ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 967
Статьи : 332
Просмотры материалов : 192484
Қазір сайтта
Сейчас 19 гостей онлайн
Жаңалықтар «Ұлтының ұлы ұстазы»

«Ұлтының ұлы ұстазы»

12 қаңтар-Халқымыздың біртуар перзенті Д.А.Қонаевтың туған күні. Ол өз ұлтына ұл ғана емес-ұлағат болған, дана бабаларымыздың дара қасиеттерін бойына сіңіре білген, халқының қадірлісі, ой түзер тұлғасы - Димекең 106 жасқа толады. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 11.01.2018 жылы «Ұлтының ұлы ұстазы» атты әдеби-тарихи кеш өткізілді.

Кешке «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.С.Садықбаев, ауданның құрметті азаматы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері З.Демеуқұлова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Суанбаева, аудан ақыны Ж.Демеуқұлов, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Рақышев, еңбек ардагері, дәрігер І.Көжекбаев, аграрлы-индустриалдық колледждің студенттері, кітапханашысы Қ.Берсүгірова, №1 Бақанас орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері қатысты. Кеш шымылдығы арнайы ұйымдастырылған «Заманның заңғар тұлғасы» атты слайд-шолумен ашылып, ұлы тұлғаның өмірбаяны мен еңбектері туралы тарихтан сыр шертетін деректер баяндалды. Кештің құрметті қонақтары естеліктерімен бөліссе, мектеп оқушыларының жатқа мәнерлеп орындауларында Д.Қонаевқа арналған өлең-жырлар оқылды.Сергіту сәтінде сұрақ-жауап ойыны жүргізіліп, қатысушылардың білім көкжиегі артты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудандық «Саз» мектебінің шәкірттерінің орындауларында ұлы тұлғаның сүйіп тыңдайтын әсем әндері шырқалып, күміс күйлер тартылды.


 

 

 

 

Рейтинг@Mail.ru