Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 774
Статьи : 608
Просмотры материалов : 303446
Қазір сайтта
Сейчас 9 гостей онлайн
Омар Жақсылық Мұқашұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙТЫ
Іле ауданы танымал есімдер
Өлкетану
Абай біртұтас әлем
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Қазақ хандығына 550 жыл
«Асқақ арманды алаш ардағы»
Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Картинки по запросу конституцияға 25 жыл

Қазақстан Республикасының рәміздерне 25-жыл

Біз инстаграмдамыз:

Біз Facebook желісіндеміз:
Біз Vkontakte желісіндеміз:
Жаңалықтар

"Балдырған" менің ақылшым, сырласым!

Фото Аудандық Кітапхана Іле.«Балдырған» журналы үшін биылғы жыл ерекше жыл болып отыр. 1958 жылдың шілдесінде алғашқы саны жарық көрген «Балдырған» биыл алпыс жасқа толады. Бұл – біздің ғана емес, қазақ балаларының, қазақ балалар әдебиетінің үлкен қуанышы, мерейлі мерекесі. Осыған орай, Іле аудандық балалар кітапханасының оқу залында «Балдырған» журналының сүйікті оқырмандарының қатысуымен "Балдырған" менің ақылшым, сырласым! атты тақырыпта ертеңгілік өткізілді.

Толығырақ...

 

«Цифрландыру кітапхананы жоғары деңгейге шығарады»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігін атап өткен болатын. Осы орайда, кітапхана құжаттарын сандық түрге көшіру арқылы кітапхананың электрондық құжаттар қорын қалыптастырып, оқырмандардың электронды құжаттарды еркін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, Іле аудандық кітапханасында кітапхана қызметкерлері арасында «Цифрландыру кітапхананы жоғары деңгейге шығарады» атты тақырыпта ақпараттық шолу өтті.

Толығырақ...

 

«Тәуелсіздік дәуірі» - Ұрпақ арасын жалғайтын туынды

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын таныстыру мақсатында Іле аудандық кітапханасында «Тәуелсіздік дәуірі» - Ұрпақ арасын жалғайтын туынды атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...

 

«Ауған соғысы жадымызда»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Ауғанстанның ұрыс даласында болып,ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері турасында түсінік қалыптастыру, әрбір оқырманға өз Отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай 16.02.2018 ж. КазЦИК ауылдық кітапханасында «Ауған соғысы жадымызда» атты КазЦИК ауылынан шыққан ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Толығырақ...

 

«Туған жерге тағзым»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасының «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» атты бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай «Туған жерге туыңды тік» аудандық интегралды –тәжірибелік форумы №6 Әнуар Молдабеков атындағы мектептің мәжіліс залында өтті. КазЦИК ауылдық кітапханасы «Туған жерге тағызым» -атты 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.

Толығырақ...

 

«Қатер қайдан демеңіз?»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Чапаев ауылдық кітапханасында терроризм және экстремизмге қарсы күресті насихаттауда «Қатер қайдан демеңіз?» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатқа № 45 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шарада келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Толығырақ...

 

«Назар аударыңыз: Жаңа кітаптар!»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Құрметті оқырмандар!!!
Кітап – заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Іле аудандық кітапханасы «Назар аударыңыз: Жаңа кітаптар!» атты тақырыпта жаңа келіп түскен әдебиеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысуға шақырады!!!

 

 

 

 

 

Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 

«Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында Алматы облыстық үздіксіз білім беру колледжінің 3-курс студенттерінің қатысуымен 19.02.2018 ж. Іле аудандық кітапханасында «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» атты тақырыпта медиа таным өтті.

Толығырақ...

 

«Жаңғыру - жазудан басталады»

Фото Аудандық Кітапхана Іле.Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік беру қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабына сай болуға, ана тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу мақсатында 19.02.2018 ж. Іле аудандық балалар кітапханасында «Жаңғыру - жазудан басталады» атты тақырыптық шолу өткізілді.

Толығырақ...

 

Көрме инсталляция

Іле аудандық кітапханасында ұйымдастырылған көрме инсталляция.

Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле. Фото Аудандық Кітапхана Іле.

 
Еще статьи...

/
Рейтинг@Mail.ru