Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 1052
Статьи : 673
Просмотры материалов : 359034
Қазір сайтта
Сейчас 14 гостей онлайн
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Омар Жақсылық Мұқашұлы
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы
Іле ауданы танымал есімдер
Бір ел - бір кітап 2018

Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Ел жадында жаңғыруы тиіс есім»

«Ел жадында жаңғыруы тиіс есім»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Қазақстан егемендік алып, тәуелсіздік тұғырын бекіткеннен кейін, қазақ зиялыларының халық таныған абзал ұлдарының рухани мұралары халықтың игілігіне айналды. Жиырмасыншы ғасыр басында қазақ зиялыларының алдыңғы легінде жүріп, ұлтының ұлы мұратына жету жолында құрбан болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 120 - жыл толуына орай, 10.04.2018 ж. Ақши ауылдық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ел жадында жаңғыруы тиіс есім» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында Жанайдар Сәдуақасовтың өмірі мен атқарған қызметі туралы мәліметтер беріліп, тарихи сәттер еске алынды. Жанайдардың жақсылықтары мен шарапатын көрген ғалым-агроном Арыстанғали Балтағұлұлының естелігі оқылып, қазақ өлең-жырлары мен күйлерін жинақтаушы А. Затаевичтің, Ж. Сәдуақасовтың айтуымен жазып алған Қыз Жібекке арналған әннің әуені тыңдалды. Сонымен қатар «Зобалаң кезеңде өз принципінен таймай, ерлік көрсеткен – Жанайдар Сәдуақасов» атты бейне жазба көрсетілді. 
Ардагер азаматтың таңдамалы шығармалар жинағы, оның өмірі мен еңбегінен мағлұмат беретін кітаптар мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар, суреттерден жасақталған «Жұрт жадында жаңғырар есім» тақырыбындағы арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Іс-шараға 36 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru