Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 1149
Статьи : 699
Просмотры материалов : 378604
Қазір сайтта
Сейчас 20 гостей онлайн
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Омар Жақсылық Мұқашұлы
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы
Іле ауданы танымал есімдер
Бір ел - бір кітап 2018

Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Ұлттық тарихи – мәдени мұраларды дамытуға ықпалдастық»

«Ұлттық тарихи – мәдени мұраларды дамытуға ықпалдастық»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында оқырмандарға ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, халқымыздың ғасырдан ғасырдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, халық өнегесін үйрету, ұлттық тарихи-мәдени мұраларды дамыту жолдарын қалай іске асыру керектігін шешу мақсатында Чапаев ауылдық кітапханасында 07.02.2018 ж. «Ұлттық тарихи – мәдени мұраларды дамытуға ықпалдастық» атты тақырыпта ауылымыздағы №10 орта мектебінің ұстаздарымен сұхбат өткізілді.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі О. Мамбетова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпы жұртшылықтан қолдау тапқан, төл руханиямызды түлетуге ықпал ететін іргелі жұмыстарға арқау болатындығына тоқталды. Бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние екендігін, бұл мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағытымыздың айқындалғанын айтып өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шолу барысында кітапханашы М. Есбаева Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздің рухани-мәдени өміріндегі айтулы құбылыс болғандығын, бағдарлама ұлттық мәдениет, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады деген өз ойын ортаға салды. Округ әкімінің орынбасары Г.Сакипова өз сөзінде: «Елін сүйер білімді, қажырлы да қайратты ұрпақ тәрбиелеу – әр ұстаздың борышы. Жастарымыз отансүйгіш, ұлттық намысы жоғары, рухы биік болса, ол елдің еңсесі де биік, болашағы айқын. Оларға ата-баба тарихын, дәстүрін есіне салып, тарихи деректермен сусындатып, ұлттық рухта заманауи жаңғыруға сай тәрбие көзін ашуымыз қажет» деген пікірін білдірді.
Сұхбат барысында Ұлттық тарихи – мәдени мұраларды дамытуға қандай ықпалдастық жасауға болады? Жастар бойына мәдени құндылықтарымызды қалай сіңіруге болады?- деген сұрақтарға Байжігітова Салтанат, Жиенбаева Сауле, Қойгелдиева Айгерімдер көкейінде жүрген ой - пікірлерін білдіріп, өзекжарды ойларын ортаға салды.
Қорыта айтқанда, бүгінгі іс-шарамыз «Егеменді елдің әрбір азаматтары мен азаматшалары еліміздің өткенінен сыр шертіп, ата-бабаларымыздың құнды тарихи мұраларын сақтап, қорғап өскелең ұрпақтың санасына ұғындыру әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ» деген тілекпен аяқталды. Іс-шараға 14 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru