ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 71
Просмотры материалов : 18360
Қазір сайтта
Сейчас 14 гостей онлайн

Кітапхананың тарихы

Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ қалыптасу мен даму жолында өз  тарихы бар қиын кезеңді  бастан өткерді. Талдықорған қалалық халық депутаттар Советінің шешімі бойынша  1948 жылдың  тамыз айында Талдықорған қалалық кітапханасын МТС-тің ғимаратында қалалық кітапхананы ашу туралы шешім қабылдады.1948 жылдың 2-ші  қыркүйегінен  бастап қалалық кітапхана жұмыс істей бастады.Кітап қоры бар болғаны – 1278 дана болған еді. 1968 жылы кітапхана арнайы салынған жаңа ғимаратқа көшті. Қазіргі Жансүгіров көшесі 149 үйде пешпен жылтылатын, төрт бөлмелі болды. 1977 жылғы КСРО Мәдениет Министрлігі алқасының №23/149 қаулысы бойынша бекітілген «Бірыңғай көпшілік кітапханалар жүйесін ұйымдастыру жөніндегі ережеге» сәйкес 1977 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып құрылды. Кітапхана жүйесінің бірінші директоры  Тамара Вылгжанина болды.1978 жылдан кітапхана жүйесінің  директоры болып Сауытбекова Камилә Сауытбекқызы 1985 жылға дейін қызмет етті.Кітапхана жүйесінің  құрамына 6 көпшілік және 2 балалар кітапханасы кірді.Кітапханада оқу залы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, өнер бөлімі, кітап қорын өңдеу және жинақтау бөлімі, бірыңғай кітап қорын сақтау бөлімдері  болды.


Кітапхана қызметкерлерінің  саны да көбейді.60-шы жылдары қала кітапханаларының ірге тасын қалаған алдыңғы толқын апайларымыз:Анна Суханова, Зоя Харченко, Тамара Сагитова, Анна Белоусова, Мария Дияченко, Зинаида Лукашова,  Сара Имандосова, Дулат Қасенова, Фая Ғабдуллина, Галя Леписа, Венера Ким, Сәндібала Дүйсебаева, Нина Кузнецова, Нина Сердикова, өз тәжірибелерін жастарға қалдырды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  құрамына 11 кітапхана филиалы кіріп, қаланың әр түпкір-түпкірінде орналасып, халыққа қызмет көрсетті. 1985 жылдан 2003 жылға  дейін директор қызметін Хайбуллина Фердауыз Шарифқызы атқарды.1987 жылдан бері қала әкімшілігінің ұйғарымымен қаладағы 3-4-5 шағын аудандағы тұрғындарының көбеюіне байланысты Жастар шағын ауданына 4 қабатты үйдің 2-3 қабатына  қалалық орталық В. Маяковский атындағы кітапханасы  көшіріліп, қазіргі уақытқа дейін оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетіп келеді. 1991 жылы тоқырау кезінде барлық кітапханалар филиалы жабылып, тек орталық В. Маяковский атындағы қалалық кітапхана ғана қалды.Айта кету керек көптеген кітапхана қызметкерлері өз мамандықтарына адал шын ниетімен беріліп, сол жылдары бірнеше кітапхананың кітап қорын толықтай сақталынуына  Фердауыз Хайбуллина,  Сарвар Айтбаева,  Дина Дорохова, Дария Касенова, Светлана Карсакова, Гүлжан  Исабаева, Фадина Абдрахманова сияқты қызметкерлер өз үлестерін қосты. 2001 жылы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болып қайта ашылғанда 2003 жылы  қалалық орталық кітапхана жүйесі қайта құрылды. Кітапхана жүйесінің құрамында 6 филиал  ашылып, жұмыс істеді. Бұл филиалдар сол кездегі Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бөлім бастығы Рахмет Разбекұлы Есдәулетовтың тікелей қолдауымен  ашылды.Олар: Қалалық орталық балалар кітапханасы,Қалалық №2 кітапхана- филиалы,Еркін ауылдық №3 кітапхана-клуб филиалы,Еңбек ауылдық №4 кітапхана-клуб филиалы,Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы.2008 жылдың күзінде Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы мен 3-ші бөлімшеге қарасты №7 кітапхана филиалдары ашылды.2003-2007 жылдары кітапхана жүйесінің директоры  Нұрқалбаева Нағима Жабайқызы  болды.2007-2015 жылға дейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлық қызметін  Фердауыз Шарифқызы Хайбуллина атқарды.2015 жылдан бері Талдықорған қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» директоры болып  Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы тағайындалып, ұжымды басқарып келеді. В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қаламыздың рухани қазынасын сақтаушы, білім ордасына айналып, талай ұрпақтар білім нәрімен сусындап, әлемдік өркениетке жетуде кітапхананың орны ерекеше. Кітапхана өлкетану тарихына басты назар аударуда. Оқырмандарға жерлес дара тұлғалармен,  ақын-жазушыларымен кедесу және тағы басқа іс-шаралар өткізіп тұрады. Мысалы: Елжас Бейсенбек, Сұлтан Илясов, Ораз Исмайлов, Әбен Дәуренбек, Әли Ысқабаев, Әміре Әрін, Әли Алпысбаев, Тұрар Бостанова, және тағы басқаларымен кездесу кештері, кітап тұсау кесерлері өткізіліп, өз қолтаңбаларын қалдырып, кітап қорына сыйға өз кітаптарымен бірге құнды әдебиеттерді де тарту етуде. Бүгінгі таңдағы кітапхана тек ақпарат орталығы ғана емес, зиялы қауым бас қосатын, жергілікті ақын-жазушылардың жаңа кітаптарының тұсаукесерлері мен шығармашылық әдеби кештері және кітапхана қабырғасында жиналып, өз бағыттары бойынша жұмыс жасайтын «Мөлдір бұлақ» үйірмесінің  бас қосатын, рухани ордасы болып отыр. Сонымен қатар оқу залында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетуде, ақпарат күндері, библиографиялық шолулар,  оқырманконференциялары және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.Орталық қалалық кітапхана бүгінде туған өлкеміздің экономикасымен, тарихымен, әдеби, мәдени өмірімен танысқысы келетін оқырмандарымыздың игілігіне айналуда. Сондай-ақ кітапхана білім саласында болып жатқан оңды өзгерістерді, ХХI   ғасыр талаптарына толық жауап беретін, көп салалы кітап қорымен, сапалы ақпараттық қызмет көрсету орталығына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

Рейтинг@Mail.ru