ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 150
Статьи : 142
Просмотры материалов : 29217
Қазір сайтта
Сейчас 27 гостей онлайн
Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Ескерткіштер- тарих белгісі» кітап фотоальбомының тұсауrtcth3

2018 жылдың 19 сәуірі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай Қонаев ескерткішінің алдында № 14 , 12 орта мектеп-гимназияларының және Темірқазық колледжінің студенттерінің қатысуымен кітап тұсаукесері өтті. Шарада № 12 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Д.Қонаев жайлы ақпарат беріп, әсем әндерін, өлең шұмақтарын орындады. В.Маяковский атындағы қалалық кітапхананың оқу бөлімінің меңгерушісі Е.Баймолданова «Ескерткіштер- тарих белгісі» кітап фотоальбомының тұсауын кесіп, қатысушыларға таратып берді.

 

 

 

«Оқитын автобус» жобасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, Астанамыздың 20 жылдығына орай  «Оқитын автобус»  жобасы бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясы 24 сәуір күні өткізілді.

 

«Новая» аялдамасынан  басталған №5 автобус бағыты бірнеше айналым жасады. Кітапхана қызметкерлері Қыдыралинова Аяжан Нұртайқызы, Жакибаева Жанар Балғабайқызы, Баймолданова Еркежан Құсманқызы, Егізтаева Асем  автобус салонын шараға сай безендіріп, ішіне акция атауы, «Бір ел-бір кітап» акциясының логотипі, кітап, кітапхана туралы қанатты сөздер жазылған плакаттармен көркемделді.

 

 

 

 

 

Ескерткіштер – ел мұрасы

18 .jpg - 4.63 Mb Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  қалалық №2 кітапхана филиалы 18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай  «Ескерткіштер – ел мұрасы» деген тақырыпта жыр-саяхат шарасын Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан «Үш ата» ескерткішінің  алдында 2018 жылдың 19 сәуірі күні өткізді. Шараға Талдықорған қалалық әкішілігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Исаханұлы, заң колледжінің директоры Мықтыбек Рахымбекұлы бастаған заң колледжінің ұстаздары, студенттері   және 25 мектеп оқушылары қатысты. Шараны кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева ашып, сөз сөйледі.

 

Тереңнен сыр шерткен таңбалы

img-20180418-wa0004.jpg - 111.89 Kb18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2018 жылдың 18 сәуір күні «Тереңнен сыр шерткен таңбалы» атты тақырапта ақпарат сағаты өтті.Шара бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын, ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты бейнелер бейнеленген, таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында екенін түсіндіру,Жасөспірімдерді Отанын сүюге, ел тарихын білуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

Аталы сөз асыл қазына

sam_2003.jpg - 3.09 Mb2018 жылдың 17 сәуірінде қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына» Ардагерлер үйінің ақсақалдары мен № 2 мектептің 8«а» сынып оқушыларының қатысуымен «Аталы сөз асыл қазына» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Болашақ ұрпақты аталы сөздерге құлақ асып жүруге тәрбиелеу. Бабаларымыздың айтып кеткен сөздерінің мағыналарын ашып түсіндіру. Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру.
 

Ұлы даланың рухани мұрасы - ескерткіштер

sam_2128.jpg - 3.46 MbЕңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2018 жылдың сәуір айының 13 жұлдызында №22 мектептің 3 сынып оқушылары арасында «Ұлы даланың рухани мұрасы - ескерткіштер» деген тақырыпта тарихи сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанныңмәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру.Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру.

 

«Ғажайып ғарыш әлемі»

Бүгін - халықаралық ғарышкерлер күні. Бұл күнді қазақ халқы ерекше естеліктермен қарсы алады. Талай қазақ баласының ғарышкер болу арманға құлшындырып, аспан көгіне деген ынтызарлығын оятқаны анық. Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды. Олар - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов.

 

 

Шәкәрім және қазақ әдебиеті»

img-20180411-wa0016.jpg - 118.68 KbҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясы биылғы жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітаптарын оқуды ұсынды. Осыған орай,11 сәуір күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының оқу залында оқырмандар үшін «Шәкәрім және қазақ әдебиеті» тақырыптық кітап көрмесі безендірілді.

 

Жаңа кітаптар

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті» - демекші 2018 жылдың 10 сәуірінде  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың ауласында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының тұрғындары көп өтетін орында  «Жаңа түскен кітаптар» жәрменкесі  өтті.

 

«Әрқашан да естесің, ұмытылмас асылдар»

2018 жылдың 04 сәуірінде  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Садуақасовтың 120 жылдығына орай «Әрқашан да естесің, ұмытылмас асылдар» атты тарихи – танымдық сағат өтті.

 

Кітап – сарқылмас рухани әлем

filial71.jpg - 109.57 Kb Қазақстанның әрбір азаматы білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор. Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап - Отан байлығы, аға - апаларымыздың маңдай тері. Кітап - жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін дегенда  тілекпен 2 сәуір -  Халықалық балалар кітабы күні №7кітапхана филиалында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты экспресс әңгіме өтті.

 

Кітап әлемі

balalar.jpg - 3.08 Mb 2 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасында, 2 сәуір дүниежүзілік балалар кітабы күніне орай, Рухани жаңғыру: «Болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Кітап әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрменің мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

 

«Балалық шаққа саяхат»

 

2018 жылдың 27наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» , сонымен қатар 27 наурыз- Халықаралық театр күніне орай Талдықорған қаласының № 14 орта мектебінің 4сынып оқушыларының қатысуымен «Балалық шаққа саяхат» атты  қойылым  өтті. Шараның мақсаты: Балалардың көңілін көтеру. Сахналық көріністі ұғындыру.

 

 

Шара барысында №14 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Құсман Салима «Қозы мен Лақ» атты көрініс көрсетті. Сонымен қатар жастардың қатысуымен түрлі тақырыпта көріністер қойылды. Кештің соңы шағын концертке ұласты. Кітапханашы Е.Баймолданова оқушыларға «Театр тарихы» атты слайд көрсетті.

Барлығы 20 адам қатысты.

 

 

Наурыз мерекем, бақ берекем

dsc01295.jpg - 3.57 Mb Елдігімізді, береке – бірлігімізді танытатын Ұлыстың ұлы күн наурыз  мерекесіне орай қалалық №2 кітапхана филиалы 20 наурыз күні  «Наурыз мерекем, бақ берекем» деген тақырыпта  әдеби сазды кеш өткізді. Кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева шараға келген ұстаздар мен оқушыларды игіліктің бастауы, ел тұтастығының арқауы болған әз Наурыз мерекесімен құттықтап, еліміздің аузы аққа, малымыздың тұяғы көкке тиген бұл айдың біз үшін ғана емес, адамзат баласына берер берекесінің мол екенін айтты. 

 

Жыл басы Наурыз

img-20180326-wa0011.jpg - 81.75 KbЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 22 наурыз – Наурыз мерекесі қарсаңында 22 наурыз күні 3 бөлімше №7 кітапхана филиалының ұжымының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының арасында «Жыл басы Наурыз» атты думанды кеш өтті. Балтабай атаның батасымен, әжелердің думанды  мерекелік кешке шашқан шашумен,  мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы,  ән – жыр, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.img-20180326-wa0009.jpg - 96.29 Kb

 

Қазақ жырларының қағаны

2018 жылдың 12 наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының «Білім» гумманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен ақын М.Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Қазақ жырларының қағаны» атты әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты:  Оқушыларға қазақ әдебиетіндегі орны ерекше тұлға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Оқушыларды шығармашылыққа тарту.

Шарада кітапханашы  Е.Баймолданова оқушыларға « Семсер ақын» тақырыбында  ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайдпен таныстырды. Оқушылар ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқып, әндерін орындады. Кітапханашы А.Егізтаева « Қазақ жырларының қағаны» атты кітап көрмесімен таныстырды.  Шараға барлығы 20 адам қатысты.

 

 

Сыйынар ем ана деген тәңірге

nauris333 1.jpg - 127.38 Kb«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен»  аяулы әйел – аналардың құшағы гүлге толатын 8 наурыз айрықша күн. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне орай 7 наурыз күні  3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында  «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты поэзия кеші №10 мектеп оқушыларымен Политехникалық колледждің  студенттерінің қатысуымен өтті.

 

Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

sam_1483.jpg - 3.56 Mb Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 6 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты әдеби музыкалық кеш ауылдың ақжаулықты әжелері мен №22 мектептің оқушылары, ұстаздарының қатысуымен өтті. Шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

Аналар-ай, даналар - ай

8 .jpg - 198.89 Kb5 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Аналар-ай, даналар - ай» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларға 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ананың құдіретті де, мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту; Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге үйрету.

 

Сыйынар ем ана деген тәңірге

2018 жылдың 6 наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Талдықорған қаласының №16 орта-мектеп гимназиясының оқушылары мен кітапхана ішіндегі «Жыр жұлдыздары» атты клуб мүшелерінің қатысуымен  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты поэзия кеші  өтті. Шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу,  оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.

Құттықтау сөз Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары А. Қыдыралиноваға берілді. «Жыр жұлдыздары» клубының мүшелері аналар мен аруларға арнап «Анашым», «Ақ мамам», «Мама», «Рухты ару», «Жаса қазағым» сияқты әндерді нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар № 14 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары « Бүлдіршін тілегі» мен  М.Мақатаевтың «Ана сен бақыттысың» атты әндерін орындап, оқырмандардың жүрегін тебірентті. Ал № 16 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Дана мен Айдана «Қазақ биі» мен «Татар биін» биледі. Клуб мүшесі Мұратқызы Айдана көркем гимнастикадан өнер көрсетіп, елдің қошеметіне бөленді.

В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың директорының орынбасары А.Қыдыралинова шараны қорытындылап, өзінің алғысын білдірді. Шараға барлығы 35 оқушы қатысты.

 

 

Болашақ бүгіннен басталады

erkejan.jpg - 1.34 Mb 2018 жылдың 1  наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының № 16 орта мектебінің 8сынып оқушыларының қатысуымен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай   «Болашақ бүгіннен басталады » атты  мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру,  үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,  сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. erkejan1.jpg - 2.36 Mb

 

Қазақ халқына мың алғыс

algisl.jpg - 3.38 MbКөктемнің алғашқы күні алғыс айтудан басталды. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай қалалық №2 кітапхана филиалы 1 наурыз күні  «Қазақ халқына мың алғыс» атты  тақырыпта хабарлама сағатын өткізді. Шараға қаламыздағы №17 мектептің 7 в сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкері  Е.Шестова бұл мереке елімізде биыл үшінші жыл тойланып отыр, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған  қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, қазақ жерінде бір-бірімен тонның ішкі бауындай араласып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың  достық мерекесі  екенін айта келе Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының  бір-біріне құрмет білдіретін күн екенін айтты.algisl1.jpg - 3.88 Mb

 

Алғысым шексіз

algis kyni.jpg - 28.53 KbҚалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сыныпқа қызмет көрсету бөлімінде  еліміздегі ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке – "1 наурыз - Алғыс айту күні" аясында «Алғысым шексіз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: "1 наурыз – Алғыс айту күнін" негізге ала отырып, Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан ұлттардың бірлігі мен ынтымағын, достығы мен татулығын оқырман қауымға кітап арқылы насихаттау.

 

Рахмет саған Отаным

1 erkin.jpg - 2.55 MbЕркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  1 наурыз- Алғыс айту күніне орай 1 наурыз күні  № 26 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Рахмет саған Отаным» танымдық  сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Жаңа мерекенің  мәні мен тарихи негізін түсіндіру. Көп ұлтты Қазақстан тарихына  деген  патриоттық   және мақтаныш сезімін ояту.Этносаралық қарым- қатынаста құрмет мен төзімділікке  тәрбиелеу.  Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.2 erkin.jpg - 2.69 Mb

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru