Өлкетану Әдебиет пен өнер тарландары

Әдебиет пен өнер тарландары

Әли Әпекұлы Ысқабай

1939 жылы 6 мамырда Алматы облысы Балқаш ауданындағы Құйған ауылында туған. Осы өңірдегі Бозжанов атындағы орта мектепті бітірген соң әуелі «Жиделі» совхозында еңбек жолын бастады. 1958 жылғы қантар айында Балқаш аудандық газетінің редакциясында әдеби қызметкерлік жұмысқа шақырылды. Содан бастап 45 жыл бойы баспасөз саласында істеп келді. Қаратал, Шелеке және Көксу аудандарының газеттерінде бас редактор, «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі,Талдықорған облыстық полиграфия өндірістік бірлестігінің бас директоры міндеттерін атқарды. Бұрыңғы Талдықорған облыстық «Жерұйық», бүгінгі таңдағы Алматы облыстық «Жетісу» газеттерінде редактордың орынбасары болып ширек ғасыр уақыт істеді. Журналистік еңбектері бағаланып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы атақтары берілді. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер  одағының лауреаты. «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Еңбекқор құмырсқа»,  «Бесік жыры»,  «Айдостың арғымағы»,  «777 жұмбақ»  және басқа кітаптарына енген туындылары сан алуан тақырыптардан, жұмбақтар және жаңылпаштардан тұрады.

 

 


Бек Тоғысбаев

10.02.1936 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келді. Жазушы, драматург, ҚазМУ-ды 1957жылы, Мәскеудегі жоғарғы сценаристер курсын 1964 жылы бітірген. 1957-85жж. Алматы облысы «Коммунизм таңы» (қазіргі «Жетісу») газетінде әдеби қызметкер, казіргі «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Парасат» журналында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Мәдениет министрлігінде басқарма бастығы, Қазақстан киногерлер одағында түрлі қызметтер атқарған. Б.Тоғысбаев туындылары баспасөз беттерінде 1956 жылдан бастап жариялана бастаған.  «Жаңбырлы күз» (1960), «Алдыңғы толқын» (1967), «Асыл адам айнымас» (1973), «Намыс» (1982), «Шалғайда» (1986), «Тарихтың ашылмаған беттері» (2001), «Бұрын және бүгін» (2003), «Әкеден ұл туса» (2004) т.б. кітаптары және «Шәкерім қажының пьесалар жинағы жарық көрген. Шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған, «Ақын Сара», «Алтыннан ардақты», «Намыс», «Түнгі от» атты пьесалары сахналанған. Бірнеше медальдармен марапатталған. Халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығының иегері.

 


Нұрсапа Мәмекеұлы Аманжолов

1933 жылы Қорғас ауданы,Үлкен Мазарда  (ежелгі Алмалық қаласы) дүниеге келген. Үрімжі қаласындағы Шыңжаң Ұлттар институтының ұйғыр тіл әдебиет факультетін бітірген. Балқаш ауданындағы Қуйбышев, Балатопар орта мектептерінде мұғалім, кейін аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінде жауапты қызметкер қызметін атқарған. «Дала жазы», «Күнекей қыз», «Дария шалқар», «Іле  иірімдері», «Керуен өмір көшеді» атты жыр жинақтарының авторы. Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі. Балқаш ауданының «Құрметті азаматы».

 


Анипин Айюб

1937 жылы Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. Алматы Зоовет.институтын 1964 жылы бітірген. Мамандығы Зооинженер-экономист.  1964-69 жж. Балқаш аудандық ферма меңгерушісі, аудандық ауыл шаруашылық басқармасында бас маман, аудандық ауылшаруашылық өнімдерін дайындау және сапасын тексеру жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бас инспекторы, мал асылдандыру мекемесінің бастығы. Аудандық атқару комитеті мен аудандық әкімшілігінің экономика бөлімінің жауапты қызметкері. 1998 жылдан зейнеткер. Өлеңдері әрдайым «Балқаш өңірі» аудандық газетіне басылып тұрады. Өлеңдері «Ескенде тау самалы», «Бақанасым тұрағым», «Ару Іле», «Ақдала-жасыл бағым», «Шаштараз қыз», «Мейірбике –медбике».

 


 

Мұсахан Әдіханұлы

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы селолық округіне қарасты Ақтоғай елді мекенде 1954 жылы 20 наурызда дүниеге келген.  1971 жылы Қарағаш орта мектебін бітірген. 1972-1974 жылдары ГДР де әскери Отан қорғау міндетін атқарған. 1984 жылы оқуға түсіп,1990 жылы бұрынғы Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 2000-2003 жылдары Қарағаш ауылындағы Қарағаш ауылындағы Қарағаш орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 2009-2013 жылдары Балқаш аудандық «Балқаш өңірі» газетінде тілші қызметін атқарған. Сатирик ақын Мұсахан Әбдіханұлы социализм мен капитализмді көзімен көріп,басынан өткеріп келеді. Шығармашылығының көпшілігі өткен дәуірдің келеңсіз қылықтарын әшкерелеуге бағытталған.


Сүлейменов Кеңесбай

19 қырқүйек 1938 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы,  Көктал ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қарой ауылындағы Үлгілі орта мектебін бітірді. 1958-1961 жылдар аралығында Комсомолдық жолдама бойынша мал  бағып, бақташы болып жұмыс жасады. 1961 жылы Абай атындағы Пединститутқа түсіп, оны 1967 жылы бітірген. 1961-1964 жылдар аралығында Көктал кеңшарында  бухгалтерлік жұмыс атқарды. 1964 жылы мамандығы бойынша  осындағы орта мектепке жұмысқа ауысады. Мектепте мұғалім, интернат меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін  атқарды.  1976 жылдаң бастап, 1988 жылға дейін  Көктал, Бірлік, Аккөл селолық советтерінде хатшы, төраға қызметтерінде болды. 1988 жылдан 2001 жылға дейін  мұғалім, мектеп директоры, директордың орынбасары қызметтерінде зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен айналысты. 2004 жылы “Бәйшегір-Жиенбет шежіресі”, 2008 жылы “Сүндетбай болыс” кітаптары жарық көрді. 2009 жылы «Балқаш ауданының құрметті азаматы» атағын иеленді.  «Нұр Отан » партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың сайлауларында бірнеше мәрте сенімді уәкілі. Қазіргі уақытта Көктал селолық округі Ақсақалдар алқасының  төрағасы.  2014 жылы құрылған  «Сүндетбай болыс»  қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғамдық жұмыс атқарып жүр. Қоғамдық мәдени, әлеуметтік жұмыстарға белсене араласады. Отбасында жұбайы  Өрік Арыстанбековамен 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.


Манап  Ботанұлы Тубекбаев

Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетін, 1969 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механика факультетін бітірген.   1978 жылы Алматы халық шаруашылық институтының және 2001 жылы Абай атындағы мемлекеттік университеттің аспирантураларын тәмамдаған.   2000 жылы Ресейдің Ленинград облысы, Тихвин қаласындағы Нарықты оқытудың халықаралық орталық курсын бітірген. Балқаш ауданында мұғалім, оқу бөлімінің инспекторы, ауылшаруашылық басқармасының аға инженері, аупартком нұсқаушысы, «Балқашзаводстрой» тресінің инженері және оның №3 автобаза бастығының орынбасары, аудандық тұтынушылар қоғамы автобазасының бастығы, Алматы суғармалы жерлерді игеру басқармасының бас инженері, «Казсельхозтехника» аудандық бірлестігінің бастығы, «Балқаш еңбеккері» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Ғалым, педагог, инженер-механик, экономист, философ, ақын, журналист.

 

 


 

 

 

 

Рейтинг@Mail.ru