Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 713
Статьи : 528
Просмотры материалов : 265863
Қазір сайтта
Сейчас 7 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы»

«Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, 2017 жылғы 22 қараша күні Чапаев ауылдық кітапханасында кітапханашылар мен «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Іле филиалы ұжымымен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шара барысында кітапхана меңгерушісі Мамбетова Орал қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтқандығын, бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі кең етек алғандығын айтып өтті. Дөңгелек үстел басында кітапхана меңгерушісі Мамбетова Орал латын әліпбиі графикасының жаңа үлгісін таныстырып, кітапханашы Майра Есбаева өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап қазақ тілінің мәртебесін көтеруге басты назар аударып келе жатқанын, соның айғағы ретінде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу бастамасын қолға алғанын, ана тіліміздің мәртебесін көтеру жолындағы нақты қадам екенін жеткізді. «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Іле филиалының директорының м.а Алия Тоқтабаева өз сөзінде латын әліпбиіне көшу дұрыс шешім екенін және де түбі бір түркі елдерінің латын әліпбиін пайдаланып отырғандығын, сонымен қатар әлем елдерінің ІТ технологиясында және білім мен ғылым салаларында латын әліпбиінің екінші әліппе ретінде қолданатындығын айтты. Мұрағатшы А.Тастанбекова өз сөзінде, латын қарпіне көшу – бұл әлемдік білім саласын игеру екенін, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек үйренуіне мүмкіндік ашылатындығын жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысқандар өз пікірлерінде латын әліпбиіне көшуді бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Дөңгелек үстеліміз «Латын әліпбиіне көшу – біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады» деген тілекпен аяқталды. Іс – шараға 16 адам қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru