ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21268
Қазір сайтта
Сейчас 12 гостей онлайн

Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік

tayel.jpg - 1.63 Mb 2017 жылдың 13 желтоқсанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Талдықорған қаласының «Білім» гуманитарлық-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мәкенова Римма Советханқызымен колледж студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік» атты танымдық сағат өтті.Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан туралы , оның Тәуелсіздік жолындағы дамуы туралы мәлімет беру. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. «Білім» гуманитарлық колледжінің кураторы Толғанай Оразалиеваның жетекшілігімен 4 курс студенті Дана Мұқатова « Тәуелсіздік толғауы», куратор Самал Мұхаметкалидың жетекшелігімен 3 курс студенттері Керімхан Қызырбай « Астана жайлы айтарым», Руфина Мұхтар «Нұр ағаға», Мейіргүл Бексұлтан « Желтоқсан алаңы», Фарида Момбекова «Туған жер», Дамира Қажыкенова « Елордам Астана -20 жас» сонымен қатар куратор Жазира Бейсембаеваның жетекшілігімен Мөлдір Нұрсадық «Тынысымсың туған жер» атты арнауларын нақышына келтіре мәнерлеп оқып шықты. Жанель Жұмахан «Жер жаннаты Жетісу» және Дина Елтай «Туған жер» атты әндерін тамылжыта шырқап берді.Кітапханашы М.Қызайбаева жиналған оқырман қауымға «Тәуелсіздікке 26 жыл» және «Желтоқсан алауы» тақырыбында арнайы дайындалған слайдтарды оқырмандар назарына ұсынды. Кітапханашы А. Егізтаева Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараға барлығы 25 адам қатысты.

 

Рейтинг@Mail.ru