Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 713
Статьи : 528
Просмотры материалов : 265861
Қазір сайтта
Сейчас 5 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы»

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласы аясында, Іле аудандық кітапханасына қарасты Чапаев ауылдық кітапханасында № 45 мектебінің 7 - 8 сынып оқушыларының қатысуымен 1-желтоқсан Президент күніне орай атты тақырыпта медиа – танымдық сағат өткізілді. Оқырмандарға қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын көрсету мақсаты көзделді. Сонымен қатар Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; оқырман жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу міндеті жүктелді. «Тұғырлы Тәуелсіздік, кемеңгер тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Оқырмандар назарына «Әлем Лидерлері Назарбаев туралы не ойлайды?» атты слайд ұсынылып көрсетілді. Интернет материалдарынан топтастырылған белгілі әлем саясаткерлерінің Елбасымыз туралы айтқан пікірлерінен жинақталған үзінділер көрсетілді. Білім нәрімен сусындап жатқан жас өрендер Елбасы жайлы өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі іс – шарамыз «Елбасымызды құрметтейік. Оның жеткен шыңдарына ұмтылайық! 2050 жылға қарай елді сендер басқарасыңдар. Сендердің қазіргі алған білімдерің еліміздің жарқын болашағына септігін тигізеді. Еліміз әрі қарай қалай дамиды, ол сендердің оқуларыңа тікелей байланысты. Сабақтарын жақсы оқитындар әрқашан да істерді ілгері бастайды. Сол үшін жақсы оқып, алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер» деген кітапханашы сөзімен аяқталды.
Барлығы 18 адам қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru