ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 71
Просмотры материалов : 18353
Қазір сайтта
Сейчас 2 гостей онлайн

«Тіршілік көзі- салауатты болашақ»

Мойнақ ауылындық №6 кітапхана филиалының    17 қараша күні 6 сынып оқушылар арасында «Тіршілік көзі- салауатты болашақ» атты әнгіме сағатты өткізілді. Еліміздің   Президенты  Н.Ә.Назарбаев  «Казахстан 2050» стратегиялық  бағдарламасында   қасалауаттық  өмір  салтың орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын  жақсарту  бағытында  жұмыс жүргізу  қажеттілігін  атап көрсетті.

толығырақ

 

Спорт – елді әлемге танытады

nesi.jpg - 182.28 KbСпорттың адам өмірінде алатын орны ерекше, еліміздің спорт саласы қарқынды дамуда . Дене шынықтыру мен спортқа ден қойған адамдар саны жыл санап артып келеді. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, сымбатты, қайратты әрі шыдамды келеді. Қалалық №2 кітапхана филиалы  17 қараша күні  «Спорт – елді әлемге танытады»  деген тақырыпта кең көлемді  кітап жәрменкесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

Дін мен дәстүр

dini3 1.jpg - 2.79 Mbdini3 2.jpg - 2.80 Mb2017  жылы 17 қарашада Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  № 11 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның қонағы боп Еркін ауылдық мешітінің имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы  шақырылды.Шараның  мақсаты: оқушылардың  бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарды, дінге сенімін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, дінді ауғыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

толығырақ

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған

tor.jpg - 1.25 MbӨтенай ауылдық №5 кітапханасында  15 қараша күні Респубикалық "Бір ел бір кітап" акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған» атты әдеби сағат өтті. Оған №21 мектептің 7-8 сынып оқушылары мен қазақ тілі және  әдебиеті пәнінің мұғалімі Әтеева Күлән Сәменбайқызы қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Г.Сейлханова жүргізіп, ақын шығармашылығына арналған «Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт» атты баяндамасын оқыды. Шара барысында сөз кезегін алған К.Сәменбайқызы оқушыларға ақын туралы кеңінен әңгімелеп берді.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу –әлемдік ақпараттың құралы

don.jpg - 2.25 MbМойнақ ауылдық  №6 кітапхана филиалында    8 қараша күні  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу –әлемдік  ақпараттың құралы» атты танымдық сағаты өтті. Шара латын әлібиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Шараға №23 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Шараның негізгі бөлімінде оқушылар «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

толығырақ

 

Жаңғыру жазудан басталады

jasu.jpg - 53.65 KbН.Назарбаев бағдарламалық мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы  бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне  байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жүр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – деп жазды. Осы мақсатта қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 3-ші жұлдызында №14 мектептің 7 «а» сынып оқушыларымен «Жаңғыру жазудан басталады» атты хабарлама сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Сыбайлас жемқорлық

jev.jpg - 2.65 Mb 7 қараша  күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  «Сыбайлас жемқорлық» атты кездесу сағаты  өткізілді. Кездесуге Еркін ауылдық әкімшілік округінен әкім орынбасары Рыспеков Қанат  Сағымқанұлы, әкімшіліктің бас маманы  Иманғазинова Жұлдыз Маратқызы  мен  № 11 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашылар балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, одан мемлекетке қандай зиян келетіні туралы айтып өтті. Қанат  Сағымқанұлы мен Жұлдыз Маратқызы балаларды  қазірден бастап жемқорлықпен күресіп, болашақта заң жолымен жүріп, сыбайлас жемқорлықпен жалықпай күресуге шақырды. Балалар  осы тақырыптағы  өздерінің  сұрақтарын қойып оған  жауаптар алды.

Подробнее...

 

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

mymkin2.jpg - 118.12 Kb Қалалық №2 кітапхана филиалында 30 қазан күні жоспар бойынша 2- шағын ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды өз қамқорлықтарына алып, үйлеріне кітап апарып беруді дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан шет қалдырмай олардың  кітап оқу мәдениетін қалыптастыра отырып,    қалаған кітабын оқуына қол ұшын беру,  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, рухани жағынан байи түсуіне жәрдемдесу мақсатында үйге кітап апарып береміз.

толығырақ

 

Дін адамгершілік пен ақиқат негізі

til men.jpg - 81.90 KbБүгінде дін тақырыбы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Дін адамгершілік пен ақиқат негізі» деген тақырыпта жастар арасында шара өткізді. Шараға заң колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева жастарға әлемдегі орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың басым көпшілігі дін саласының төңірегінде өршіп отырғаны туралы айтты. Интернет желісі арқылы түрлі ағымдарды насихаттап, орыс тіліне аударылған тегін әдебиеттерді таратып, ақша береміз деген арбауларына түсіп, қандастарымыздың санасын улап өз қатарларына көптеп қоса білді.

толығырақ

 

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі

2filial.jpg - 67.69 Kb 25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы жасөспірімдер арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» деген тақырыпта кең көлемде кітап көрмесін безендендірді. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы, тілдерді қолдау мен дамытудың 2011 - 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және кітапханаға келіп түскен тілге байланысты әдебиеттер қойылды. Көрмеге шолу жасалып, балалар көрмедегі әдебиеттермен танысып, өз қызығушылықтарын танытты. Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін насихаттау, еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, оны құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге баулу.

толығырақ

 

Мәдени мұра – мәңгілік

20 қазан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында №10 мектептің 6-7 сынып оқушылармен және Политехникалық колледждің студенттері арасында «Мәдени мұра – мәңгілік» деген тақырыпта кең көлемді кітап көрмесі безендірілді. Кітап көрмесіне «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жарық көрген «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Батырлық жырлар» антологиясы т.б. аймақтың тарихи ескерткіштері жайында жан-жақты мәлімет беретін кітаптар қойылды. Кітапханашы К.Табылдинова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

толығырақ

 

Ақындардың сұлтаны- Сұлтанмахмұт Торайғыров

img_1500.jpg - 1.61 Mb24 қазан 2017 жылы В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір ел-бір кітап: Ақындардың сұлтаны- Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференциясының мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу. Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу болды.img_1509.jpg - 1.55 Mb

толығырақ

 

Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби

1395 1.jpg - 1.68 Mb19 қазан 2017 жылы В.Маяковский атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын графикасына көшу мақсатымен «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты дөңгелек үстел Талдықорған қаласының политехникалық колледжінің студенттері және № 14 орта мектеп-гимназиясының 9, 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел қонақтары ретінде ақын – Жүкел Хамай, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысылары Ш.Т.Абдушарипова, Ж.Д.Толымбеков, Талдықорған политехникалық колледжінің қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің оқытушысы- З.Д. Есболатова шақырылды. Кітапханашы жиналған оқырман қауымға « Қазақ әліпбиінің тарихын» слайд арқылы баяндап берді.

толығырақ

 

Әлем таныған – Әуезов

img-20171020-wa0014.jpg - 123.38 Kb20 қазан 2017 жылы Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында Мойнақ ауылдық № 23 орта мектептің қатысуымен М.Әуезовтың 120 жылдығына орай «Әлем таныған – Әуезов» атты әңгіме сағаты өтті. Кештің мақсаты Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам

pikir almacy.jpg1.jpg - 373.06 KbЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық №2 кітапхана филиалы 13 қазан күні «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» деген тақырыпта пікір алмасу шарасын өткізді. Шараға заң колледжінің ұстаздары, студенттері қатысты.Шараның мақсаты: Ел болашағы үшін қабылданғалы отырған шешімге қолдау көрсете отырып. Жастарға латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру және ой бөлісе отырып пікірлерін білу.Кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева шара барысында латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру мақаласы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап айтты. Қазіргі таңда қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Латын әліпбиіне көшу елімізге не береді, не ұтамыз, неден ұтыламыз деген ой бәрімізді ойландырады. Еліміздің болашағы жастар сіздерсіздер, сондықтан сіздермен ой бөлісуді жөн көрдік. Заң колледжінің ұстаздары мен студенттері латын әліпбиіне көшу туралы өз ой – пікірлерімен бөлісті.

толығырақ

 

Әнімен ат оздырған Әсет ақын

maiak.jpg - 23.22 Kb2017 жылғы 17 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ақын, композитор Ә. Найманбаевтың 150 жылдығына орай «Әнімен ат оздырған Әсет ақын» атты музыкалық сағат өткізілді. Шараға құрметті қонақ ретінде Жетісу гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Ілиястанушы Имангазинов Мұратбек Мүбераханұлы, Сүйінбай атындағы облыстық филормониясының әншісі Абылай Қармысов және «Талдықорған әуендері» ансамбльінің әншісі Абылай Қожақов шақырылды.maiak1.jpg - 35.43 Kb

толығырақ

 

Сыбайлас жемқорлық

img_20171011_110052.jpg - 1.64 Mb2017 жылы 11 қазан күні Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Сыбайлас жемқорлық» атты кездесу өткізілді.Кездесуге Еркін ауылдық округі әкімнің орынбасары Рыспеков Қанат Сағымқанұлы, Еркін ауылдық округі әкіміі аппаратының жетекші маманы Иманғазинова Жұлдыз Маратқызы мен № 11 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.Шарада кітапханашылар балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, одан мемлекетке қандай зиян келетіні туралы айтып өтті.Қанат Сағымқанұлы мен Жұлдыз Маратқызы балаларды қазірден бастап жемқорлықпен күресіп, болашақта заң жолымен жүріп, сыбайлас жемқорлықпен жалықпай күресуге шақырды. Балалар осы тақырыптағы өздерінің көптеген сұрақтарын қойып оған жауаптар алды.Шараның мақсаты: жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушыларға сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. img_20171011_110118.jpg - 1.71 Mb

 

Қазақстаным - Отаным

sam_1041 1.jpg - 3.53 Mb9 қазан күні Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында «Қазақстаным - Отаным» атты кітап көрмесі безендіріліп, оған 10 сынып оқушыларын шақырып көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесінде Елбасының еңбектері, Жолдау, Алаш автономиясы өкіметінің - 100 жыл, және «Болашаққа бағдар - Рухани Жаңғыру» мақаласына тоқталып оқушыларға қысқаша ақпараттар берілді. Шара соңынан кейін Елбасының 5 кітабы қолға берілді.

 

 

Қарттарым асыл қазынам

carttar kyni.jpg 1.jpg - 95.60 Kb 2017 жылғы 3 қазанда В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Жыр жұлдызы» клубының ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне орай « Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті. Кешке № 16 орта мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар: Амантай Қойлыбаев , Оңдасын Елесов , Омар Көшербаев , Нұрсұлтан Баримбетов сынды аталар қатысты. Мерекелік кеште В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Ләйла Бейсембаева қарияларға зор денсаулық тілеп, мерекелерімен құттықтады.

толығырақ

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану

tilder.jpg - 46.72 Kb Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез – келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Гимні, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін – ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған.Тіл заңын меңгере отырып, жасөспірімдер мен көпшілік оқырмандардың өз халқының тілін дамытуға, құрметтеуге, гүлдендіруге, өзі үлес қосуға тәрбиелеу; өз ана тілін, мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттардың тілін құрметтеуге тәрбиелеу барысында 3- ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Тіл тұмар – бір шынар» атты тұрақты кітап көрмесі жыл бойына безендіріліп, кітапханаға келген жаңа оқырмандар арасында жиі – жиі библиографиялық шолу жасалып тұрды.

толығырақ

 

Мәдени мұра бағдарламасы

 

medini mura.jpg - 46.73 Kb Елбасы Н.Назарбаев 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына Жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Ал, 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды. Сөйтіп, ел мен халыққа рухани азық, мәдени тірек және болашағына шырақ берген мемлекеттік ауқымды шараға Елбасының өзі тікелей ұйытқы болды.«Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – «мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс», - деп Елбасы Н. Назарбаев атап өткендей, дәстүрлі мәдениетті жаңғырту жолында түрлі жұмыстар атқарылуда.Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің барлық кітапхана филиалдарында «Мәдени мұра» бағдарламасына жұмыс жоспары құрылып, бағдарлама қабылданғаннан бері бірқатар іс-шаралар өткізіліп келеді. Кітапхананың кітап қоры жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылуда.Кітапханалар 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасын оқырмандарға насихаттап келеді. 2004 жылы қала кітапханаларына бұл бағдарлама бойынша 50 кітап түссе, бүгінде кітапханаларымызға 4237 кітап түсті.В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы айдарда түскен жаңа әдебиеттерге жергілікті «Талдықорған» газетіне ақпараттық ұсыныс тізімі беріліп, қала тұрғындарын «Жаңа кітаптар» бюллетенімен таныстырып, жаңа түскен кітаптарға библиографиялық шолулар жиі жасалынды. Мысалы, «Бабалар сөзі» – жүз томдықтың 66 томы, «Қазақ мақал-мәтелдері» «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы». т.б кітаптар жиі сұраныста болады.


толығырақ

 

Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт

toraigyrov.jpg - 3.14 MbҚыркүйек айының 19 жұлдызында Қалалық орталық балалар кітапханасының  жоғарғы сыныпқа қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 7-8 сынып оқушыларымен     Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты поэзия кеші өткізілді.   Шараның мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын  арттыру, өлеңдерін 1toraigyrov.jpg - 3.10 Mb оқуға дағдыландыру. Отанға, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, адамгершілікке тәрбиелеу. С. Торайғыровтың шығармаларымен  тереңнен таныстыру. Кеш барысында кітапханашы Ж.Искакова ақынның өмірімен шығармалары мен таныстырды. «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» дей отырып,  оқушылар С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқыды. С.Торайғыровтың шығармалары көңілімізге жігер, өмірімізге қуат береді. Шара барысында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмут» аты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Шараға 42 оқушы қатысты. Шара тартымды да қызықты өтті.

 

 

 

 

Туған жерге туыңды тік акциясы

 

«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында тарихи мазмұны жоғары басылымдарды кітапхана қорына сыйға қабылдайтынын жариялайды.

Акция мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және «Туған жер бағдарламасы» аясында өткізіледі.


толығырақ

 

Білім сапары сәтті болсын

bilim kyni.jpg - 29.18 Kb Қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қыркүйек айының 2-ші жұлдызында №2 мектептің оқушыларымен  «Білім сапары сәтті болсын» атты экскурсия ұйымдастырылды.   Мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Кітапханашы Л.С.Дайрабаева балаларды  кітапханамен, кітап қорымен, кітаптың түрлерімен таныстырып, кітаптың ерекше қасиеттерін, туралы әңгімеледі. Бүлдіршіндер қызығушылығын білдіріп оқырман ретінде  жазылып, кітаптар алды.

 

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru