ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 71
Просмотры материалов : 18354
Қазір сайтта
Сейчас 3 гостей онлайн


« Б Е К І Т Е М І Н »
«Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры
Сейтжанова К. К.

 

КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

 

1. Кітапхананы пайдалану қағидалары - оқырманның кітапханамен  арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың , қорларды пайдаланудың  жалпы тәртібін  кітапхана  мен  оқырмандардың құқықтары  мен  міндеттерін белгілейді.

2. Кітапхананы пайдалану тегін.

3. Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың  оқу залында  пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

4. Кітапханада компьютер және басқа техникалық құрал–жабдықтар бар болған жағдайда оқырмандарға  дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер (CD) белгілі электрондық қор, бейне жазбалар, слайдтар, магнитофондық жазбалар, диафильмдер, кодопозитивтер  беріледі.

5. Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі  15 күн. Абонементтен  берілген басылымдар саны  шектеліп , сапалы  түрде белгіленеді.

6.  Сыныптан  тыс оқу үшін  15  күнге беріледі,

  • мерзімді басылымдар  2 атау санымен   2-3 күнге беріледі.
  • кітаптарды қайтарған кезде  кітап  формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының  қолымен өшіріледі.

7.   Баспа туындыларын  пайдалану мерзімі біткесін  15  күннен кейін  кітапханашы оны 2-3 күн мерзім ішінде қайрауы керектігі туралы  ескерту жасайды. Егер баспа туындылары бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, кітапханашы оқушының ата-анасына немесе оның  орнындағы адамдарға оларды қайтару  туралы хат-талап жібереді.

 

2. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

1. Оқырмандар мынаған міндетті:

әр жыл басында  оқырмандар қайта келуге ;

кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауға;

кітапханадан  алған басылымдарын белгіленген мерзімінде  қайтаруға;

кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына , ақпарат  тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға;

кітапханада тыныштық  пен  тәртіп сақтауға , бөлмеге үлкен портфельдер  мен сөмкелермен кірмеуге;

Оқырмандарға:

кітапханадан өздері қол  қоймаған    кітаптарды алып шығуға;

кітапхана басылымдарын бүлдіруге(оларға белгілер салу, сызу,  парақтарын  жырту, мұқабасын бүгу т.т);

каталогтар мен картотекалардан картішкелерді   шығарып алуға ;

ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзуға;

қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге болмайды;

кететін оқырмандарға, оқушыларға жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін ғана беріледі, кету парағына белгі қойдырады.

 

3. Оқу залы бар кітапханалар үшін оқу залын пайдалану қағидалары:

Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.

Оқу залына сөмкемен жеке және кітапхана кітаптарымен , газет-журналдармен, баспа туындыларының кесінділерімен және басқа да баспа материалдарымен  кіруге рұқсат етілмейді

Оқу залында берілетін кітаптар, басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.

 

Кітапханаға қалай жазылуға болады?

16 жастан асқан әрбір азамат кітапхана оқырманы бола алады. Кітапханаға тіркелу үшін үшін өзіңмен бірге мына құжаттар болу қажет:

- жеке басының куәлігі: жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігі;

- жұмыс орны немесе оқу орнынан анықтама және оқырман билетін рәсімдеуге қажетті басқа мәліметтер;

- жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері жеке басының куәлігі құжатынан басқа міндетті түрде оқушы немесе студенттік билетін ұсынуы қажет.

Кітапхана қызметтерін уақытша оқырман билетімен де пайдалануға болады.

Уақытша оқырман билетін алу үшін жеке куәлік қажет емес.

Көркем әдебиет абонементінен үйге кітаптар алу үшін Балқаш ауданында  тұрғылықты жері бойынша тіркелімі болуы қажет (Азаматтарды тіркеу кітабы).

 

Как записаться в библиотеку?

Читателем библиотеки может быть любой гражданин, достигший 16-летнего возраста. Для получения постоянного читательского билета необходимо иметь при себе:

  • документ, удостоверяющий личность: удостоверение личности, паспорт или водительские права;
  • справку с места работы или учёбы и сообщить другие сведения, необходимые для оформления читательского билета.
  • студенты и учащиеся высших и средних специальных учебных заведений в обязательном порядке должны предъявить вместе с документом, удостоверяющим личность студенческий билет или билет учащегося.

Для того, чтобы  взять книги домой на абонементе художественной  литературы необходимо предоставить сведения о наличии постоянной прописки в городе Талдыкорган.

 

Рейтинг@Mail.ru