Өлкетану

БАЛҚАШ АУДАНЫ

Алматы облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Климат жағдайы өте континентті, топырағы сортаңдау, құмдауыт.

·  Аудан орталығы – Бақанас ауылы.
· Аумағы – 37,4 мың шаршы км.
· Халқы  - 30,9 мың адам.
· Селолық округтер саны – 15.
· Елді мекендер саны – 33.
· Халық тығыздығы – әр шаршы км-ге 0,8 адамнан.
· Аудан орталығынан Талдықорған қаласына дейінгі ара қашықтық – 320 км.
· Негізгі жол торабы – 544 км.
· Маңызды салалары – мал шаруашылығы, балық шаруашылығы.
· Аудан Қазақстанда күріш өсіретін ең шеткі солтүстік аймақ.

1928 жылы 17 қаңтарында құрамында 21 ауданы бар Алмаиы округі құрылды. Жаңа аудандардың бірі Балқаш ауданы болды да, оның орталығы қазіргі Жиделі әкімшілігіне қарасты Байменай өзенінің жағасындағы атақты Ойшы байдың ауылында орналасты.

Аудан кеңсесі 1929 жылы наурызда қазіргі Көктал ауылында Дәркембайдың мектеп үйіне ауысты, 1930 жылы Ақкөлге көшіп келген. Бұл уақытта өңір тұрғындарын ашаршылық жайлай бастап, халықтың өкіметке наразылығы күшейіп тұрған кезең еді.

 

 

Рейтинг@Mail.ru