ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 732
Статьи : 298
Просмотры материалов : 174299
Қазір сайтта
Сейчас 7 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік дәуірі»

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты шығармасының таныстырылымына орай 21.02.2018жылы «Тәуелсіздік дәуірі - жасампаздық шежіресі» атты кітап беташары өткізілді.

Подробнее...

 

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

Көктал ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 14.02.2018жылы ауылдық Мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын, өлкетану әдебиеттерін насихаттауда жергілікті ауыл ақыны Б.Балғыновтың «Өлеңім-менің өмірім» атты шығармасына кітап тұсаукесері өткізілді.

Подробнее...

 

«Ауған ақиқаты: ерлікке тағзым»

Ақпан айының 15-і күні КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 29 жыл толды. Майдан даласында жантәсілім еткен ерлерді ерлік пен елдік құрбандары деп ұғатын ұрпақтың сара жолымен аудандық кітапханада «Ауған ақиқаты: ерлікке тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Подробнее...

 

«Жыр жүйрігі – Мұқағали»

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты жыр мүшайра ұйымдастырылып өткізілді.

Подробнее...

 

«Аққудың қанатына жазылған жыр»

Көктал ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен 09.02.2018 жылы ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты жыр кеші өткізілді.

Подробнее...

 

«Жолдау негізі – көшбасшылық бағдары»

Ақкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын насихаттау барысында «Жолдау негізі – көшбасшылық бағдары» атты тақырыпта ашық сұхбат алаңы өткізілді.

Подробнее...

 

«Бейбіт күннің батыры - Б.Дәуренбеков»

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асырып, оны кеңінен насихаттау барысында 8.02.2018 жылы «Бейбіт күннің батыры-Б.Дәуренбеков» атты тақырыпта кездесу кеші өткізілді.

Подробнее...

 

«Хан тәңірінің мұзбалағы»

Ақкөл ауылдық кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Хантәңірінің мұзбалағы» атты тақырыпта әдеби кеш өтті.

Подробнее...

 

«Алаш аспанында қалықтаған әсем ән»

Әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі А.Қоразбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына орай Желтораңғы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1.02.2018 жылы «Алаш аспанында қалықтаған әсем ән» атты өнер кеші өтті.

Подробнее...

 

«Жырға қосам, Астанам!»

31.01.jpg - 15.31 KbБалқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жырға қосам, Астанам!» атты өлең байқауы 23.01.2018 жылы өткізілді.

Подробнее...

 

«Жемқорлық қоғам дерті»

Жас ұрпақтың, оқырмандардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, жемқорлықтың қоғамымызды алаңдатып отырған келеңсіз көрініс екенін ұғындырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 18.01.2018 жылы «Жемқорлық қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті.

Подробнее...

 

«Латын тілі-түркі халқының мұнарасы»

Береке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Латын тілі-түркі халқының мұнарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Рухани жаңғыруды сипаттау, жастардың бойында ұлттық патриотизмді ояту, туған жері мен халқына, ана тіліне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында өткен шараға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары қатысты.

Подробнее...

 

«Туған өлке тарихын тану-парыз»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау барысында Құйған ауылдық кітапханасында «Туған өлке тарихын тану-парыз» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Подробнее...

 

«Сыбайлас жемқорлық құрдымға батырады»

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Подробнее...

 

«Таңғажайып Қонаев»

14 1.jpg - 21.22 KbҚазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың туған күніне орай Жиделі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Таңғажайып Қонаев» атты әдеби кеш өткізілді.

Подробнее...

 

«Ұлы халықтың дана перзенті»

Балатопар ауылдық кітапханасында өлкетану әдебиеттерін насихаттау барысында ұлы тұлға Д.А.Қонаевтың 106 жылдығына орай 9.01.2018 жылы «Ұлы халықтың дана перзенті» тақырыбында тұлғатану кеші өткізілді. Кешке №2 Жамбыл орта мектебінің оқушылары, ұстаздар, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Подробнее...

 

«Ұлтының ұлы ұстазы»

12 қаңтар-Халқымыздың біртуар перзенті Д.А.Қонаевтың туған күні. Ол өз ұлтына ұл ғана емес-ұлағат болған, дана бабаларымыздың дара қасиеттерін бойына сіңіре білген, халқының қадірлісі, ой түзер тұлғасы - Димекең 106 жасқа толады. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 11.01.2018 жылы «Ұлтының ұлы ұстазы» атты әдеби-тарихи кеш өткізілді.

Подробнее...

 

«Армысың, алты алаштың ақсақалы!

Ел аузында Димаш атанып кеткен халқымыздың қастерлі ұлы, бүкіл әлемге қазақтың қасиетін танытқан, ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарып, оның экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне қыруар еңбек сіңірген ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «ХХ – шы ғасыр адамы» - деп танылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай Қарой ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 10.01.2018 жылы «Армысың, алты алаштың ақсақалы!» атты жыр - мүшайра өткізілді.

Подробнее...

 

«Мәңгілік елдің мақтанышы - Астана»

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала, оның өсіп-өркендеуі,сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Кешегі Ақмоланың Астана боп, еліміздің орталығына айналғанына биыл 20 жыл толғалы отыр.

Подробнее...

 

«Ұлы даланың ұлы кемеңгері»

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы тұлға Д.А.Қонаевтың туған күніне орай 04.01.2017 жылы Береке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы кемеңгері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесіне мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

 

 

«Балқаштың ақындары»

Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы мен Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы МКҚК қарасты Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 22.12.2017 жылы «Балқаштың ақындары» атты рухани, әдеби танымдық кеш өткізілді.

Подробнее...

 

«Ұлы Дала жастары тәуелсіздікті жырлайды»

Ақкөл ауылдық кітапханасында «Ұлы Дала жастары тәуелсіздікті жырлайды» атты тақырыпта жыр мүшайра өткізілді. Шараға жастар, оқушылар, жырсүйер оқырмандар қатысты.

Подробнее...

 

«Ұлтжанды ұрпақ Отан келешегі»

15.12 1.jpg - 30.79 KbҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15.12.2017 жылы «Ұлтжанды ұрпақ Отан келешегі» атты тақырыпта дебат өтті.

Подробнее...

 

«Ауылым – алтын бесігім»

Қарой ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қарой ауылынан шыққан ақын-жазушылар мен сазгерлерді насихаттау мақсатында мәдениет үйінде «Ауылым – алтын бесігім» атты әдеби-әуезді кеш ұйымдастырылды.

Подробнее...

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru