Жобалар мен бағдарламалар «Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясы. Дулат Бабатайұлы 2016 жыл

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеуде, оқырманды әдеби- көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығын насихаттау барысында «Дулат дәстүрі және зар заман поэзиясы» атты әдеби тарихи кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Кештің мақсаты: Бір ел – бір кітап акциясының биылғы жылғы кітабы Дулат Бабатайұлы жайлы ақпарат беру, жастарды кітап оқуға шақыру. Кеш шымылдығын аудандық мәдениет үйінің қызметкері Құралай Оразбекованың орындауында әсем күймен ашылып кеш жүргізушілері Дулат қазақ өлеңінің құдіретін мазмұн, құбылыс, бейнелік жағынан байытып, жаңаша мағына бергізген ақын ретінде ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында елеулі із қалдырғандығы туралы айтып өтсе, №1 мектептің оқушылары Дулат Бабатайұлының жырларынан әдеби монтаж ұсынып, ауданымыздың белгілі ақыны Жеңіс Жұмағалиұлы өз арнау-жырын арнады.

 

Рейтинг@Mail.ru