Қызығушылық клубтары

Клубтар

«Ата-аналармен жұмыс клубы»

Балалар бөлімінің клубы

Мақсаты:

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, оқу тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп және кітапхана арасындағы байланысты күшейту.

Міндеті:

- Клубтың маңызды міндеті- тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі екенін насихаттау.

- Отбасы- адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы екендігін жеткізу.

- Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- анасы. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты болатындығын түсіндіру.

 


 

 

«КІТАП –сенің ақылшы досың»

Клубтың мақсаты:

Жас жеткіншектердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру, кітап оқу арқылы ақыл, ой-сананы өсіріп, біліміңді арттыруға болатынын, жақсылыққа үйреніп, жаман әдеттен арылуға, жан-жақты өсіп қалыптасуға болатынын ұғындыру.

Клубтың міндеті:

Кітап – біздің ортақ игілігіміз, мәдени мұрамыз, халықымыздың баға жетпес байлығы. Оны біз көздің қарашығындай сақтауға, көптеп толықтыруға және болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Оқырмандардың сұраныстарын уақтылы қанағаттандыру.

1. Өз елінің салт-дәстүрін қадірлеу

2. Әдептілік нормаларын сақтау

3. Клуб мәжілістеріне тұрақты қатысу


 

 

Рейтинг@Mail.ru