ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 135
Статьи : 71
Просмотры материалов : 18354
Қазір сайтта
Сейчас 4 гостей онлайн

«Тіршілік көзі- салауатты болашақ»

Мойнақ ауылындық №6 кітапхана филиалының    17 қараша күні 6 сынып оқушылар арасында «Тіршілік көзі- салауатты болашақ» атты әнгіме сағатты өткізілді. Еліміздің   Президенты  Н.Ә.Назарбаев  «Казахстан 2050» стратегиялық  бағдарламасында   қасалауаттық  өмір  салтың орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын  жақсарту  бағытында  жұмыс жүргізу  қажеттілігін  атап көрсетті.

толығырақ

 

Спорт – елді әлемге танытады

nesi.jpg - 182.28 KbСпорттың адам өмірінде алатын орны ерекше, еліміздің спорт саласы қарқынды дамуда . Дене шынықтыру мен спортқа ден қойған адамдар саны жыл санап артып келеді. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, сымбатты, қайратты әрі шыдамды келеді. Қалалық №2 кітапхана филиалы  17 қараша күні  «Спорт – елді әлемге танытады»  деген тақырыпта кең көлемді  кітап жәрменкесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

Дін мен дәстүр

dini3 1.jpg - 2.79 Mbdini3 2.jpg - 2.80 Mb2017  жылы 17 қарашада Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  № 11 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның қонағы боп Еркін ауылдық мешітінің имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы  шақырылды.Шараның  мақсаты: оқушылардың  бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарды, дінге сенімін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, дінді ауғыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

толығырақ

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған

tor.jpg - 1.25 MbӨтенай ауылдық №5 кітапханасында  15 қараша күні Респубикалық "Бір ел бір кітап" акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған» атты әдеби сағат өтті. Оған №21 мектептің 7-8 сынып оқушылары мен қазақ тілі және  әдебиеті пәнінің мұғалімі Әтеева Күлән Сәменбайқызы қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Г.Сейлханова жүргізіп, ақын шығармашылығына арналған «Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт» атты баяндамасын оқыды. Шара барысында сөз кезегін алған К.Сәменбайқызы оқушыларға ақын туралы кеңінен әңгімелеп берді.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу –әлемдік ақпараттың құралы

don.jpg - 2.25 MbМойнақ ауылдық  №6 кітапхана филиалында    8 қараша күні  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу –әлемдік  ақпараттың құралы» атты танымдық сағаты өтті. Шара латын әлібиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Шараға №23 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Шараның негізгі бөлімінде оқушылар «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

толығырақ

 

Жаңғыру жазудан басталады

jasu.jpg - 53.65 KbН.Назарбаев бағдарламалық мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы  бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне  байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жүр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – деп жазды. Осы мақсатта қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 3-ші жұлдызында №14 мектептің 7 «а» сынып оқушыларымен «Жаңғыру жазудан басталады» атты хабарлама сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Сыбайлас жемқорлық

jev.jpg - 2.65 Mb 7 қараша  күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  «Сыбайлас жемқорлық» атты кездесу сағаты  өткізілді. Кездесуге Еркін ауылдық әкімшілік округінен әкім орынбасары Рыспеков Қанат  Сағымқанұлы, әкімшіліктің бас маманы  Иманғазинова Жұлдыз Маратқызы  мен  № 11 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашылар балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, одан мемлекетке қандай зиян келетіні туралы айтып өтті. Қанат  Сағымқанұлы мен Жұлдыз Маратқызы балаларды  қазірден бастап жемқорлықпен күресіп, болашақта заң жолымен жүріп, сыбайлас жемқорлықпен жалықпай күресуге шақырды. Балалар  осы тақырыптағы  өздерінің  сұрақтарын қойып оған  жауаптар алды.

Подробнее...

 

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

mymkin2.jpg - 118.12 Kb Қалалық №2 кітапхана филиалында 30 қазан күні жоспар бойынша 2- шағын ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды өз қамқорлықтарына алып, үйлеріне кітап апарып беруді дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан шет қалдырмай олардың  кітап оқу мәдениетін қалыптастыра отырып,    қалаған кітабын оқуына қол ұшын беру,  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, рухани жағынан байи түсуіне жәрдемдесу мақсатында үйге кітап апарып береміз.

толығырақ

 

Дін адамгершілік пен ақиқат негізі

til men.jpg - 81.90 KbБүгінде дін тақырыбы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Дін адамгершілік пен ақиқат негізі» деген тақырыпта жастар арасында шара өткізді. Шараға заң колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева жастарға әлемдегі орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың басым көпшілігі дін саласының төңірегінде өршіп отырғаны туралы айтты. Интернет желісі арқылы түрлі ағымдарды насихаттап, орыс тіліне аударылған тегін әдебиеттерді таратып, ақша береміз деген арбауларына түсіп, қандастарымыздың санасын улап өз қатарларына көптеп қоса білді.

толығырақ

 

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі

2filial.jpg - 67.69 Kb 25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы жасөспірімдер арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» деген тақырыпта кең көлемде кітап көрмесін безендендірді. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы, тілдерді қолдау мен дамытудың 2011 - 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және кітапханаға келіп түскен тілге байланысты әдебиеттер қойылды. Көрмеге шолу жасалып, балалар көрмедегі әдебиеттермен танысып, өз қызығушылықтарын танытты. Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін насихаттау, еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, оны құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге баулу.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru