«Туған жерім – тұғырым»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақши ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 11.04.2018 ж. «Туған жерім – тұғырым» атты оқушылар арасында шығарма жазу байқауы өтті.Шараға мектеп оқушылары және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.
Шара барысында Ақши ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ж.Мұңайтбасова жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасына тоқталып өтіп,келешекте ұлтымыз табысты болу үшін әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керектігін айтты.Сонымен қатар «Туған жерім- тұғырым» атты видео слайдпен кітапханашы С.Гиззатова Ақши ауылының тарихын, ұлттық мәдениетін сақтап, жаңа заман жетістіктерін бойға сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтармен рухани жаңғыру жолдарын тілге тиек етті.Кітапхана оқырмандары Сүгір Мадина, Раманқұл Ерасыл, Қыдыркелді Аяжан, Жақсылық Атшабар т.б «Туған жер», «Ауыл» туралы өлеңдерін жатқа оқып, жас өнерпаздар әнмен шашу шашып, зор қошеметке бөленді.