жауынгерлік медальдарымен марапатталған.




Сабитов Баймолда – Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1926 жылы туған. 1943-1944 жылдары армия қатарында болды. Соғыстың қызған ортасында жүрді. Соғыстан аман келіп, еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.



Исабайұлы Өксікбай – Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1926 жылы   4 желтоқсанда Жиделі ауылында туған. 1944-1950 жылдары  әскер қатарына болған. ҰОС қатысқан. «Екінші дәрежелі» ҰОС орденінің «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік  еңбегі үшін», 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы еңбегі үшін, «Берлинді алғаны үшін»  т.б. 8 медаль иегері. 1956-1957ж.ж. Балқаш ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі, совхоз партия комитетінің хатшысы, 1982 -1990 ж.ж.  аудандық қамсыздандыру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Совет, партия органдарында 25 жыл қызмет атқарған.1990 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін аудандық шаруа  қожалығын басқарды. Аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры болған. Он бес жыл бойы аудандық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы ретінде екі рет Парламент, екі рет Республика  президентінің сайлауын өткізді. Соңғы 12 жыл аудандық ақсақалдар  алқасының төрағасы жұмысын атқарды. Ауданның құрметті азаматы.



Исақов Аманжол - Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1924 жылы Қарағанды облысында туған.Әскерге 1942 жылы шақырылған.
№112 атқыштар полкінің құрамында Мәскеу қаласы түбінде шайқасты, Ржев қаласын азат етуге қатынасты. І –дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Достижение» балық колхозында бригадир, «Сары көмей» ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты.



Саржанов Сағидолла - Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1922 жылы туған.Әскер қатарына 1942 жылдың мамыр айында шақырылған.
1944  жылдың қараша  айында басынан ауыр жарақаттанып, елге оралған. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.



Тойлыбаев Оратай - Ұлы Отан  Соғысының ардагері.

1924 жылы туған.
Әскер қатарына 1942 жылы мамыр айында шақырылды. Белоруссияны азат етудегі ұрысқа қатынасты. Жараланып, елге 1944 жылы оралды. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталды. Колхозда, сонан кейін совхозда бас есепші болып, осы қызметтен зейнеткерлікке шықты.



Нұрманбетов Нүсіпжан Нұрманбетұлы

1938 жылы Жамбыл ауданында туған.
1961 жылы қазақ  мемлекеттік ауылшаруашылық институтын аграном  факультетін бітірген. Ғалым-аграном. Еңбек жолын Балқаш ауданының «Жиделі» совхозында  бас агроном болып бастаған. Желтораңғы», «Ақкөл»  совхозындарында партия комитетінің хатшысы, КСРО-ның 60 жылдығы атындағы совхозда директор болған. 1974-1980 жылдары Балқаш аудандық атқару  комитетінің төрағасы, 1980-1986 жылдары Күрті аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. 1996 жылдан ҚР парламенті Сенатының депутаты. Осы қызметте жүріп мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына терең білімі мен мол өмірлік тәжірибесін жұмсап, айрықша үлесін қосып жүр. Алматы обылысының «Еңбек қызыл ту», «Парасат» орденімен марапатталған. Балқаш ауданының Құрметті азаматы.




Егеубаев Омарбай – Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1913 жылы туған. Әскер қатарында 1942-1944 жылдары болды. Украина майданында шайқасып, бір қолынан жараланған. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Елге оралғаннан кейін малшы болып зейнеткерлікке шыққан.




Дәрібаев Шаймерден -  Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1925 жылы туған. Әскерге 1943 жылы шақырылды. Сол жылы ауыр жараланып  және науқасына байланысты қайтарылды. Бірнеше медальдармен марапатталды. Соғыстан соң ауыл шаруашылығында әртүрлі жұмыстар атқарды.

 



Айтымбетов Тәңірберген – Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1924 жылы туған. 1942 жылдың қыркүйек айына майданға аттанып,  172 полк құрамында Мәскеуді қорғауға қатысты. Ленинград майданында шайқасты. Бірнеше жауынгерлік медальдармен мараптталған.


Қосдәулетов Әбдиса - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1919 жылы туған.
Әскерге 1942 жылы шақырылып, Ккалинин майданында шайқастарға қатысты. Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапаталған.Соғыстан кейін әртүрлі жұмыстар істеді.


Өмірзақов Бап –  Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1918-2006 жылы Қарой ауылында туған. Қарой совхозында ферма меңгерушісі, колхоз председателі қызметтерін атқарған. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаталған, «Балқаш ауданының құрметті азаматы» атағын алған.

Бексұлтанов Аязбай -  Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1923-2003 жылы Қарой ауылында туған. 1946 жылдан 1963 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған, мектеп директоры болған. І дәрежелі «Ұлы отан соғысы» ордені, «1941-1945 ҰОС Германияны жеңген үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Совет одағының маршалы «Г.К.Жуков» медальдар және «Мәдени ағарту ісінің  үздігі» наградаларының бірнеше мәрте иегері. 1961-1963 жылдарда жалпы педаготық еңбек өтілі 43 жыл, оның ішінде 1961-1964 жылдарда  мектеп директоры болған.

1)     Орден «Отечественной  Войны 1-степени» Указом президента ВС СССР от 11.03.1985 г. Орден №198241 уд.№ В 420328
2)     Медаль «За победу над Гарманией в Великой Отчественной Войне 1941-1945г» Указом президента ВС СССР от 09.05.1945г  №В 0234100
3)     Юбилейный медаль «За доблестный труд» в ознаменование 100 –летия со дня рождения В.И. Ленина
4)     Кеңес одағының маршалы Г.Г.К. Жуков  медалімен
Отличник просвещение СССР»  уд №28241 решение №111-163 от 23.04.1985г

 



Асанов Зекей - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1925 жылы туған. Әскерге 1944  жылы шақырылды. Белоруссия майданына қатысты. ІІ-дәрежелі «Отан қорғаушысы» орденімен, бірнеше медальдармен марапаталған. Елге 1949 жылы оралып, ауыл шаруашылығында әртүрлі жұмыстар істеді.



Бейсбеков Әлім - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1922 жылы туған.1942-1946 жыл аралығында №239 артиллерия полкінің зеңбірек командирі болды. 1943 жылдың 24 қазанда Калининск қаласында жараланды. Ерлігі үшін үшінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапаталған. Елге 1946 жылы оралды. Ауыл шаруашылығында әртүрлі қызметтер атқарды.


Әбішев Әбдіразақ – Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1924 жылы туған. 1943 жылы әскерге шақырылып, Мәскеу түбіндегі  майданда артиллерия полкі құрамында шайқасқан.
1945 жылы Жапан соғысына қатысты. Бірқатар жауынгерлік медальдарымен марапатталған.
Елге 1947 жылы оралып әртүрлі жұмыстар істеді.



Рысқұлов Көбей - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1910 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көкөзек ауылында  дүниеге келген  1935 жылы Тілеуқұлова Ұлшаға үйленген. 1930 жылдан  колхоз қойын баққан. 1941 жылы ұлы отан соғысына барған. 1946 жылы соғыстан қайтқан, соғысқа кеткенде колхоз қойын әйелі Ұлша баққан. Соғыс кезінде 2-рет жараланған. Соғыстан келген соң Көкжидеге Бақанастан жаяу почта тасыған. 1950 жылдары қайта қой баққан. 1955 жылы Қоқышбай фермасына ауысып, 1970 жылға дейін қой бақты. 100 қойға - 117 қозы алған жылдары болды. «Құрмет белгісі» ордені және медальдары бар. Обылыстық Советтің депутатты болды. 1 қыз, 7 ұл тәрбиелеп өсірді. 1984 жылы дүниеден өтті.



Аяпбергенов Құлпыбай – Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1912 жылы Балқаш ауданының Құйған ауылында дүниеге келген. Әкеден 5 жасында жетім қалып, Кеңес Үкіметі орналасқанда еңбекке ерте арласқан. Ең бірінші артель одан колхоз құруға қатысқандардың бірі. 9 ауыл  Ерікті колхозында  егіс бригадирі, ферма  меңгерушісі қызметтерін атқарған. Кейін Ленин, Ерікті колхозы қосылып, бір колхоз болғанда  ферма меңгерушісі болып еңбек еткен.  Құйған совхозы болып құрылғанда шаруашылықтың әр саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.
1941-1945 ұлы отан соғысна  қатысқан соғыс ардагері. 1991 жылы қайтыс  болған  ұлы отан соғысындағы ерліктері үшін көптеген медальдармен марапатталған.


Қамаубаев Сейсенбай - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

1915 жылы Балқаш ауданының Жиделі ауылында дүниеге келген. Соғысқа  дейін  де Құйған  ауылдық кеңесіне қарасты колхоз, совхоздарда еңбек еткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мекемесінде жұмыс істеген. Елге қадірлі, құрметті азамат болған. Кеңес Үкіметті орнағанда  еңбеке ерте арласқан. Ең бірінші артель одан кейін колхоз құруға белсене қатысқандардың бірі. Колхоз құрылғанда «Когонович» колхозының  председателі  болған.
1941-1945 жылдары ұлы отан соғысына  қатысқан соғыс ардагері,1945-1954 жылдар аралығында 11 ауылдық советінің торағасы болған. 1955-1962 жылдар аралығында «Құйған» совхозының  ауыл шаруашылығында әр түрлі қызметтер атқарған. 1962-1975 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мекемесінде әр түрлі қызметтер  атқарған. 1975 жылы зейнеткерлікке шыққан. Отбасында 9 бала тәрбиелеген.




Ормышев Иманқұл Орымбетұлы - Ұлы Отан Соғысының ардагері.

18 сәуірдің 1918 жылы Көкжиде ауылында туған.
1938-1939ж аудандық  ЗАГС меңгерушісі, 1939-1940ж.ж аудандық «Ленин туы» газетінің әдебиет қызметкері, 1940-1946ж.ж Ұ.О.С қатысқан, 1946-1952ж.ж. аупаркомда нұсқаушы, 1952-1954 ж.ж. аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы, 1954-1958ж.ж. жоғарғы партия мектебін бітірген. 1958-1960ж.ж. райпланның бастығы, 1960-1965ж.ж. аудандық  партия комитетінің ұйымдастыру  бөлімінің меңгерушісі, 1968-1970ж.ж. аудандық ондатр шаруашылығы мекемесінің директоры, 1970-1971ж.ж. ПМК-5 жоспарлау  бөлімінің меңгерушісі, 1971-1986ж.ж. ауыл шаруашылық өнімдер сатыпалу сапасын тексеру инспекциясының бас инспекторы, 1986-1989ж.ж. аудандық коммуналдық комбинатының мастер.


Тілеубайұлы Юсуп – Ұлы Отан Соғысы және еңбек ардагері.


Балқаш ауданының  құрметті азаматы. 1924жыл 15 шілдеде «Молотов» атындағы колхоз, қазіргі  Бояулы ауылында туған.
1941-1945 ж.ж. ҰОС қатысып, соғыста көрсеткен ерлігі үшін 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және «Варшава қаласын жаудан босату, «Берлин қаласын алу», «Жеңіс» орденімен  және 11 медльмен марапатталған. 1946-1957ж.ж ауданның Молотов атындағы колхозда бас есепші, №3 фермасының меңгерушісі қызметін  атқарған.



Тойлыбаев Оралтай - Ұлы отан соғысының және еңбек ардагері


1921 жылдың 15 мамырында дүниеге келген,
1942 жылдың мамыр айында майданға аттанды. 1943 жылы қырғын соғыстардың бірінде ауыр жараланып, елге ІІІ топтағы мүгедек болып оралды. Балқаш ауданының құрметті азаматы.


Саржанов Сағаділда - Ұлы отан соғысының ардагері


1922 жылы Алматы обылысы,Балқаш ауданы,Сарыкөмей ауылдық кеңесіне қарасты Өзек елді мекенінде өмірге келген.
І  дәрежелі «Отан соғыс » орденімен, «Ерлігі үшін» т.б. көптеген медальдарымен марапатталған.




 

Рейтинг@Mail.ru