Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 1149
Статьи : 699
Просмотры материалов : 378595
Қазір сайтта
Сейчас 8 гостей онлайн
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Омар Жақсылық Мұқашұлы
Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов
Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы
Іле ауданы танымал есімдер
Бір ел - бір кітап 2018

Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар «Алаш ұлтының парасатты тұлғасы»

«Алаш ұлтының парасатты тұлғасы»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Іле аудандық кітапханасында М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектептің 8 Б сынып оқушыларының қатысуымен 24.04.2018ж. Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мұраты жолында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризмнің құрбаны болған Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына -120 жыл толуына орай, «Алаш ұлтының парасатты тұлғасы» атты тақырыпта тұлғалық кеш өтті. Іс-шара оқырмандарға қуғын-сүргін және тоталитаризмнің құрбаны болған Жанайдар Сәдуақасов туралы мағлұмат беру және оның өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, оқырмандарды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Тұлғалық кеш барысында саяси-қуғын сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуа-қасовтың қазақ жерінде жетімдер үйін ашуға, ұлттық мектептерді көбейтуге, әсіресе тұңғыш қазақ театрының ашылуына тікелей ықпал еткендігі, сот ісін қазақ тілінде жүргізу мәселесін көтерген, әйелдердің құқын қорғауды назарға алған, халықтың құқықтық сауатын көтеруді ойлаған, сот қызметкерлерінің ұлттық құрамын қазақтардан болуын көксеген Жанайдар Сәдуақасов екендігі айтылды. Шын мәнінде, Жанайдар – барша қазақ жастарына шынайы отансүйгіштіктің, білімділік пен біліктіліктің, қажыр-қайраттың, адалдық пен азаматтықтың нағыз үлгісі болатын тұлға. Жанайдар Сәдуақасов секілді ұлыларымызды ұлықтау, ұрпаққа ұлағат ету, ел алдында еңсесі биік, еңбегі ерен ердің есімін жаңғырту барша қазақтың борышы. Шара соңында «Алаш ұлтының парасатты тұлғасы» атты арнайы жасақталған бейнеролик көрсетілді. Іс-шараға 31 оқырман қатысты.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

/
Рейтинг@Mail.ru