Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 1052
Статьи : 673
Просмотры материалов : 359035
Қазір сайтта
Сейчас 15 гостей онлайн
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Омар Жақсылық Мұқашұлы
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы
Іле ауданы танымал есімдер
Бір ел - бір кітап 2018

Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Шәкәрім шыңы»

«Шәкәрім шыңы»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Чапаев ауылдық кітапханасында 10.04.2018 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау мақсатында № 10 орта мектебінің мұғалімі Қойгелдиева Әйгерім және 10 А мен 10 Б сынып оқушыларының қатысуымен «Шәкәрім шыңы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында оқырмандарды Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы және рухани - адамгершілік қағидаларымен таныстыру, оқырмандардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету мақсаты көзделді.
Кітапхана меңгерушісі О.Мамбетова оқырмандарға «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы мәлімет беріп, биылғы жыл кітабы бір емес үш жазушының кітабы анықталғанына, яғни олар: Ш. Құдайбердіұлы шығармалары, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы және Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» повесі екендігіне тоқталып өтті. Өз сөзінде жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі - Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше екендігін, Шәкәрім - қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын екендігін атап өтті. 
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойгелдиева Әйгерім өз сөзінде «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз – Шәкәрім өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби мұра қалдырды. Оның өлеңдері мен поэмалары, прозалық шығармалары мен публицистикалық мақалалары, жұмбақтары мен мысалдары, философиялық ой пайымдары, түрлі тілдерден тәржімалаған туындылары қазақ әдебиетінің тарихына қосылған баға жетпес асыл қазына болып табылады. Ақынның осындай табиғи талантының түп-тамырының тереңдігі, жан-жақты, сан қырлы қабілет иесінің мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жететіні сөзсіз» деген пікірін білдірді.
Шара барысында Шәкәрім туралы тың мәліметтер, «Бір ел – бір кітап» акциясы атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Шәкәрім шығармалары туралы видеосабақ көрсетіліп, слайд ұсынылды. Қатысушыларға сұрақтар қойылып, сұрақтарға оқушылар арасынан Оразбаева Гүлшат, Ниетбаева Әсем, Қадирова Талшын жауап беріп, өз ойларын ашық айтты. 
Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру мақсатында оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталып, Кенжебаева Алфия, Сүйімбаев Рахат, Ерімбетова Жарқынай сынды оқушылар ойларын ортаға салып, қызығушылықтарын білдіріп отырды. 
Дөңгелек үстел соңында Шәкәрім атамыздың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әнін Тамара Асардың орындауында тыңдап тамашаладық. Іс-шараға 28 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru