Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 1149
Статьи : 699
Просмотры материалов : 378607
Қазір сайтта
Сейчас 23 гостей онлайн
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Омар Жақсылық Мұқашұлы
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы
Іле ауданы танымал есімдер
Бір ел - бір кітап 2018

Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар "Сырға толы - сырлы ақын"

"Сырға толы - сырлы ақын"

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай , Ақши ауылдық балалар кітапханасында "Сырға толы - сырлы ақын" атты жыр кеші өтті. Жыр кешінде оқырмандар ақынның «Менің анкетам», «Поэзия», «Анама», «Туған жерге», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Шеше сен бақыттысың», «Аққулар ұйықтағанда», поэмаларынан үзінділерді нақышына келтіре оқып, әндерін орындады. Жас кезінде өлең шығарып, поэзияға жақын болмаған жастар жоқ шығар. Кітапханашы біздің халқымыздың қанына сіңген поэзияның құдіреті туралы толғанып, тіпті соңғы сапарға өлеңмен шығарып салатынымызды тілге тиек етті .Ол ана сүтімен беріліп бірге сіңеді. Өз дәуірінде бұл ойды ұлы Абай айтып кеткен. Сүйікті ақындарына арнап кешке қатысқан оқырмандар өздерінің жүрек жарды арнауларын оқыды. Балалық шақтан таныс болған әуезді «Сарыжайлау», «Есіңе мені алғайсың» әндері оқырмандардың ыстық лебіздеріне бөленіп, оларды бір сергітіп тастады.№ 8 мектептің 6 – шы сынып оқушысы Әбдірахманова Жансұлудың орындауындағы «Сәби болғым келеді», № 41 мектептің 8 сынып оқушысы Мәсімбек Арайлым «Әкеге арнау», Бейсенбай Іңкәр «Сағыныш», Андалиева Айдана «Арманда балам» әндерімен кешке жиналған оқырман қауымды тәнтті етті. Шара барысында «Жырлайды жүрек» атты көркем безендірілген кітап көрмесіне қойылған кітапхана қорындағы ақынның жыр жинақтары, баспасөз беттеріндегі мақалаларына библиографиялық шолу жасалды.Кеш соңында кітапханашы С.Гиззатова Мұқағали поэзиясын сүйіп оқитын көпшілік қатысушыларға алғысын білдіріп: «Мақатаевтың ақыл-парасат туғызушы, шабытқа, ерекше махаббат сезімге толы поэзиясы, әрқашанда заманауи және әлемде мәңгілік өмір сүреді», - деген өзінің жүрекжарды сөздерімен аяқтады.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.


 

/
Рейтинг@Mail.ru