Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255587
Қазір сайтта
Сейчас 16 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жобалар мен бағдарламалар

«Жетісу ақын-жазушыларының кітаптарын насихаттау» бағдарламасы

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

"Бір апта-бір кітап" жобасы

Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын…

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісі

 

Ғылым мен техника қауырт дамыған, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды өркендету және әдеби көркем шығармашылыққа қызығушылықты қайта қалпына келтіру өзектілікті қажет етеді.

Жастардың мәдени  және білім деңгейін көтеру үшін «Бір аптада – бір кітап» жобасы әзірленді, оның аясында жастар  оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалды және тізімі құрылды.

Жобаның мақсаты: кітап оқуға тарту арқылы жастардың мәдени және білім деңгейін көтеру

Ақпараттық қолдау: аудандық  «Іле таңы» газеті.

Міндеттері:

  • Әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру.
  • Сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру
  • Ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру.
  • Жастардың классикалық әдеби тілді үйренуіне, сөздік қорын тұрақты толықтыруға және байытуға, олардың грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеруіне, коммуникативтік дағдылар мен зейінін дамытуға, өз ойларын анық та айқын жеткізе білуге жұмылдыру.

Негізгі шаралар:

  • Жастарға үндеу тарату
  • «Бір мектеп – бір кітап» марафоны
  • «Бір кітапты бір мерзімде оқу» акциясы
  • Шығарма авторларымен, белгілі тұлғалармен кездесу
  • Клубтар мен үйірме мүшелерінің арасында пікірталас, дөңгелек үстел, сайыстар
  • Әлеуметтік желі қауымдастығында шығармаларды ашық талқылау
  • Әдеби-мәдени кештер
  • Жұмыс нәтижелері туралы қоғамды ақпараттандыру

 

Күтілетін нәтижелер:

  • Жастарға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, үйрету.
  • Жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру.
  • Отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру.

 

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Жастарға ұсынылатын кітаптар тізімі:

1.Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері

2.С.Мұқанов. «Аққан жұлдыз»

3. Ә.Нұрпеисов. «Қан мен тер»

4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»

5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»

6. І.Есенберлин. «Көшпенділер»

7. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»

8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»

9.Ә.Әлімжанов.«Ұстаздың оралуы»

10. Тахауи Ахтанов. «Боран»

11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»

12. Дулат Исабеков. «Қарғын»

13.О.Бөкеев.«Қайдасың,қасқа құлыным?»

14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»

15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»

16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»

17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»

18. Б.Момышұлы. «Ұшқан ұя»

19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»

20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»

21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»

22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»

23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»

24. Д. Досжанов. «100 әңгіме»

25. Ш.Мұртаза. «Ай мен Айша»

26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»

27.А.Нұрманов.«Құланның ажалы»

28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»

29. Тұтқабай Иманбеков.«Құт ағашының көлеңкесі»

30.Саттар Ерубаев.«Менің құрдастарым»

31. М. Әуезов. «Қараш-қараш»

32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»

33.Әнуар Әлімжанов.«Махамбеттің жебесі»

34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»

35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»

36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»

37. Бексұлтан Нұржекеев. «Бір өкініш, бір үміт»

38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»

39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»

40. Әзілхан Нұршайықов. «Махаббат қызық – мол жылдар»

41. Қабуснама

42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»

43. Сопы Сматаев. «Елім-ай»

44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»

45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»

46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»

47. Әлжапар Әбішев. «Найзағай»

48. Әбдіжәміл Нұрпеисов. «Сең»

49. Зейін Шашкин. «Сенім»

50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

КІТАП ОҚУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Әр саналы адам білім мен даналықтың қайнар көзі кітап екендігін біледі. Әрқайсымыздың "оқуым керек" деген кітаптар тізімі бар шығар. Соларды ұзаққа қалдырмай, кем дегенде бір аптада бір кітапты оқимын десеңіз, кейбір сиқырларды біліп жүріңіз. Оқуға тиіс кітаптар тізімі күн сайын өсуде, алайда оларды оқымауға сылтау ретінде уақыттың аздығы мен шаруаның көптігін айтамыз. Бірақ бір аптада айналдырған бір кітапты оқып бітіру сіздің бос уақытыңыз бен сабақ-жұмысыңызға еш кедергі жасамайды. Бұл мәселеде сіздерге мына кеңестер көмек бола алады.

ЖОСПАРЛАҢЫЗ

Қандай кітаптар оқығыңыз келетіндігі жайлы ойланыңыз. Жоспар құрып, оқимын деген кітаптар тізімін жасаңыз. Қай кітаптарды бірінші кезекте, қайсысын кейін оқығыңыз келетіндігін де ойластырыңыз.

Кітаптарды мұқият таңдаңыз

Оқитын әдебиетті мұқият таңдау нәтижесінде сіз әдеби талғамыңызды қалыптастыра бастайсыз. Осылайша кітап әлеміне одан бетер қызығып, келесі кітапты еке есе тез оқып шығасыз. Сондықтан бірінші бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптардан бастаңыз. Шын беріліп, қызығып оқылған кітапты қалай бітіргеніңізді байқамай қаласыз. Ал кейін кітап оқу үйреншікті уақыт өткізу, әдет болады.

50 бет ережесі

Бұл ереже бойынша алғашқы 50 бетін оқып бұл кітапқа әлі де қызықпасаңыз, оны қалдырып, басқа кітап оқуға кіріскен жөн. Себебі алғашында қызық болмаған кітапты оқу баяулап, жалығып, кітап оқуды мүлдем тастап кетуіңіз мүмкін.

Кітапты бірнеше күнге бөліңіз

Қалың кітапты бір аптада бітіріп тастау тым қорқынышты көрінетін болар. Бірақ оны аптаның 7 күніне бөлсеңіз, бір күнде 70-80 бет қана шығады. Бұл кез келген адамға қиынға соқпас. Қаласаңыз, аптаның бір күнін демалыс деп жариялап, ол күні кітаптарды оқымауға болады.

Уақыт бөле біліңіз

Кітап оқудағы басты кедергі уақыттың тапшылығы. Сондықтан күнделікті кітап оқуға бір сағат бөліңіз. Өзіңізге лайықты уақыт таңдап (түскі ас кезінде, кешкі астан кейін, ұйқыға жатарда), кітап оқуды пайдалы да қызықты әдет қылыңыз.

Жарыс ұйымдастырыңыз

Сіз сияқты кітап оқуды қолға ала алмай жүрген досыңызбен бәстесіп, жарыс ұйымдастырыңыз. Белгіленген уақытта белгіленген кітап не парақ санын оқып тастау шарт болады. Жарыста жеңілген адам жеңімпазды марапаттауы керек. Артынан оқыған кітаптарыңыз жайлы бір-бірлеріңізбен ой бөлісе аласыз.

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2006-2011 жылдар аралығында

«Мәдени мұра»   бағдарламасы  аясында  жарық  көрген облыстағы
Қазақстан   Жазушылар,   Композиторлар  одағы  мүшелерінің   және
басқа  да   облыс  тарихына  үлес қосқан дарынды жеке тұлғалардың 
еңбектері мен естелік кітаптары:

2013

2011

2010

2009

2008

2007

2006

 

/
Рейтинг@Mail.ru