ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 150
Статьи : 142
Просмотры материалов : 29206
Қазір сайтта
Сейчас 9 гостей онлайн
Жаңалықтар Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүр

dini3 1.jpg - 2.79 Mbdini3 2.jpg - 2.80 Mb2017  жылы 17 қарашада Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  № 11 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның қонағы боп Еркін ауылдық мешітінің имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы  шақырылды.Шараның  мақсаты: оқушылардың  бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарды, дінге сенімін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, дінді ауғыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Діннің түпкі мақсаты адамзатты адамгершілікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелеу арқылы ұғынуы.  Имам  оқушыларға:  имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұрғанын және  Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым екенін,  ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі  екенін , барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы  екенін түсіндіріп  өтті.Шара барысында жақсы әңгіме құрылып, имам балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Рейтинг@Mail.ru