Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255583
Қазір сайтта
Сейчас 13 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Алаштың айнасына айналған тұлғалар»

«Алаштың айнасына айналған тұлғалар»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 01.11.2017 жылы КазЦИК ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойына байланысты «Алаштың айнасына айналған тұлғалар» атты тақырыпта №6 орта мектеп оқушыларының қатысуымен фанфикшн (кинофильмді әңгімелеу) өткізілді. Алаш ордасының көсемі Әлихан Бөкейхан туралы, Астанада түсірілген «Алаштың Әлиханы» атты деректі фильм туралы интернет желісінен бейнематериал көрсетілді.
Әлихан Бөкейхан (1866-1937) - ХІХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист , ғалым, аудармашы.
«Алаштың Әлиханы» атты деректі фильмнің жарты сағаттық бейнематериалы Алаш арысының өмірі мен қайраткерлігі жайында түсірілген. Шығармашылық топ Алашорда көсемінің туған топырағына ат шалдырып, алаштанушы ғалымдардың құнды пікірлерін жинақтаған.
Елін емірене, жұртын тебірене сүйген ұлтжанды азаматтың өмірінен оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Алаш үкіметінің құрылғанына – 100 жыл» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.
Осындай филмдердің жас ұрпаққа берері көп , жастар тәрбиесіне қосар үлесі мол. Туған өлке тарихы, ондағы танымал тұлғалар туралы оқырмандардың таным көкжиегі кеңейіп, биік белестерге рухтандыратыны сөзсіз. Іс-шараға 13 оқушы қатысып, 3 оқушы кітапханаға жаңадан жазылды.

 

/
Рейтинг@Mail.ru