ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 98
Просмотры материалов : 21336
Қазір сайтта
Сейчас 3 гостей онлайн

Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт

toraigyrov.jpg - 3.14 MbҚыркүйек айының 19 жұлдызында Қалалық орталық балалар кітапханасының  жоғарғы сыныпқа қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 7-8 сынып оқушыларымен     Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты поэзия кеші өткізілді.   Шараның мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын  арттыру, өлеңдерін 1toraigyrov.jpg - 3.10 Mb оқуға дағдыландыру. Отанға, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, адамгершілікке тәрбиелеу. С. Торайғыровтың шығармаларымен  тереңнен таныстыру. Кеш барысында кітапханашы Ж.Искакова ақынның өмірімен шығармалары мен таныстырды. «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» дей отырып,  оқушылар С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқыды. С.Торайғыровтың шығармалары көңілімізге жігер, өмірімізге қуат береді. Шара барысында «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмут» аты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Шараға 42 оқушы қатысты. Шара тартымды да қызықты өтті.

 

 

 

 

Туған жерге туыңды тік акциясы

 

«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында тарихи мазмұны жоғары басылымдарды кітапхана қорына сыйға қабылдайтынын жариялайды.

Акция мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және «Туған жер бағдарламасы» аясында өткізіледі.


толығырақ

 

Білім сапары сәтті болсын

bilim kyni.jpg - 29.18 Kb Қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қыркүйек айының 2-ші жұлдызында №2 мектептің оқушыларымен  «Білім сапары сәтті болсын» атты экскурсия ұйымдастырылды.   Мақсаты: Оқушыларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Кітапханашы Л.С.Дайрабаева балаларды  кітапханамен, кітап қорымен, кітаптың түрлерімен таныстырып, кітаптың ерекше қасиеттерін, туралы әңгімеледі. Бүлдіршіндер қызығушылығын білдіріп оқырман ретінде  жазылып, кітаптар алды.

 

 

Ата Заң елдік нышаны

constitusij.jpg - 75.43 KbӨтенай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және ауылдық №5 кітапхана филиалының біргіп ұйымдастыруымен 28 тамыз күні сағат 10-00 де Қазақстан Республикасының Конститутциясы мерекесіне орай «Ата Заң елдік нышаны» деген тақырыппен танымдық сағат болып өтті. Оған ауыл тұрғындары мен кітапхана оқырмандыры, мәдениет үйінің қызметкерлері және директоры Б.Қ.Түстікбаев қатысты.5.jpg - 98.63 Kb


(Шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Гимнінің орныдалуымен басталады) Шараның мақсаты: Жастардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, оларды саяси сауаттылыққа баулу; өз құқықтарын қорғай білуге баулу. Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; Мерекелік шараны ауылдық №5 кітапхана филиалының қызметкері Гүлнар Сейлханова жүргізді. Алғашқы құттықтау сөзді мәдениет үйінің директоры Б.Қ.Түстікбаев мерекелік құттықтау сөзімен ашты. Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Маржан Керейбаева шараға арнайы дайындаған «Ата Заңым айбыным» атты баяндамасын оқып, Ата заңымыз туралы кең көлемде айтып өтті. Заңымызда көрсетілген «Балалар конвенциясы туралы» мәліметті мәдениет үйінің әдіскері Айнұр Жұмаханова жалғастырды.Шараға қатысушыжастар да өз ойларын ортаға салып, Заң алдындағы жауапкершілктерін ұғынып, өз құқықтарын дұрыс пайдалан білетіндіктерін айтты. Шара соңында «Ата Заңым айбыным» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Г.Сейлханова библиографиялық шолу жасады. Шараға 23 адам қатысты.

 

 

 

Біз өмірді таңдаймыз

fleshmob.jpg1.jpg - 169.93 KbШілде  айының  26-жұлдызында  қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына  қызмет  көрсету бөлімінің  кітапханашылары «Жасұлан» шатырлы  лагеріндегі  оқушыларымен «Біз өмірді  таңдаймыз» атты  флешмоб  өткізді.Іс-шара мақсаты: «ЖИТС-ХХ ғасыр індеті» тақырыбында және салауатты  өмір салтын  насихаттау, оқушылардың  бос уақытың тиімді пайдалануға баулу.


толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

enbek.jpg1.jpg - 34.60 Kb Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында "Латын әліпбиіне көшу заман талабы" атты шара ақ жаулықты аналар арасында өткізілді. Еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақты тәрбиелеп, отбасының ұйтқысы болып отырған аналармен латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз туралы әңгіме қызу пікірталас тудыра отырып, өтті. Бастысы тіл тазалығы мәселесі екендігі толық түсіндірілді. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, cол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны және түбі бір түркі дүниесімен жақын танысуға мол мүмкіндік болатыны айтылды. Шара өз дәрежесінде қызғылықты да, тартымды өтті.

 

Алаштың асыл арыстарын ардақтайық

img-20170721-wa0003.jpg - 58.19 Kb 20 шілде күні сағат 10-00 де Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай "Алаштың асыл арыстарын ардақтайық"атты дөнгелек стол өткізілді. Шараға ауыл тұрғындарымен қатар қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұрат Халық, және де ақсақалдар алқасының бір топ мүшелері қатысты.Шара барысында Таңатар Алшабеков, Нұртай Қыдыралинов сөз алып: Алаш қозғалысының қайраткерлерін еске алып, олардың елінің бостандығы мен сауаттылығы үшін аянбай күрескендері туралы сөз қозғалып, ұлт зиялыларының Бірінші, Екінші мемлекеттік Думаға депутат болуы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түскендіктерін Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органына қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізгендіктері туралы айтып берді

img-20170721-wa0004.jpg - 62.74 Kb

 

img-20170721-wa0007.jpg - 99.42 Kb
 

Діни сауатты адам қате баспайды

sam_1784.jpg - 3.55 Mb 2017 жылы шілде айының 18 жұлдызында Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында "Діни сауатты адам қате баспайды" атты дөңгелек үстел өтті. Оған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Исаханұлы, ауылымыздағы мешіттің имамның көмекшісі Балуанбеков Тұрсынхан аға, ақсақалдар алқасының төрағасы Шойынбасов Амантай аға, Өтенай ауылдық округі әкімі аппаратының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Құнанбаев Сейітнұр Мұхаметұлы және ауыл тұрғындары қатысты. Имам қазіргі таңда жастармен жұмыс жүргізіліп жатқанын араб тілін, намаз,  құран оқуды осымен екінші жыл қалалық мешіттен ұстаз келіп үйретіп жатқанын.sam_1789.jpg - 3.51 Mb


толығырақ

 

Қалалық орталық кітапханасының жазғы лагерлермен жұмысы

jpg1.jpg - 14.24 Kb В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың   оқу залында қаламыздағы мектептердің жазғы демалыс лагеріндегі оқушыларымен «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ» атты экологиялық сағаты, «Біз салауатты өмір сүреміз» атты ойын жарысы, «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара балаларға әр кісінің экологияны жақсарту жолында күресуі керек екенін, қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, табиғатты сүйе білуге ұқыптылыққа үйрету мақсатында өткізілді. Сонымен қатар «Шынықсаң-шымыр боласың» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Балалардың спортқа деген сүйіспеншіліктері арттыру, жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрететін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған шара болды.

aijgan.jpg - 13.62 Kb

jpg1.jpg1.jpg - 74.02 Kb
 

Жайнай бер Астана

img_0899.jpg - 1.49 Mbimg_0901.jpg - 1.45 MbАстана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі – деп осы Астана қаласының туған күніне орай  6 шілде күні «Жастар»  саябағында «Талдықорған   қаласының  орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің»  қызметкерлері    «Елі сүйген Елбасы», «Жайнай   бер   Астана!» атты кең  көлемді  кітап көрмесін  ұйымдастырды. Кітап көрмесімен қала тұрғындары және Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, қала әкімі Б. Қарасаев танысты.  Жалпы көрмеге 70 –ке жуық Елбасы Н. Назарбаевтың және Астана қаласы туралы  кітаптар қойылып, оның қасында кітапхана қызметкері А. Баймуханова қала тұрғындарына  библиографиялық шолу жасады.

img_0910.jpg - 1.65 Mb

img_0927.jpg - 1.72 Mb

 

Жастармен жұмыс

img_0188.jpg - 2.75 Mb 20 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Медицина –дамуы бүгінгі ұрпақтың болашағы» атты кездесу кеші Талдықорған қаласының медициналық колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді. Шара Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстанда құрылып жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы және 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстандықтардың медициналық қызметтері туралы Талдықорған  қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары З.И.Ибрагимова толық мағлұматты бейне таспа арқылы екі тілде түсіндіріп берді. Тыңдарман қауым ойларында жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Шара барысында кітапханашы Б.Байгунусова: адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркейюі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сіздер салауатты өмір салтын сақтауға тиіссіздер,- дей келе «Мақсатымыз салауатты өмір салтымыз» атты кітап көрмесімен таныстырып окырман қауымды кітап оқуға шақырды.

 

Мен болашақ мемлекеттік қызметкер

8.jpg - 112.55 Kb В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 23 маусым күні   «Мен болашақ мемлекеттік қызметкер» атты дөңгелек үстел болып өтті.  Дөңгелек үстел барысында  кітапханашы А. Баймуханова: Мемлекеттік қызметкер қоғам жағдайы мен дамуына көп әсер етеді. Себебі олардың барлық көрсетілетін қызмет салаларына ықпал етуге өкілеттілігі бар. Қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына, денсаулық сақтау мен білім беру саласына және т.б. салаларға басқару органының өкілі ретінде араласа алады. Олар өз қызметін, заң шеңберінен шықпай және өздері еңбек ететін мемлекеттік қызмет саласы аясында  ғана жүргізе алады.


толығырақ

 

«Жас Ұлан» шатырлы лагерінің ашылуы

1.jpg - 148.12 KbОрталық қалалық балалар кітапханасының жоғарғы және  төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімдері оқушылардың жазғы демалысын мағыналы өткізу, білімдерін тереңдету, адамгершілікке, ізгілікке, достыққа тәрбиелеу мақсатында жазғы лагердің оқушыларымен түрлі іс-шаралар өткізуде. 11.jpg - 220.63 KbЖоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары маусым айының 9-шы жұлдызында «Жас  Ұлан» шатырлы лагерінің  ашылуына байланысты  кітап  көрмесін ұйымдастырып, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жүргізді.Оқушылармен викториналық және үстел ойындары ойнатылды. Жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Жас Ұлан» шатырлы лагерінің  оқушыларына кітап көрмесіне шолулар, викториналар, сайыстар өткізіліп, шахмат, шашкі, тоғызқұмалақ және флешмобтар өткізілді. 1111.jpg - 129.97 Kb

 

Қалалақ орталық балалар кітапханасының жазғы лагерлермен жұмысы

33.jpg - 149.11 KbТөменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөліміндегі лагермен жұмыста  қаладағы барлық мектептердің оқушылары, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған оңалту орталығының балалары, сондай ақ қаламыздағы білімді дамыту бөлімінің «IntelleCiTy» орталығының балалары т.б. оқушылар қатысты. Кітапханашылар экскурсияға келген оқушыларды кітап әлемімен таныстырды. Кітаптың түрлері, құрлымы, ерекшеліктері және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен бірге «Ертегіші» клубының дайындаған қойылымдарын көрсетті.


толығырақ

 

«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің өткізілген шараларынан мәлімет.

2.jpg - 149.10 KbВ. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 23 маусым күні І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген салтанатты жиынға кең көлемді кітап көрмесі безендіріліп, оның жанында  кітапхана қызметкері А. Баймуханова библиографиялық шолу жасап тұрды. 22.jpg - 149.68 KbКітап көрмесінде  Елбасы Н. Назарбаевтың кітаптары, Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар қойылып, «Біздің міндет –халыққа қызмет», «Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары» атты бөлімдерден тұрды. Кітап көрмесіне барлығы 60- тан аса кітаптар  мен кітапшалар қойылды. Арнайы ұйымдастырылған  кітап көрмесімен жалпы 500-ден астам адам танысты222.jpg - 164.27 Kb.22222.jpg - 188.01 Kb

 

Кел, оқиық бүлдіршін

img_7895.jpg - 502.35 Kb Қалалық орталық балалар қітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары мүмкіндігі шектеулі оңалту орталығының балаларымен маусым  айының 1-жұлдызында «Кел, оқиық бүлдіршін» тақырыбында библиотерапия ұйымдастырды. Шараның  мақсаты :бүлдіршіндерді кітапқа, оқу-білімге құштарлықтарын ояту, өздерін сау адамдардай еркін ұстауға үйрету, өмірді, өнерді сүюге тәрбиелеу. "Қызғалдақ","Өркен", "Жұлдыз", "Байтерек" топтарының мүшелері кітапханада жұмыс істейтін «Ертегіші» клубы мүшелерінің дайындаған қуыршақ театырының қойлымдарын тамашалады.

 

Тұңғиық сыр тұнған- қасиетті Талдықорған

 

155616.jpg - 2.08 Mb

В.Маяковский атындағы орталық қалалық кітапханада «23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» аясында көптеген көпшілік іс шаралар өткізілді.Соның ішінде 26сәуір күні «Тарихы терең Талдықорған» және «Тұңғиық сыр тұнған- қасиетті Талдықорған» кітап-альбомын насихаттау барысында ,кездесу кеші Талдықорған Политехникалық колледжінің 1 курс студенттері мен ұстаздары және Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары арасында өтті. Шараға арнай Тарихы терең Талдықорған» және «Тұңғиық сыр тұнған- қасиетті Талдықорған» кітап-альбомының авторлары: Мұрат Халық,Тұрсын Әбдуали,Таңатар Алшабеков, Серік Толғанбаевтар 20170426_124428.jpg - 2.93 Mb барысында кітап авторлары шығу тарихына толық тоқталып , жас ұрпаққа рухани үлгі өнеге қалдырды.Шара өз мақсатында өткізіліп оқырман қауымға туған өлкесін танып білуге баулыды.

 

 

Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра

 

20170422_102246.jpg - 2.39 Mb В.Маяковский атындағы орталық қалалық кітапханада сәуірдің 22 күні Қазақ батыры Қабанбай Қожақұлұлының - 325жылдығына арналған «Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра» атты тарихи сағаты ескерткіш маңында қаламыздың ақсақал ардагерлері және № 9 орта мектептің 7 сынып оқушылары арасында өткізілді.Кітапхана қызметкерлері Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі, «Қазақтың хас батыры Қабанбай»атты кітап көрмесімен таныстырды.

толығырақ

 

Кітап әлеміне саяхат

1.jpg - 89.82 Kb Қалалық орталық балалар  кітапханасының  жоғарғы  сынып  оқушыларына  қызмет  көрсету  бөлімінде  23-сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай №2 мектептің 5 «а»сынып оқушыларымен  сәуір  айының  25-жұлдызында  «Кітап  әлеміне  саяхат» атты  кітап мерекесі өтті.  Шараның құрметті қонақтары ретінде қалалық ақсақалдар кеңесінің басқаруымен «Тарихы терең Талдықорған», «Тұңғиық сыр тұнған - қасиетті Талдықорған»  атты кітаптардың авторлары: ҚР жазушылар одағының мүшесі Т.Әбдуәли, ҚР мәдениет қайраткері Т.Алшабеков, ҚР журналистер одағының мүшесі С.Толғанбаев және Талдықорған ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Халық қатысты.

толығырақ

 

«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»

КММ-не қарасты кітапхана филиалдары

толығырақ

 

Елбасының Үндеуіне қолдау

20170203_092937.jpg - 2.89 MbАқпан айының 3 жұлдызында сағат 10- 00 ауыл тұрғындарымен  «Елбасының Үндеуіне қолдау»  атты  ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатымыз  Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша жасаған Үндеуіне орай  ұйымдастырылды.Шара барысында кітапхана меңгерушісі  Ж. Жакибаева «Үндеу - кемел даму кепілі» атты баяндама жасап: - Үндеуде   Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекетімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақтарын одан әрі күшейтуге арналғанын. Күшті президенттік билікті сақтай отырып жүргізілетін мұндай реформа еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп- өркендеуіміздің берік кепілі болатынына  сенеміз. Еліміздегі болып жатқан реформалар  Елбасының көрегендігінің  арқасында бірнеше жыл бұрын  басталды. Енді кезек нақты саяси реформаларға да келді.Елбасы қоғам алдына уақыт талаптарына сай жаңа міндеттер қойып отыр. Үндеуде айтылғандай, біз үшін саяси партиялардың рөлін күшейту мәселесі өте мағызды.Мұның барлығы халық мүддесі үшін, еліміздің болашақ дамуы үшін қолға алынып отыр.20170203_093638.jpg - 1.40 Mb


толығырақ

 

Қазақстанды әлемге танытқан тарландар

img_0411 1.jpg - 2.45 MbВ. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқузалында 2017 жылы 24-қаңтар күні сағат 11-00-де Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстанды әлемге танытқан тарландар» атты танымдық сағат өткізілді.img_0413.jpg - 2.38 MbОқырмандарға Алматы қаласында өтетін студенттердің Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тарихы, барысы және қазақстан спортшылары туралы, жайлы кеңінен мәлімет беру, спорт туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында өткізілді


толығырақ

 

Ата-баба арманы-Тәуелсіздік

ktch.jpg - 102.04 Kb В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 26-шы қазан күні «Білім» педагогика-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері және №14 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары  арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне аясында  «Ата-баба арманы-Тәуелсіздік» атты тарихи-әдеби кеш өтті.Әдеби кештің беташарын әжелер ансамбілің мүшесі Шара Бөркеқызы «Туған жер» әнімен ашып, келген қонақтарға сөз кезегі берілді.ktch.jpg1.jpg - 77.58 Kb


толығырақ

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кітап көрме керуені

keruen.jpg - 70.87 Kbkeruen2.jpg - 52.26 KbВ.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітап-көрме керуені  Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында  қала әкімінің кезекті есеп беру жиналысында театрдың фоесінде қала тұрғындарына арнап ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік», Елбасының жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық  нақты ахуалды; өсім, реформалар,  даму», Ұлт-азаттық көтерілістің- 100 жылдығына «Ерлік пен еркіндіктің өшпес рухы», «Алаш арысы» Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың -170 жылдығына «Жыр жауһары-Жамбыл» атты және «2016 жылдың мерейтой иелері» атты кітап көрмелеріндегі кітаптар жиналған жұртшылыққа ұсынылды.  Кітап көрме керуеніне жалпы 150-ден аса кkeruen1.jpg - 67.74 Kbітаптар қойылды.

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru