Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 743
Статьи : 550
Просмотры материалов : 284307
Қазір сайтта
Сейчас 16 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Оның өмірі - музыка»

«Оның өмірі - музыка»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Чапаев ауылдық кітапханасында композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 90-жыл толуына орай, 7 – сынып оқушыларының қатысуымен оқырмандарға қазақ музыкасының биік тұлғасы – Ғазиза Жұбанованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқырмандарды өнерді және ұлттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу мақсатында «Оның өмірі - музыка» атты өнер сағаты өткізілді.
Іс – шара барысында кітапхана меңгерушісі О.Мамбетова белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова туралы мәліметпен таныстырды. Сазгердің «Еңлік - Кебек», «Жиырма сегіз», «Құрманғазы» және «Ғасырдан да ұзақ түн» опералары, «Легенда о белой птице», «Хиросима», «Қаракөз», «Мадам Баттерфляй» балеттері, үш симфониясы, ораториялары, хор мен камералық шығармалары, пьесаларға, кинофильмдерге арнап жазған музыкалары туралы, бұл шығармалар еліміздің алтын қорынан мәңгілік орын алған туындылар екендігіне тоқталып өтті. Оқырмандар Ғазиза Жұбанова - өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор екендігіне, оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал екендігіне, ол – үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болғандығына көз жеткізді. 
Кітапханашы Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болғандығын, көптеген елдерде өз тыңдармандарын тауып жатқандығын сөз етті. 
Қорыта айтқанда, «Ғазиза Жұбанова - әр музыкалық шығармасында халқымыздың ұлттық құндылықтарын қалыптастыра білген, тыңдарманының жүрегіне жол таба білген танымал сазгер. Оның музыкалық шығармалары мәдени өміріміздің айнымас бөлігі болып қала береді» деген тілекпен аяқталды. Іс-шараға 20 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru