ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 967
Статьи : 332
Просмотры материалов : 192494
Қазір сайтта
Сейчас 22 гостей онлайн

Бөлімдер

Бөлімдер

  • Әдістемелік  бөлім
  • Оқырмандарға қызымет көрсету бөлімі
  • Оқу залы бөлімі
  • Ақпараттық – библиографиялық бөлім
  • Кітап қорын сақтау бөлімі
  • Балалар бөлімі

Бүгінгі уақытқа дейін аудандық кітапхананың кітап қоры 138859 дананы құрайды. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін – интернет ресурстарды, энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалар коллекцияларын, балалар әдебиеті мен көркем әдебиеттері  өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.

Біздің аудандық  кітапханада  күн  сайын жаңалыққа толы сәттер ол мерзімді басылымдар газет, журналдар. Осы мерзімді басылымдарды  оқырмандарға  насихаттап  жеткізу үшін Оқу залы бөлімінде «Мерзімді басылымдар» атты ашық  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда мерзімді ақпараттарға деген оқырмандардың  сұраныстары күнен – күнге артып келеді.

Біздің кітап қорын толықтыратын  қордың екінші  түрі  мерзімді басылымдар болып саналады .Мерзімді басылымдарды  кітап қоры секілді  есеп кітапшаға тіркеу, санау, түптеу, түгендеу жұмыстары атқарылады. Мерзімді басылымдардан  «Өлке тану » картотекасын жасау. Кортотека  білім саласы бойынша  қойылып, күнделікті мерзімді ақпараттармен толықтырылып  тұрады.

Бүгінгі таңда кітап  қоры 138859

Оқырман саны - 13181

Кітап берілімі – 159609

Келушілер саны – 56513

Кітапханалар:

1. Аудандық кітапхана

2. Ақдала ауылдық кітапхана

3. Ақкөл ауылдық кітапхана

4. Ақжар ауылдық кітапхана

5. Бақбақты ауылдық кітапхана

6. Береке ауылдық кітапхана

7. Бірлік ауылдық кітапхана

8. Балатопар ауылдық кітапхана

9. Желтораңғы  ауылдық кітапхана

10. Жиделі ауылдық кітапхана

11. Көктал ауылдық кітапхана

12. Қарой ауылдық кітапхана

13. Құйған ауылдық кітапхана

14. Топар ауылдық кітапхана

15. Миялы ауылдық кітапхана

 

 


 

Кітап қорын сақтау бөлімі

Кітапхана – оқырман мен  кітап арасындығы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін,ұлттық құндылықтармен арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Халқымыз  ғасырлар бойы  білімді ерекше қадірлеп өзінің алдына мақсат етіп қойған.Сонымен қатар,кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған.

«Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге » - деп Абай бабамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап рухани азық.

Кітапхана  қабырғасына келіп,кітап бұлағынан сусындайтын тәуелсіз мемлекетіміздің оқырмандарына аудан кітапханашылары қызмет көрсетуде.

Уақыт толқынында адамзаттың тұрмысына қарай жаңарып,санасына қарай кемелденіп келген кітапхана келбеті қазір мүлде басқа бағытта өзгерді. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі заман ағымымен қатар дамып,бәйтеректей жапырағын жайып келеді.

Жаңа экономикалық жағдайларға бейімделе отырып,оқырмандарға сапалы,жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету мақсатында алдыңғы озық технологияларды өз жұмыстарымызға жан-жақты енгізуге бағытталған кітап қорын сақтау жүйесінің жаңа бағыттарына сәйкес келіп отыр.

Қазақстан тарихы,географиясы,өнеркәсібі,экономикасы,мәдениеті т.б.саладағы жетістіктер бойынша қазақ тіліндегі өлкетануға байланысты әдебиеттерді сақтап және толықтырып отыру басым бағыттардың бірі.

2015 жылы  облыстық   С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша -6525 дана кітап келіп түсті,оның ішінде қазақ тілінде - 5990 дана, сомасы 9 564 300теңге, 32 газет, 19 журнал 200 000теңге  сомаға мерзімді басылымдармен толықтырылуда, оқырмандардың сұраныстары қанағаттандырылуда. Қазақ тілінде 137 дана, соммасы 159 000 теңгеге мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен сыйға тартылды.

Кітапханашылар кітап қорының дұрыс сақталынып, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуі үшін   жыртылған кітаптарды жөндеуден (желімдеу) өткізіп отырады.

1. Кітаптарды түрлі аурулардан сақтап,әрдайым қадағалап отыру.Бүлінген кітаптардың дер кезінде кемшіліктерін анықтап,өндеуден өткізу.

2. Адам денсаулығына әсер ететін зиянды заттардан алдын алу.Мысалы алатын болсақ,бір ғана кітап шаңы адам денсаулығы  үшін зиянды болмақ.

Жаңа технологиялардың дамыған кезеңі бүгінгі жұмыстың ең қолайлы қайнар көзі.Бұл орайға келгенде «Кітапхана процестерін автоматтандыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Кітапханадағы асыл мұраларымызды сақтаудағы әрі кітапхана қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетудегі жаңа бағыттарының  бірі  деп КАБИС бағдарламасын айтуға болады.Кітап сақтау бөлімінде КАБИС «Катологизатор»  модулі  ақпаратты жүйеге енгізуге арналған жалпы катологизатор жүйесі кітапханаға түскен құжаттарды (жаңа түскен әдебиеттер,мерзімді басылымдар)  толық библиографиялық өндеуге негізделіп жасалған.

КАБИС  «Ізденіс» модулі – дәстүрлі кітапханалық  каталогқа қарағанда электронды каталог кітаптарды іздеуде және топтауда едәуір ыңғайлы мүмкіншіліктер береді және кітапхананың түрлі қызметтерін (мысалы,жаңа түсілімдердің мәтіндік тізімін құрастыру) автоматтандыруға келтіреді.Ізденістің ойдағыдай жасалуы оның дұрыстығынан және каталогта сақталған сипаттаманың толықтығына байланысты.

Бұл жүйе  кітаптың электрондық  каталогтар түріндегі жиынтығын көрсетеді.

Елбасы  «Ғасырдан – ғасырға жеткен асыл ой қазынасын,көздің қарашығындай сақтаушыларымыз - кітапханашылар» деп, айтып өткеніндей, даналықтың ғимараты – кітапханаға келіп, білімдеріңізді молайтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыздар демекпін. Кітапханашылар сіздерге әрдайым талапқа сай қызмет жасауға дайын!


Кітап қорын сақтау және өндеу бөлімінің кітапханашысы  Камитова Айгүл Игібайқызы

 

 


 

Оқырманға қызмет көрсету бөлімі

Өзіндік ерекшеліктеріне қарай  кітапхана құрылымының негізгі қызметі оқу үрдісін әдебиеттермен қамтамасыз етіп, оқырмандарға сапалы да, жылдам қызмет көрсету болып табылады.

Пайдаланушыларға қосалқы және арнайы қоры арқылы отандық кітап, журналдар, шетел әдебиеттері, экономикалық, педогогикалық, психологиялық және құқықтық әдебиеттер мен құжаттардың арнайы түрлерімен қызмет көрсетеді.

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқырманға қызмет көрсету бөлімінде екі кітапханашы қызмет істейді.

Аксакалова Ботагөз Аманбайқызы

Тлеубаева Дания Қонысбаевна

 

Оқырман саны:     835

Келушілер саны:  2323

Кітап берілімі:   11770

 

Толассыз ағылып жатқан ақпараттар тасқынын дер кезінде оқырмандарға жеткізіп, сұранысын қанағаттандыратын, мәдени шаралар өткізу арқылы адамның рухани дүниесін байытатын орын. Мұнда оқырмандарды көптеп тарту мақсатында түрлі мәдени іс – шаралар атқарылуда.

«Универсиада -2017» аясында өткізілген шара

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқырмаға қызмет көрсету бөлімінде «Универсиада -2017» аясында «Спорт – денсаулық кепілі» атты әңгіме – сұқбат өткізілді. Әңгіме – сұқбат  спорт мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты:Спорт адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған.


 

 


Жамбыл Жабаевтың -170 жылдығына орай өткізілген шара

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен жыр алыбы, айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай «Ғибратты сөздің ғұламасы» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

 

Кештің мақсаты Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалауға ұғындыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.


 

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өткен шара

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының  ұйымдастыруымен 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай  «Аналар отбасының шұғыласы» атты кездесу кеші өткізілді.Кештің мақсаты:Ана-өмірдің шуағыАна-өмір гүлі,анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.Ананы құрметтеу,сыйлай білуге,анасын сүю арқылы еліне,жырына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,адамгершілікке,ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.


 

Тәуелсіздіктің 25 – жылдығына орай өткізілген шара

Оқырманға  қызмет көрсету бөлімінде тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – алты алаштың арманы, әуеледі азаттықтың мәңгі әні» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

 

Кештің мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, тәуелсіздік сөзінің мағынасын ұғындыру, ҚР –ың Конституциясына шолу жасау, мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудағы президентіміздің таңдаған стратегиясы мен таныстыру.Жастардың өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ете отырып жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.


«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген шара

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеуде, оқырманды әдеби- көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының шығармашылығын насихаттау барысында «Дулат дәстүрі және зар заман поэзиясы» атты әдеби тарихи кеш ұйымдастырылып өткізілді. Кештің мақсаты: Бір ел – бір кітап акциясының биылғы жылғы кітабы Дулат Бабатайұлы жайлы ақпарат беру, жастарды кітап оқуға шақыру.


 

«Бұл кітап әлемі» атты кітап айлығы аясында  өткізілген шара

«Жақсыдан көңілім қалған жоқ,

Жаманға назар салғам жоқ.

Асықтай алтын сөз қалса,

 

Ақындарда арман жоқ» - деп жырлаған,тұла бойы тұнған өнер, таланты да табиғаты да бөлек, өнегеге тұнған өмірі, Балқаштың бір ұлы – ақын Нұрсапа Аманжолұлын халқы тағылымды туындылары үшін құрметтеп, есімін естен шығармай, ұмытпай ұлықтап , еске алуда. Осы орайда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Даламыздың дүлдүлі, өлең-жырдың бұлбұлы-Нұрсапа ақынның» «Үкілі үміт» атты кітабына веб- шолу өткізілді. Шараға ақынның інісі Д.Мәмекеұлы, ақынның «Ерлікке – ескерткіш» поэмасының кейіпкері, ауданның құрметті азаматы, батыр Б.Дәуренбеков, аудан ақыны Ж.Демеуқұлов, №1 Бақанас орта мектебінің ұлағатты ұстазы , Ы.Алтынсарин орденінің иегері Г.Шалтықова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Жебегенов  және оқушылар қатысты.


 

Әлихан Бөкейхановтың -150 жылдығына орай

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы мемлекеттік мекемесінің оқырманға қызмет көрсету бөлімінде  Қазақтың маңдайына біткен айтулы тұлға, ұлт көсемі, Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы  төрткүл түркі әлемінде тойланып жатыр. Осыған орай кітапханада «Алаштың Әлиханы» атты оқырмандар арасында библиографиялық дайджест дайындалып өткізілді.


 

Абонементті пайдалану ережесі:

  • Абонементте әдебиеттер үйге пайдалануға беріледі.
  • Оқырман сұраныс берерде билетін көрсетіп, өзі толтырған сұраныс қағазына немесе кітап формулярына қолын қояды.
  • Үйге пайдалануға берілген әдебиеттердің мерзімі шектеулі:
  • оқулықтар оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес бір семестрге немесе бір оқу жылына беріледі;
  • ғылыми әдебиеттер 2 аптаға беріледі және саны 3 данадан артық болмауы керек;
  • көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі және саны 2 данадан артық болмауы керек.
  • Оқырманның басқа сұранысы болмаса, қолына алған басылымдардың мерзімін создыруына болады.
  • Энциклопедия,  анықтамалар, диссертациялар, сирек кездесетін және құнды кітаптар тек оқу залына беріледі.   Қордағы жалғыз дана, не болмаса соңғы кітап үйге берілмейді.
  • Кітапты өткізгенде оқырманның сұраныс қағазы қайтырылып беріледі.

 

 


 

Кітапхана – қоғамның ақпарат жүрегі

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы «Әлеуметтік экономикалық  жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты  Жолдауында   қазақстандықтарды  ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әртүрлі ынталандыру бағдарламалар Жолдауды басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіп отыр.

Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыт – бағдардан   бастау  алған  білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың рухани талабын қанағаттандыруда «Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапхананың оқу залы бөлімі сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. Оқырман сұранысын тез қанағаттандыруда, кітапханашылар жұмысын тиімді ету, әрі тездетуде бұл бағдарламаның бір уақытта бірнеше параметр бойынша терең іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тақырып бойынша кітаптарды таңдауына , іріктеуіне , кітап көрмелерін ұйымдастыруда, көпшілік жұмыстарын әзірлеу , барысында тақырыпты тізімдерді, жаңа әдебиеттер тізімін шығарып алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заман талабына сай толассыз тасқындаған ақпараттар көшінен қалмай, оқу залы бөлімінде 3 компьютер іске қосылып, оқырмандар ғаламтор қызметін пайдалануына мүмкіндік жасалған. Кітапханалық қызмет түрін жүйелі  түрде автоматтандырып және «КАБИС »бағдарламасы іске қосылды.  Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау.

Оқу залында  энциклопедия сөздіктер анықтамалар  және мерзімді басылымдар  газет, журналдар мен кітап қоры толықтырылған. Кітапханада тұрақты кітап көрмелер, слайд, көпшілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі . Кітапханада әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқырмандармен түрлі тақырыпта дөңгелек стол, оқырмандар конференциясы, еске алу кештері және т.б. көпшілік іс- шаралар ұйымдастырылып жастардың оқуға деген ынтасын арттырады.

Осындай  бағыттағы шаралардың бірі  Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мерей тойы қарсаңында  Алаштың ардақтысы, ХХ – ғасыр саңлағы атанған атамыздың қарапайым кісілігін, кемеңгерлігін, тектілігін, көрегендік қасиеттерін, сыршылдығын кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, кеңінен таныту мақсатында  «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты еске алу кеші, «Дана халықтың, дара перзенті» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Оқу залында жыл сайынғы Президент Жолдауының терең мағынасын түсіне отырып,  ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды . Мұнда Елбасының еңбектерінен бастап «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы мен қатар әр жылы қабылданған Жолдаулары екі тілде жинақталып қойылған .

«Мәдени мұра бағдарламасы»  Елбасының тапсырмасымен жасалып, жүзеге асуда.

Оқу залында «Мәдени мұра асыл қазына» атты тұрақты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып қойылған. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті – қазақ халқының салт – дәстүрі, тарихи – мәдени мұрасын насихаттау арқылы балалар мен жас өспірімдердің санасында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған,

Өз әнімен қарсы алдырған, деп бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше  нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен Хантәңіріндей асқақ  тұлғамыз  ақын  Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына, өмір жолдарына арналған «Мәңгі өшпес  жырымен із қалдырған »  атты әдеби – сазды композициялық   кешті аудандық кітапханада  Бақанас орта мектептің 8-9-10 сынып оқушыларымен  өткізілді.

Кештің мақсаты:Мұқағали  Мақатаев қазақ поэзиясының  жарқ еткен жарық жұлдызындай, азғана өмірінің ішінде,өшпейтін өнер, өлмейтін сөз қалдырған ақынымыздың шығармаларын жас – ұрпаққа насихаттап жеткізу.

«Астана – еліміздің жүрегі, еркіндіктің тірегі» атты танымдық кеш 7-8 сынып оқушыларымен өткізілді .

Бүгінде  Елорда  төрінде әсем ғимараттарымен әлемді таң қалдырған  әсем Астана қаласына 15 жыл. Әлемдегі жас қалалардың санатындағы Елордамыз бүгіндекүннен   – күнге қанатын жайып келеді.

Астана – Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен  бой көтерген  жаңа ғасырдың сәулетті қаласы! Аз ғана жылдың  ішінде  Астана салу  оны бүкіл  әлемгеәйгілі   ету – Қазақстанның  жарқын болашаққа  сеніммен қарышты қадам жасап отырғанының көрнісі .

Бұл  – Тәуелсіздігіміздің  арқасында  алған асуымыз, шыққан шыңымыз. Кештің мақсаты : Жас – ұрпақты Елордамыз Астананың тарихымен таныстыру, Отанымызды сүюге, Астана  күллі қазақстандық үшін тәрбиелік маңызы зор, мәні мол  екенін әсәресе жастарға  елдік  рухта баулуға, оны қалыптастыруға  , туған жеріне, атамекеніне деген  сүйіспеншілігін  арттыруға тәрбиелеу .

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін алып келді . Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың  тәуелсіздігі. Тәуелсіздік күніне орай оқу залы бөлімінде «Ғасырлар тоғысқан –Тәуелсіз Қазақстан» атты  әдеби – сазды композициялық   кешті аудандық кітапханада  Бақанас орта мектептің 8-9-10 сынып оқушыларымен  өткізілді .

Кештің мақсаты :  Жас ұрпаққа қазақ халқының  сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен, халқымыздың біртуар ұлдары туралы шежіремен,деректерді насихаттау. Отансүйгіштікке, елжандылыққа  тәрбиелеу .

«Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл – ой әлеміне шарлатады » артық білім – кітапта екені көзі қарақты оқырманға белгілі. Ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында  өмір сүрсек те кітап қашанда адамның рухани азығы болып қалады .

Қазіргі уақытта тұрғылықты халық кітапхана қызметінің мүмкіндіктерін біліп, оны дұрыс пайдалана білгені маңызды . Сондықтан оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру кітапханалардың ақпараттық – технологиялық қызмет көрсету жүйесінің жақсы жолға қойылуы арқылы жүзеге асары сөзсіз .

Осы жеткен жетістігімізбен тоқталып қалмай, жыл сайын оқырмандарымызға, пайдаланушыларға қызмет көрсету аясын кеңейтіп, жаңа қызмет түрлерін енгізуде маркетинг қызметін пайдалана отырып, жоғары деңгейде жұмыс атқара береміз деген үмітіміз зор.

 

2013 жылғы оқу залының көрсеткіші :

Кітап қоры  - 1360

Оқырман саны  - 828

Кітап берілімі  - 11720

Келушілер саны – 2312

 

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапхананың

оқу залы бөлімінің ережесі

 

  • Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиеттер үйге берілмейді .
  • Шежірелер, энциклопедия, анықтамалар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.
  • Оқу залы – мұнда газет, журналдардың жаңа сандарын, сөздіктер мен энциклопедиялар абонементте жоқ болса (сол сәтте қолда болған жағдайда ) сүйікті жазушыларының кітаптарын оқиды. Оқу залында  кітап үйге берілмейді .
  • Оқырмандар әр жылдың басында кітапханаға қайта тіркелуге;
  • Кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауға;
  • Кітапхана қорынан алған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына,техникалық құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға;
  • Кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлімге үлкен сөмкелермен кірмеуге;
  • Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс .

 

 

Кітапхананың міндеттері;

 

  • Жан – жақты дамыған баланы тәрбиелеуге атсалысу .
  • Оқырмандарды ақпаратты және оқу мәдениетінің әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдану, кітапқа құштарлық, кітапхананы пайдалана білуге тәрбиелеу.
  • Жастарға, мектеп оқушыларына өз бетінше білім алуға жәрдемдесу .
  • Жүйелі түрде оқу дағдысын қалыптастыру, шығармашылықпен ой түйіндеуді, биік
  • мүдделері мен қабілетін арттыру.
  • Азаматтардың қызмет түріне қарай кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектесу.
  • Оқырмандардың ой - өрісін  кеңейтуге, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу.

 

 

 

 

 

 

 

Рейтинг@Mail.ru