Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255584
Қазір сайтта
Сейчас 13 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:

АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ

 


Әбілхан Қастеев

Әбілхан Қастеев  1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. Жаркент қаласында, кейіннен Түркісіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың  көркемсурет студиясында білім алады.

Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 жылы ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

1934-1936 жылдары  Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К. Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы  КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында  суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 жылы Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол  Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.

1967 жылы Әбілхан Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдік топтамасы үшін Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы беріледі.

Суретші  1973 жылы 2 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды.


Қадыр Әлімқұлов

Қадыр Әлімқұлов 1 қаңтар 1949 жылы Алматы облысы, Басши (қазіргі Шормақ батыр) ауылында туған. Журналист, қоғам қайраткері. ҚазМУ-ді бітіріп (1975), "Социалистік Қазақстан" газетіне тілші болып орналасқан. 1977-1979 жылдары "Білім және еңбек" журналында жауапты хатшы, 1979-1982 жылдары Қазақ теледидарында комментатор, 1982-1986 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі, 1986-1990 жылдары Алматы облысы партия комитетінің үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 1990 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызметте істеген. Қазір Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің жалпы бөлімінің редакциялық сараптама секторының меңгерушісі.

"Тағдыр көзіндегі тамшы" (1999), "Жан тұңғиығындағы жауһарлар" (2000), "Сартап сағынышым сағымданған" (2001) және "Тәуелсіздік" (2002) жыр жинақтары жарық көрген. Ақын М.Қайырбековпен бірігіп жазған "Сүзге сұлу" поэтикалық драмасы Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген республикалық жабық байқауда екінші жүлдеге ие болып, жеке кітап болып шыққан. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 


Мұратхан ЕГІНБАЕВ

Мұратхан Егінбаев 1939 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген.  Оқушы кезінде бір күй, төрт әннің авторы атанған Мұратхан Егінбаевқа сазгерлік өнер ана сүтімен дарыған. Әндерін домбырамен шығарады. Мамандығы – сәулетші. Қазір зейнеткер, Талдықорған қаласында тұрады. Композитор осы күнге дейін 200-ден астам әндер шығарған. «Сағыныш сазы», «Дүние», «Жамбыл ата», «Туған елім, туған жерім», «Жетісу мен Көкшедей», «Домбыра», «Абайым», «Бір кездестім» атты әндері ел арасына кеңінен тарап, Қазақ радиосының «Алтын қорына» жазылды. Композитордың әндерін Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, Дәлел Уашев, Рамазан Стамғазиев, Мақпал Жүнісова, Махмұт Тойкенов, Майра Нүркенова, Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтер орындайды.

 


Заманбек Нұрқаділов

Заманбек Қалабайұлы  1944 жылдың 15 қаңтарында Алматы облысының Кеген ауылында өмірге келген.  1961 жылы Қазақ Политехникалық институтына түскен қайраткер оқуын бітірген соң 20 жыл құрылыс саласында жұмыс істейді. «Қазселденқорғау», «Алматыбасқұрылыс» сынды мекемелерді басқарған азаматтың үлкен саясатқа араласа бастаған уақыты 1985 жыл. Осы кезде Заманбек Қалабайұлы Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады.  1990 жылы Жоғарғы Кеңес депутаты болады. 2 жылдан соң Алматы қаласының тізгіні қайта Нұрқаділов қолына тиеді. 1997-2001 жылдар аралығында Алматы облысын басқарды.   Ал, 2005 жылдың 12 қарашасында қайтыс болады.


Ысқабаев Әли Әпекұлы

Ысқабаев Әли Әпекұлы 1939 жылы 5 мамырда Балқаш ауданында, Құйған ауылында туылған. Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңірген Мәдениет қайраткері. 1966 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Балқаш, Шелек, Қаратал, Көксу аудандарының газеттерінің редакторы болды. 1974-92 жылдары Талдықорған облыстық "Жерұйық" газеті редакторының орынбасары. 1992-2000 жылдары Талдықорған облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бас директоры. 2000 жылдан облыстық "Жетісу" газетінде. Оның балаларға арналған "Менің інім" (1961), "Солдат ағаға хат" (1979), "Еңбекқор құмырсқа" (1988), "777 жұмбақ" (1994), "Бесік жыры" (1996) атты өлендер жинағы, "Тайқасқа" (1992) атты повестері мен әңгімелер кітабы және бірнеше очерктер жинағы жарық көрген.


Нағима Қабылқызы Есқалиева

Нағима ақпанның 3 жұлдызында 1954 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген. Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды да, 1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі. 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайдыХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды. 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды. 1973 ж. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, 1977 ж. Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1977-78 ж. 267 "Қазақконцерт" жанындағы музыка ансамбльдер бірлестігінің, 1978-85 ж. "Гүлдер" ансамблінің әншісі болған. Нағима Қабылқызы Есқалиева 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. 1985 жылдан Алматы облыс филормониясының эстрадалық труппасының жетекшісі. Халықаралық эстрада өңдерінің "Алтын Орфей" конкурсының (1984) лауреаты. Қазақстанның халық артисі.

 

Айманов Шәкен Кенжетайұлы

Қазақтың әйгілі актері, режиссер. КСРО-ның халық артісі. Туып өскен жері 1964 жылы 15 ақпанда  Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.Ауыл мектебін бітіріп, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

 

Гүлжан Ұсанбекқызы Түткебаева

Гүлжан Ұсанбекқызы Түткебаева балерина, Қазақстанның халық артисі.1964 жылы 15 наурызда Алматыда туған. Мәскеудің академия хорегорафия училищесін (П.А. Каленченко және профессор Р.С. Петерсоннан), Алматы театр және кино институтын (профессор З.Райбаевтың жетекшілігімен) бітірді. 1982 жылдан Қазақ академия опера және балет театры құрамында жетекші балерина ретінде қызмет етіп, Қарагөз (Ғ.Жүбанованың осы аттас балетінде), Қалыңдық (С.Еркімбековтің "Мәңгі отында"), Қалыңдық, Шамхат (Т.Мыңбаевтың "фрескаларында"), Одетта Одиллия, Маша, Аврора (П.И. Чайковскийдің "Аққу көлі", "Шаттауығы" мен "Үйқьшағы аруында"), Китри (Л.Минкустың "Дон-Кихотында"), Эгина (А.И. Хачатурянның "Спартагында"), Зарема (Б.В. Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), Раймонда (А.К. Глазуновтың осы аттас балетінде), Жизель (А.Аданның осы аттасбалетінде), Сильфида(Шнейнгоффердің осы аттас балетінде), Кончита (А.Рыбниковтың "Юнона мен Авосында"), Әйел (А.Онеггердің "Ер мен әйелінде"), т.б. партияларды биледі. 1997 жылдан репетиторлік және педогогика қызметпен айналысады: аға оқытушы, 2002 жылдан Қазақ Ұлттық өнер академиясында хореография режиссурасы кафедрасының меңгерушісі. Қазақ академия опера және балеттеатры құрамымен Ресейдің (Иваново, 1983; Грозный, Краснодарь, Сочи, 1986; Орынбор, 1997), Өзбекстанның (1998, Ташкент), Қытайдың (Шанхай, 1993; Пекин, 1994) қалаларында, Мальтада (1991), сондай-ақ жеке өзі гастрольдік сапармен Санкт-Петербург (1990-1991), Екатеринбург (1992), Мәскеу (1993), т.б. қалаларда болды. Халықаралық балет артистері байқауларының (Мәскеу, 1989; Варна, 1990; АҚШ-тың Джексонқ. 1990) дипломанты, 2-Халықар. "Дәстүр жүлдесі" фестивалінің, "Дарын" сыйлық (1992) лауреаты. Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған.

 

Кенен Әзірбаев

Әзірбаев Кенен (19.06.1884-1976) – Жамбыл облысында дүниеге келген, қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі.Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.Кенен Әзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Әр жырды әуелі ата анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл» ,«Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлаған. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Мемлекет қайраткерлері Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев, Тоқаш Бокин, тағы басқалармен таныс-біліс болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды. Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алған. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған. Кенен Әзірбаев айтыс жанрына ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет ақындармен айтысқан. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да бола білді. Дастан жанрын жастайынан жырлаған. «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез»,« Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз». «Жамбыл - жыр» атты толғау, дастандары бар. Бұл шығармалары - ақынның эпикалық дәстүрге құрылған көркем дүниелері.Кенен Әзірбаевтің есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне, Алматы қаласындағы бір көшеге, Тараз қаласындағы кинотеатрға берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Кенен Әзірбаев атындағы степендия берілген. Жамбыл облысындағы ақын ұзақ жылдар бойы тұрған Кенен ауылында Кенен Әзірбаевтің музей-үйі жұмыс істейді.   Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.


Сәкен Сейфуллин

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (15.10.1894-1938), қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып,          1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.  Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген.

«Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады.

«Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі..С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары, Е.Ысмаиылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Алматыда атылды. 1958 жылы ақталған.С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады.

 


Ілияс Жансүгіров

1894 жылы 5 мамырда Жетісу өңірі Ақсу ауданында өмірге келді. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы Алматыдағы Қазақ ағарту институтының  меңгерушілігіне тағайындалады.

1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын  ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң, 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды.., "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра.

 


Бердібек Соқпақбаев

1924 жылы  қазанның 15 жұлдызында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосында туған. Қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жүлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жүлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).

 

/
Рейтинг@Mail.ru