Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255590
Қазір сайтта
Сейчас 20 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Кәсіптік қызмет

Семинарлар, кеңестер

2015жыл

1. Кітапханаларда  семинар, зерделі кеңестер өткізудің  мақсаты – кітапханашылардың  кәсіби қарым- қатынасын, тәжиірибе алмасуын,кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта  кітапханада семинар, зерделі- кеңестер, отырыстар  жоспар бойынша өткізілуде.

2. .Кiтапханалардағы кiтапханалық қызмет көрсетудi дамытуды басқаруға кiтапханашылардың назарын аудару, демек инновацияны шебер енгiзе білу: ғылымның жетістіктерін iс жүзiнде қолданып, стратегиялық жоспарлау, маркетинг және жоба жұмысын кең қолдану;кітапхана қызметкерлерінің  біліктілігін аттыру, олардың шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру мақсатында  .«Кадр құрамы – заманауи кітапхана стратегиясы» тақырыбында және  2014 жыл қорытындысы бойынша  аудандық семинар-кеңес өтті. Семинарда М.Жабиева ,Қ.Бұдұғұлова, Ұ.Бұланбекова» Кітапхана-ақпарат орталығы: виртуалды оқырман», «Кітапхана ісін ұйымдастыру- дәстүрлі емес кітап көрмелері», «Электронды каталог. Кітапханадағы кітап қорын есепке алу және оның жүргізілуі», тақырыптарында баяндамалар оқылды.

3. Ауылдық кітапхана: даму жолдары, бүгінгі келбеті және болашаққа көзқарасы» жылжымалы  семинар маусым Түймебаев ауылдық М.Манапбаева

4. Әуені аққу қаздай қалықтаған ( Н.Тілендиев-90 жыл) Ғылыми-тәжірибелік конференция Қараой ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде өтті.   Кітапханна меңгерушісі А.Нурбеков

5. Бүгінгі заманның жас кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып-қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс. Осы орайда  «Ауыл кітапханаларының бүгіні мен келешегі: жаңа ақпараттық технологияларды  дамытудың басымдықтары» атты Оn-line семинар. ауыл ,аудан кітапханаларымен бірге өтті. Әр кітапханашы семинардан жаңа ақпараттар алғандарын айтып, семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Тәжірбие алмасу негізінде ұйымдастырылған семинар өз мақсатына жетті.

6. Пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетуде түрлі жаңашыл қызмет түрлерін жұмыста қолдануда консультациялық көмек беруді кітапханашыларға үйрету мақсатында  «Кітапханашының қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында КазЦик ауылдық кітапханасында   тренинг өтті. Кітапхана меңгерушісі  М.Мағзумова

7. Чапаев ауылдық кітапханасында  «Ұлы Жеңіс- тарих қойнауының бір парағы»- тақырыбында   тарихи –сабақ өтті. Кітапханашы О.Мамбетова Бүгінгі жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің соғыста көрсеткен өшпес ерен ерліктері мен соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбектері жайлы айтып өтті. Ердің ерлігі ұмытылмайтын, сәт сайын жаңғырып отыратының жаңа ұрпақтың жарқын дауысы арқылы ұқтырды. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағы аға ұрпақтың даңқты ерлігін, бейбіт заманда жалғастыруы тиіс. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 500-ден астам қазақстандық жауынгер, оның ішінде 100-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атақпен марапатталды. Олар: Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова және басқа да батырларымызды ерекше мақтанышпен айта аламыз.  Балалар соғыс туралы тақпақтарды, өлеңдерді айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

8. Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып ,ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту мақсатында   «Ұлттық мәдениетті насихаттау және ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу»-тақырыбында   бейне-тәжиірбелік  шеберлік сыныбы Боралдай ауылдық кітапханасында өтті.

2013жыл

Аудан, ауыл кітапханаларында  өткізілген семинар- кеңестер:

Кітапханаларда  ,кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап мәдениетін қалыптастыру мақсатында семинар, зерделі- кеңестер, отырыстар  жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.

Облыстық « Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және  мәдени маңыздылығын арттыру» облыстық семинарға қатысып, көптеген пайдалы мағлұматтар алып қайттық.

,Ақпан айында аудан әкімінің  І отырысында: «Кітапхананың ақпараттық  кеңістігін кеңейту :жаңа жетістіктер және мүмкіндіктер» тақырыбында өткен отрыс барысында    жаһандық ақпараттандыру кітапхана қызметкерлерін де, оның іскерлік қабілеттеріне деген талаптарды да өзгергендігін, ақпараттық  қоғамға батыл қадам жасап,  ақпарат пен пайдаланушының арасын жалғап тұрған маңызды тетік болып табылатын кітапханалар – ақпарат көзі, ақпаратты таратуды ұйымдастырушы, ақпараттық-кітапханалық мәдениетті тәрбиелеу орталығы, сауатты пайдаланушыны  қалыптастыру орындарының бірі екендігі айтылып, «Кітапхананы  жетілдірудің қадамдары» атты бейне ролик көрсетілді.

Наурыз айында аудан әкімінің  ІІ отырысында  : «Кітап, кітапхана және жастар болашақ көкжиегінде»  тақырыбында өткен отырыста:бүгінгі жастарға айтатын өзекті мәселенің бірі, бос уақыттарын әр түрлі арзан қол көңіл көтеретін ойындармен толтырмай, өздерінің рухани дамып – жетілуіне әсер ететін, білім ошағы кітапханада өткізсе деген  мәселе көтеріліп . шешілу жолдары айтылды.

 

Сәуір айында  аудандық кітапханада «Жаңа көзқарастар және көпшілік шаралардың жаңа түрлері» - зерделі кеңес  өтті. Жұмыс барысында «дайджест» қалай құру керек, дәстүрлі емес кітап көрмелерінің түрлері жайлы айтылды. Ондағы мақсат: оқырмандардың көбейіп бара жатқан  талаптарын және әр түрлі қызығушылықтарын  ескере отырып,олардың қызығушылықтарын одан әрі дамыту.

 

Заман ағымынан шығып қалмас үшін ,ауыл кітапханашысына қойылатын талап та жоғары, олар өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек . Интернет желісіне қосылған компьютер, принтер, сканер, телефон - міне осы жабдықтар ауыл кітапханалары үшін ең қажетті дүниелер. Біздің тарапымыздан ауыл кітапханашылары үшін кітапханада, компьютерлік сауаттылық негіздері және жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға үйрететін «Ауыл кітапханаларына арналған жаңа технологиялар»  тақырыбында Боралдай ауылдық кітапханасында семинар өткізілді.

 

Аудандық кітапханада « Кітапхана – мәдениет және  қатынас  орталығы: жаңашылдыққа бағыттылық»  тақырыбында бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып-қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы мен бірге заман ағымына сай жұмыс атқарып,  кітапхананың ақпаратты медиотекасын жасау, кітапхана жастардың оқу орны ретінде заманауи орталығы болғандықтан талапқа сай әмбебап кітапхана құру мақсатында  өткізілген  семинар- кеңес өткізілді.

 

Жетіген ауылдық кітапханасында өткізілген «Ауыл  кітапханасын дамытудың жолдары» тақырыбында  өткен зерделі – кеңесте  жаңа технологияларды кітапханаларға енгізуде, алдымен кітапханашылардың кәсіпқой біліктіліктерін жетілдіру назарда болып, ақпарат іздеудің жылдамдығы мен интернет ресурстарын пайдалану, қазіргі таңдағы жаңа технологиялардың көмегімен ауыл тұрғындарына электронды жүйе арқылы библиографиялық ақпарат беру бағыттары айтылып, бейнебаяндар көрсетілді.



 

/
Рейтинг@Mail.ru