ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 71
Просмотры материалов : 18357
Қазір сайтта
Сейчас 9 гостей онлайн

"Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы

 .jpg - 110.61 Kb

1984 жылы Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтты «Педагогика және психология» мамандығы бойынша  бітірген.

2017 жылы  Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірді.

1984 жылдан 1997 жылға дейін С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында әдістеме бөлімінде жұмыс істеді.

1997 жылдың қантарында сол кездегі облыстық балалар кітапханасының директоры болып тағайындалды.

2015 жылдан "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Балалар кітапханасында жұмыс істеген жылдары кітапханада Республикалық семинар, қалалық семинар, О.Бөкей атындағы жасөспірімдер арасында көркемсөз оқу шеберінің байқауы, «Тілім менің тірлігімнің  айғағы» үздік шығармалар байқауы, ҚР –ның Рәміздерін насихаттау аясында қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Менің елімнің Рәміздері» мәнерлеп оқу байқауы және «Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың сана – сезімін қалыптастыру» облыстық семинар-кеңес 2008 жылы өткізілді.

2011 жылы Челябинск қаласынан келген мамандардың С.Бегалин атындағы Мемлекеттік Республикалық балалар кітапханасында өткізген   мастер-классқа қатысып, «Кітапхана-кітап оқуға ашық әлем», 2009 жылы Бегалин оқуларында «Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту»  тақырыбында және  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында әр жылдарда өткізілген семинарларда 2009, 2008 , 2007 , 2006 , 2005 , 2004 жж балалар кітапханасының жұмысымен таныстыру  мақсатында баяндамалар жасады. «Мәңгілік мұра» бағытында «Туған елге тағзым» жобасы бойынша «Кітапханаға кітап сыйла» айдары аясында жұмыстар жүргізді.

Күлпан Қалкенқызының алдына қойған мақсаты кітапхана жұмысының деңгейін түсірмеу, жаңалықтар мен соны бастамаларға ізденіспен қарап, шаруаға ұқыпты, ұжымға ұйтқы болу.  Кітапхананың күнделікті жұмысына, ұжымның ішкі ахуалына баса назар аударады. Орталық қалалық балалар кітапханасына 2011жылы  күрделі жөндеу жұмыстары ойдағыдай жүргізілді.

С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Жыл көрмесі-2006» «Сәкен оқулары» аясында өткен байқауларда кітапхана жүлделі орындар алды.

Қоғамдық жұмыстарда қалалық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін бірнеше жыл қатарынан  абыройымен атқарып келеді.

2003 жылы сол кездегі  С.Бегалин атындағы  Мемлекеттік Республикалық кітапхананың  алғыс  хатымен,  2001, 2005  жылдары қала әкімінің алғыс хатымен, 2012, 2014, 2016  жылдары Талдықорған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен»,  2009, 2014 жылдары  қалалық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен»,  2011 жылы Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының алғыс хатымен және  2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы»  мерекелік медалімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы»  мерекелік медалімен марапатталды.

 


 

Әдіскер

Мыңжасарова Анар Қалиқызы

телефон: +8(7282)25-56-19

Кітапханалар жұмысының инновациялық түрлері мен тәсілдерін үйренуге көмектесу, озық іс-тәжірибелерді тарату, мамандардың білімін жетілдіру,  олардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау, кітапханалардың жұмысын үйлестіру және салалық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс жүргізедӘр кітапхананың ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік көмек көрсету;
  • Өз кітапханасының жұмысын, сонымен қатар әдістемелік орталыққа қарасты кітапханалар жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Алдын-ала жасалынған жоспармен кітапханашыларды қызықтыратын белгілі бір тақырып бойынша жеке және топтастырып кеңес беру;
  • Зерттеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында кітапханаларды аралау;
  • Әдістемелік бірлестіктегі кітапхана жүйесіне озат кітапханалық жұмыс тәжірибесін енгізу;
  • Әдістемелік көмекші құралдар, ұсыныстар, нұсқаулар құрастырып  мәліметтерге анализ жасау;
  • Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • Жаңашыл үрдістерді жұмыс барысына енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

Әдіскер өз қызметінде кітапханаларды аралаумен қатар, әдістемелік көмекші құралдар, ұсыныстар, нұсқаулар құрастырып отырады. Бұл белсенді кеңес беріп, әдістемелік ықпал етудің негізгі тәсілі болып саналады.

Кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеруде әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану кітапханашы мамандығы мәртебесінің өсуіне, оқырмандарға қызмет көрсету сапасының жоғарлауына, шығармашылық ынтасының дамуына мүмкіндік туғызады.

 

 


 

Библиограф

Библиограф:  Қызайбаева Меруерт Құрманғазықызы

Телефон: +8 (7282) 25-56-19

Библиограф оқырмандар сұраныстарын орындайды және библиографиялық материалдар мен ұсынылатын әдебиеттердің тізімдерін шығарып тұрады. Сонымен қатар кітапхана қоры библиограф басып шығаратын библиографиялық басылымдар есебінен де толықтырылып отырады.Бөлімге келіп түскен сұраныстар бойынша құралдарды басып шығарғанда, бүгінгі күннің маңызды тақырыптары басым орын алады. Өлкетану тақырыбын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді.


 

•қызметті ОКЖ директоры бекіткен жылдық (перспективалық) жоспары негізінде іске асыру;

•ОКЖ және ҚОК-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша бағдарламалар жасауға қатысу;

•бөлімнің ақпараттық-библиографиялық  жұмыстарын ОКЖ-нің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа кітапханалармен, сонымен қатар қала мекемелерімен байланыстыру;

•ОКЖ қызметкерлері арасында кәсіби біліктілігін көтеруді ұйымдастыру.

•ақпараттық – ОКЖ-нің түрлі топтағы оқырмандарын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

•білім беру – ОКЖ жағдайында ақпарат жұмыстары бойынша библиографиялық  оқулар, семинар-тренингтер ұйымдастыру негізінде іске асырылады;

•мәдени – Қазақстан Республикасының мәдени мұраларына эстетикалық талғамын   жетілдіру арқылы қалыптастырады;

•анықтамалар орындау (ауызша, жазбаша)

•мәдени шаралар өткізу:

•библиографиялық сабақтар

•семинар-тренинг

•ақпарат күндері

•өлкетану оқулары

•баспа өнімдерін шығару:

•жаднама

•әдебиеттер және мақалалар тізімі

•дайджест-ақпарат т.б.

•оқырмандарды (жеке, топтық, ұжымдық) ақпараттандыру.

 

 


 

 

 

Рейтинг@Mail.ru