ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 151
Статьи : 143
Просмотры материалов : 29306
Қазір сайтта
Сейчас 1 гость онлайн
Жаңалықтар

Рахмет саған Отаным

1 erkin.jpg - 2.55 MbЕркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  1 наурыз- Алғыс айту күніне орай 1 наурыз күні  № 26 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Рахмет саған Отаным» танымдық  сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Жаңа мерекенің  мәні мен тарихи негізін түсіндіру. Көп ұлтты Қазақстан тарихына  деген  патриоттық   және мақтаныш сезімін ояту.Этносаралық қарым- қатынаста құрмет мен төзімділікке  тәрбиелеу.  Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.2 erkin.jpg - 2.69 Mb

толығырақ

 

Латын әліпбиі: жаңғыру мен жазудан басталады

2lena.jpg - 3.71 Mb Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қалалық №2 кітапхана филиалы 28 ақпан күні «Латын әліпбиі: жаңғыру мен жазудан басталады» деген тақырыпта Заң колледжі студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

толығырақ

 

Барша әлем саған рахмет

caltanat.jpg - 1.99 MbӨтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай «Барша әлем саған рахмет» атты  хабарлама сағаты өтті. Шараға №21 мектептің  7 «Ә» сыныбының жетекшісі Роза Әбдірасылқызы өз оқушыларымен қатысты. Мақсаты: жастарға  Алғыс айту күнінің ерекшеліктерін, мағынасын түсіндіру. Бір – біріне үнемі жақсы ойда болып, жылы сөз, қайрымды іс жасап, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтуға шақыру.caltanat1.jpg - 2.06 Mb

толығырақ

 

Алғыс айту – парызым

2018 жылдың 1 наурыз күні Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында «Алғыс айту – парызым» атты әңгіме сағаты № 22 орта мектептің 7 -8 сынып оқушыларымен өткізілді. Кітапханашы Ә.Құндақбаева оқушыларға Алғыс айту күніҚазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні екенін. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні екенін айтып өтті.nazgul33.jpg - 3.56 Mb

толығырақ

 

Тәуелсіздік дәуірі, ұлы дәуір

farida.jpg - 56.02 Kb Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 27-шы жұлдызында № 2 мектептің 8 «Ә» сынып оқушыларымен Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау аясында «Тәуелсіздік дәуірі, ұлы дәуір» атты жедел әңгіме сабағы өткізілді. Мақсаты: Тарихта қалатын бұл кітапты оқырмандарға жан-жақты насихаттау. Оқырмандарымыздың рухын көтеру.Жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

farida1.jpg - 53.72 Kb

толығырақ

 

Дін бірлігі – ел тұтастығы

din.jpg - 51.27 Kb Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 26-шы жұлдызында «Дін бірлігі – ел тұтастығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларды діни наным - сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету, Ислам діні туралы түсініктерін кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт - дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Кітапханашы Г.Майлянова оқушыларды кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады

 

Астана – арман қала

nasgul.jpg - 3.53 Mb

Қазақ елінің жауһар қаласы – «Астананың 20 жылдығына» орай Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында № 22 мектептің 2 – сынып оқушылары арасында,  ақпан айының 21 жұлдызында «Астана – арман қала» атты  сурет салудан байқау өткізілді.Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында сәулеті мен дәулеті артқан ару қала Астананың көрікті жерлері туралы таным қалыптастыру, Астанамыздың тарихына деген қызығушылықтары мен ой-өрісін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік дарыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады.nasgul1.jpg - 3.50 Mb

толығырақ

 

«Әміре –ән көгінің айнасы»

2018 жылдың 21 ақпанында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының № 16 орта мектебінің 8сынып оқушыларының қатысуымен әнші Әміре Қашаубаевтың 130 жылдық мерейтойына орай  «Әміре –ән көгінің айнасы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің аса әйгілі тұлғасы –Әміре  Қашаубаевтың әншілік өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау. Ақынның  азаматтық,  адамдық бейнесін жан - жақты таныту, өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу, қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.

 

Подробнее...

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс

 

20.02 2.jpg - 3.04 MbАқпан айының 20-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде  № 2 мектептің 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс» тақырыбында жедел сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; дүниетанымдарын кеңейту, адамдық қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижеге өз мүмкіндіктерімен жетуге тырысу.

Подробнее...

 

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыр

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға орай Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2018 жылдың 16 ақпан күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи-танымдық сағаты өткізілді. Аталмыш шараға Мойнақ ауылындағы №23 мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Тарихи-танымдық сағат барысында Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі бойынша дайындалған бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға мазмұны түсіндірілді.

толығырақ

 

Ауғанның от жалыны

2018 жылдың 16 ақпанында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының № 12 орта мектебінің  9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауғанның от жалыны» атты ақпарат сағаты өтті. Шараның мақсаты:  Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу, ардагерлердің ерлігін дәріптеу, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу.Шарада кітапханашы  А.Егізтаева  «Ауғанның от жалыны», ал бөлім меңгерушісі  Е. Аханова «Ауған соғысының ардагерлері» атты слайд көрсетті. 9 сынып оқушылары  Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлең жолдарын оқыды.

Қорытынды сөз  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейітжанова Күлпан Калкенқызына берілді.  Шараға барлығы 25 адам қатысты.

 

Подробнее...

 

Ауғанстан ақиқаты

aygan.jpg - 194.68 KbҚалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 15-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «а» сынып оқушыларымен «Ауғанстан ақиқаты» атты патриоттық сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру. Келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы Ж.Искакова оқушыларды Ауған соғысының тарихымен таныстыра отырып, бұл соғыс - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер... Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа Отансүйгіштіктің үлгісі ретінде ешқашан ұмытпау керек екенін айтып өтті.Шараға 30 оқушы қатысты

 

Астанам - мақтанышым

astana.jpg - 181.40 Kb Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 12-ші жұлдызында № 2 мектептің 5 «ә» сынып оқушыларымен еліміздің бас қаласы Астанамыздың 20-жылдық мерейтойына орай «Астанам - мақтанышым» атты әңгіме сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін astana11.jpg - 127.08 Kb деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

толығырақ

 

Тәуелсіздік дәуірі

2018 жылдың 14 ақпанында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабына арналған  кітап тұсаукесері өтті. Шараның мақсаты: Оқырмандарды жаңа кітаппен таныстыру, кітаптың мазмұнында баяндалған Егеменді еліміздің 1991 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі тарихтан орын алған оқиғаларынан мәлімет беру.Отансүйгіштікке баулу, патриоттық қасиетін ояту.

 

толығырак

 

Жолдау – еңселі елдің ертеңі

 

nesipkyl.jpg - 104.01 KbҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын насихаттау барысында 9 ақпан күні қалалық №2 кітапхана филиалы қаламыздағы заң колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жолдау – еңселі елдің ертеңі» деген тақырыпта ақпарат сағатын өткізді. Кітапхана меігерушісі Н.Кәрібаева жастарға Елбасның биылғы Жолдауы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жаңа белестерге көтерудің нақты бағдарламасы екенін, заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барлық қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу жолындағы қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат екенін айтты. 

толығырақ

 

Қазақстан – 2050 стратегиясы болашақтың баянды бағдарламасы

lena1 2.jpg - 105.25 Kb «Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абройлы жол. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жария еткен болатын. Бір мақсат – бұл Мәңгілік Елді нығайту, біздің Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту. Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылығымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз. Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының өркендеуі.  Осы идеяны насихаттау мақсатында 8 ақпан күні қалалық №2 кітапхана филиалында  «Қазақстан – 2050 стратегиясы болашақтың баянды бағдарламасы» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

Жетісу өлкесіне саяхат

jeticy1.jpg - 143.88 Kb Ақпан айының 5-ші жұлдызында № 11 мектептің 5 «А» сынып оқушыларымен Орталық қалалық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, Рухани жаңғыру: «Болашаққа бағдар» мақаласы аясында, «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Жетісу өлкесіне саяхат» тақырыбында саяхат сағаты өткізілді.

толығырақ

 

Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы

jolday.jpg - 174.41 Kb Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 1-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «ә» сынып оқушыларымен «Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы» атты информина өткізілді. Мақсаты: жалпы Жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін , биылғы Елбасының 2018 жылғы 10-шы қаңтардағы Жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істерін оқушыларға жеткізу.jolday1.jpg - 142.63 Kb Сабақ барысында шара қонағы Ардагерлер үйінің мүшесі Болат Есенғалиұлы оқушыларға бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, мемлекеттің тағдыры екенін түсіндіріп берсе, кітапханашы Г.Майлянова слайд арқылы жолдаудағы негізгі 10 бағытты атап көрсетті. Сабаққа 25 оқушы қатысты

 

 

«Сұлу сөздің саңлағы»

2018 жылдың 1 ақпанында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларының  қатысуымен балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың  туғанына  80 жыл толуына орай  «Сұлу сөздің саңлағы» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға  балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке  үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.  Кітапханашы  М.Кызайбаева  ақынның кітаптарымен таныстырды. Мектеп оқушылары, яғни  Ж.Рахматуллина,  Ә. Аманжолқызы, Д.Шакарова, Ә.Рысхан, Р.Асанәлі, А.Нұрғазиева, Е.Сайлаубай, А.Ғабит, Д.Тоқтамыс, Г.Ади лова, А.Базарбекова, А.Мырзалы  слайд арқылы ақынның өлеңдерін оқып берді. Шараға барлығы 57 оқушы қатысты.

 

 

Кітап әлеміне саяхат

nternat3.jpg - 126.23 KbҚаңтар айының 30-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп –интернатында 5-6 сынып оқушыларымен «Кітап әлеміне саяхат» атты шара ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу.

толығырақ

 

Президент Жолдауы – халықтың қолдауы

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Қазақстанның кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жария етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жаңа Жолдауды көпшілікке насихаттау мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 29 қаңтар күні «Президент Жолдауы – халықтың қолдауы» деген тақырыпта хабарлама сағаты өткізілді.

толығырақ

 

Қазақ халқының рухани көсемі

2018 жылдың  қаңтардың 15 жұлдызында  3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында халқымыздың  көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты  ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ халқының рухани көсемі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

толығырақ

 

Арқа төсіндегі ару қала

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің бас қаласы  Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың  15 қаңтар күні 3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында «Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітапханашы К.Табылдинова  көрме жанында библиографиялық шолу жасады.  Көркімен көз тартып, тамашасымен таң қалдырып келе жатқан Елордамыздың әсерлі суреттерінен: Көкке шаншылған «Бәйтерек»,  «Ханшатырынан» және т.б   слайд көрсетілді. 

толығырақ

 

Ұлт мақтанышы

rimova.jpg - 1.13 Mb
Өтенай ауылындағы №5 кітапхана филиалында 15 қаңтар күні қазақ халқының көрнекті актрисасы, Қазақ КСР - інің халық әртісі Римова Бикен Ырымқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты өнер сағаты болып өтті. Өнер сағатына №21 мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға қатысушыларға Бикен апайымыздың өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, атағы кеңге жайылған апамыздың шығармашылығына тоқталдық.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru