Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 694
Статьи : 515
Просмотры материалов : 255576
Қазір сайтта
Сейчас 6 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Кәсіптік қызмет Білім жетілдіру курсы

Білім жетілдіру курсы

 

2013 жыл

Облыста  кітапханашылардың білімін жетілдіру екі бағытта өтеді. Жұмысты жаңа бастаушы жас мамандар және кітапханалық арнайы білімі жоқ кітапханашылардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мақсатында  облыстық кітапханада өтетін курс кітапхана ісіндегі дәстүрлер мен жаңашылдық, жаңа технология арқылы жүргізілетін инновациялық жұмыстар т.б.тақырыптарды қамтиды.

27–31 мамыр аралығында «Жас кітапханашылар мектебі» атты облыстық кітапханалық білім жетілдіру курсы өтті. Курсқа ауылдық кітапханалардың жас мамандары шақырылып, барлығы 22 маман қатысты. Сабақтың алғашқы күні жас мамандар облыстық кітапхананың бөлімдерінің жұмыстарыменен танысуына мүмкіндік алды.

Білім жетілдіру курсы  барысында облыстық кітапхана мамандары, тәлімгерлер кәсіби тақырыптарда теориялық лекциялар оқыплып, тәжірибе алмасу шаралары жүзеге асырылды.  Жаңа технологиялар арқылы жүргізілетін инновациялық-әдістемелік қызмет, кітапханадағы ақпараттық ресурстарды меңгеру жәнем жетілдіру, кітапхана ісіндегі дәстүрлер мен жаңашылдық. Өзгеріс үрдісінің дамуы, мәдени іс-шаралар атқарудағы жаңа жұмыс түрлері, мәдени іс-шаралардың жоспарлануы және атқарылуы, «Ауыл кітапханасы – ақпарат орталығы», КАБИС бағдарламасын меңгеру бойынша мамандарға тәжірибелік сабақтар берілді. Өлкетану қорын жинақтаудың және сақтаудың әдістері, қазіргі таңдаңы ауыл кітапханаларының кәсіби дамуы, оқырмандармен жеке жұмыс жүргізу тәсілдері, кітапхана қорын толықтырудағы жаңа мүмкіндіктер, балалар кітапханасында жанұялық оқу мәдениетін дамыту, бүгінгі кітапханашының имиджі кәсіби келбеті, кітапханалық маркетинг, кітаптарды зерттеу, сипаттау каталогтармен жұмыс, Жаңа ақпараттық қоғамдағы библиографиялық қызмет көрсету тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Курсқа қатысқан жас мамандарға облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық акция аясында өткізілген  «Қазақстанды әлемге танытқан – ұлы тұлға» атты әдеби-сазды кеш көрнекті шара ретінде көрсетілді. Шараға №78639 әскери бөлімінің сарбаздары, «Білім» гуманитарлық колледжінің студенттері, қала кітапханашылары қатысты. Кеште облыстық Б.Римова атындағы драма театрының танымал актері Ө.Қалиев, «Абай» драмасынан өзінді оқыды, «Ардагер әжелер» ансамблінің әншісі Ш.Бөркеқызы Абай әндерін орындады. Ұлы жазушының шығармашылығы бойынша викториналық сұрақ-жауап ойынына шара көрермендері белсене қатысты. «Әлем таныған Әуезов» атты көрме-понораманы оқырмандарға таныстырып,  библиографиялық шолу жасалды. Әдеби кеште «Жыр жауһар» клубының мүшелері, жас ақындар Ш.Сембекова, П.Тұралықова, А.Салпықов Мұхтар Әуезовке арналған арнау жырларды оқыды. Кеште белсенділік танытқан оқырмандары алғыс хаттарымен марапатталды.

Көксу ауданы, Амангелді ауылдық кітапханасында Жас мамандар үшін тәлімді тағы бір шара «Ауылдық кітапхана – оқырмандар мәдениетін дамытатын орын» атты жылжымалы тәжірибе алмасу түрінде өткізілді.

Білім жетілдіру курсының жоспары бойынша  жас кітапханашылар М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына экскурсия жасап, өлкетану бойынша қажетті мағлұматтар алды. Курс соңында жас мамандарға білім жетілдіру курсының сертификаты тапсырылды.

 

 


2012 жыл

14-18 мамыр аралығында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Ақпараттық қоғамдағы әдістемелік қызметтің жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық кітапханалық білім жетілдіру курсы өтті. Курсқа аудандық, қалалық кітапхана әдіскерлері шақырылып, барлығы 22 маман қатысты. Сабақтың алғашқы күні мамандар облыстық мәдениет басқармасының бастығы Р.Есдәулетовтың қабылдауында болды. Сабақ барысында облыстық кітапхана мамандары, тәлімгерлер кәсіби тақырыптарда теориялық лекциялар оқып, тәжірибе алмасу шаралары жүзеге асырылды.  Қамтылған тақырыптар:  Ғылыми-әдістемелік қызметті басқарудың негізгі аспектілері, негізгі көрсеткіштер мониторингі , жаңа технологиялар арқылы жүргізілетін инновациялық – әдістемелік қызмет, кітапхана ісіндегі дәстүрлер мен жаңашылдық, өлкетану қорын жинақтау және сақтау,  кітапханашы имиджі, кітапханалық  маркетинг, кітапханалық веб-сайт ашу, деректер базасын құру жолдары тағы да басқа республика кітапханалары мен шетел кітапханалары тәжірибелерінен инновациялық жұмыс түрлері туралы бағыт- бағдар берілді. Курстың тәжірибелік бөлімінде электорондық ақпараттық ресурстарды меңгеру және жетілдіру, КАБИС бағдарламасын меңгеру бойынша мамандарға тәжірибелік сабақтар берілді. Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада мәдени іс-шараның жаңа үлгісін көрсету мақсатында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы О.Бөкеевтің «Қайдасың қасқа құлыным» повесі бойынша ғылыми талдау конференциясы өтті. Шығарманы талдауға «Білім» колледжі, политехникалық колледж студенттері, курсқа қатысушы кітапханашылар белсене қатысты. Жылжымалы тәжірибе алмасу шарасы Қызылағаш модельді ауылдық кітапханасында өтті. Кітапханашы Б.Байшығашева белгілі ақын Қ.Бұғыбаеваның 70 жылдығына «Ақсудың аққу ақыны» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Шалғай аудандардан алғаш рет келген кітапханашылар Ақсу өңірінің, Қызылағаш ауылының тарихы туралы мағлұматтар алып, үлкен әсер алғандықтары жайлы пікірлерін білдірді. Шара соңында қонақтар апат құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  Білім жетілдіру курсы барысында кітапханашылар М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына экскурсия жасап, ардагерлер үйін көріп тамашалады. Курс  соңында әдіскерлерге білім жетілдіру курсының сертификаты тапсырылды.

 

 


 

2011 жыл


Кітапханалық зертхана: «Үлгілі ауыл кітапханасы - оқырмандардың жаңа ақпараттық орталығы» (Іле ауданы, ІІ- тоқсан 2011ж.)
Іле аудандық кітапханасының базасында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты «Жаңа кітапханаға жол салу шығармашылығы: ой-санадан іс-тәжірибеге» атты кітапханалық зертхана жұмысының тәжірибелік семинары өтті. Семинар барысында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының мамандары жаңа ақпараттық технология, Қазақ ұлттық электронды кітапхана жұмысы туралы мағлұматтар беріп, экран, слайд арқылы нұсқаулар мен кеңестер берілді. Іле аудандық кітапхана директоры М.Жабиева – «Аудан кітапханаларын автоматтандырудың қазіргі жағдайы» туралы айта келіп, «Тәуелсіздік. Кітапхана. Ақпарат» туралы слайд көрсетті. Ақын, жырау Ж.Жабаевтың туғанына 165 жыл толуына байланысты «Әнім мені ешқашан өлтірмейді» атты Ақши халықтық театры драмалық қойылым қойды.


С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары үшін «Бүгінгі кітапханашы келбеті» атты «Библиокласс» курсы (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2011 жыл).
Кітапханашылардың білімін жетілдіруге арналған тәлімгерлек мектебінің «Библиокласс» курсы жұмысты жаңа бастаушы маман мен кітапханалық арнайы білімі жоқ кітапханашылар арасында өтті. Курсқа 15 кітапханашы қатысып, кітапхана ісі, кітапхана менеджменті мен маркетинг, оқырмандармен жұмыс істеудің жаңа әдіс–тәсілдері, кітапханалық-библиографиялық жұмысты автоматтандыру, жаңа ақпараттық технологияны меңгеру т.б. тақырыптарда дәрістер берілді. Атап айтқанда, кітапхана құжаттарын жүргізу, мәдени іс-шаралар өткізу, кітап көрмелерін безендіру және жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдері оқытылды. Ол жұмысқа жаңадан келген маманға тәжірибелік сабақ өткізу және басқа мамандық иесіне (педагог тб.) кітапхана ісі мен кітапханатану, кітап қорын оқып үйрену, анықтамалық аппараттармен (каталог, картотека) жұмыс жасау тәсілдерін оқып-үйрену шаралары жүргізілді. Тәжірибелі мамандар жас мамандарды тәлімгерлік қамқорлыққа алып, кітапхана жұмысының қыр-сырлары мен қазіргі заман талабына сай жұмыс істеу тәсілдерін үйрету үрдісі аудандық кітапханаларда да жүзеге асырылуда.

 


 

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЛАР

2011 жылы


ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үздік заманауи кітап қоры» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің және жеке адамның жан-жақты рухани дамып, өркендеуіне аса қажет ілім-ғылым болса, ғылымның көзі мен негізі тек қана кітапта екендігі белгілі. Баға жетпес ұлттық құндылықтардың тұрақты жинақталуымен ақпараттық ортаның қалыптасуы, заманауи оқырман қауымның талап-тілегінің толық қамтамасыз етілуі кітапхана қорының сапалы, жан-жақты және заман талабына сай жаңартылуы мен толықтырылуына тікелей байланысты. Сондықтан облыс кітапханалары заманауи кітап қорымен ұдайы толықтырылып, жаңартылып, дамып отыру үшін мемлекеттік тапсырыстан тыс түрлі бағытта шаралар ұйымдастыруы тиіс. Сондай-ақ, жаңа ақпарат ғасырында, жаңа технологиялар үрдісін пайдалана отырып, электронды басылымдар арқылы оқырманға тез, әрі сапалы қызмет көрсету және кітапханашылардың шығармашылықпен еңбек етуі үшін нақты идеялар мен озық тәжірибелерімен алмасу шараларын жүзеге асыру басты мақсатымыз.





ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің кітапханалық идеясы - 2011» атты облыстық байқау өтіп, әр аудандық, қалалық кітапханалардан кітапханашылар командасымен қатысты. Мәртебелі мамандықтардың бірі – кітапханашылық қызметті өмірлеріне серік еткен және оны өнермен ұштастыра білген өз ісінің шеберлері білімдерін, кәсіби шеберліктерін, ой ұшқырлықтары мен  өнерлерін ортаға салды.





 

 

 

«Жаңа ақпараттық қоғамдағы әдістемелік қызмет» ( 2010 жыл.)

«Кітапханалық- библиографиялық және ақпараттық білімді жетілдіру»(2009 жыл).

« Мерзімді баспасөзден және жаңа әдебиеттерді оқу арқылы библиографиялық білімді жетілдіру » (2008 жыл).

«Кітапханада іс-қағаздарын жүргізу» ( 2007 жыл).


«Жаңадан ашылған ауыл кітапханаларында ақпараттық мәдениетті заман талабына сай жетілдіру» ( 2007 жыл).

«Қала кітапханаларындағы жаңа жұмыс тәсілдері» ( 2005жыл)

«Жаһандау кезеңіндегі кітапхана ісі» ( 2004 жыл)


 

/
Рейтинг@Mail.ru