Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255578
Қазір сайтта
Сейчас 8 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Ұлттық мәдени құндылықтар»

«Ұлттық мәдени құндылықтар»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласының аясында, «Туған жер» бағдарламасының «Рухани қазына» бағыты бойынша Чапаев ауылдық кітапханасында Алматы облыстық мұрағатының Іле филиалы ұжымы және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық мәдени құндылықтар» атты ұлттық тәрбие сағаты өткізілді. Іс – шара барысында оқырмандарға ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, халқымыздың ғасырдан ғасырдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, халық өнегесін үйрету мақсаты көзделді. Іс – шара барысында кітапханашы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы жұртшылықтан қолдау тапқан, төл руханиямызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстарға арқау болатындығына тоқталды. Бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние екендігін, бұл мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағытымыздың айқындалғанын айтып өтті. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздің рухани - мәдени өміріндегі айтулы құбылыс болды. Бағдарлама ұлттық мәдениет, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады деген өз ойын ортаға салды.
Қорыта айтқанда бүгінгі ұлттық тәрбие сағатымыз «Егеменді елдің әрбір азаматтары мен азаматшалары еліміздің өткенінен сыр шертіп, ата-бабаларымыздың құнды тарихи мұраларын сақтап, қорғап өскелең ұрпақтың санасына ұғындыру әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ» деген тілекпен аяқталды. Іс-шараға 20 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru