ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 151
Статьи : 143
Просмотры материалов : 29322
Қазір сайтта
Сейчас 19 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Әрқашан да естесің, ұмытылмас асылдар»

2018 жылдың 04 сәуірінде  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Садуақасовтың 120 жылдығына орай «Әрқашан да естесің, ұмытылмас асылдар» атты тарихи – танымдық сағат өтті.

Подробнее...

 

Кітап – сарқылмас рухани әлем

filial71.jpg - 109.57 Kb Қазақстанның әрбір азаматы білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор. Оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені, әр кітап - Отан байлығы, аға - апаларымыздың маңдай тері. Кітап - жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін дегенда  тілекпен 2 сәуір -  Халықалық балалар кітабы күні №7кітапхана филиалында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» атты экспресс әңгіме өтті.

толығырақ

 

Кітап әлемі

balalar.jpg - 3.08 Mb 2 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасында, 2 сәуір дүниежүзілік балалар кітабы күніне орай, Рухани жаңғыру: «Болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Кітап әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрменің мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

толығырақ

 

«Балалық шаққа саяхат»

 

2018 жылдың 27наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» , сонымен қатар 27 наурыз- Халықаралық театр күніне орай Талдықорған қаласының № 14 орта мектебінің 4сынып оқушыларының қатысуымен «Балалық шаққа саяхат» атты  қойылым  өтті. Шараның мақсаты: Балалардың көңілін көтеру. Сахналық көріністі ұғындыру.

 

 

Шара барысында №14 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Құсман Салима «Қозы мен Лақ» атты көрініс көрсетті. Сонымен қатар жастардың қатысуымен түрлі тақырыпта көріністер қойылды. Кештің соңы шағын концертке ұласты. Кітапханашы Е.Баймолданова оқушыларға «Театр тарихы» атты слайд көрсетті.

Барлығы 20 адам қатысты.

 

Подробнее...

 

Наурыз мерекем, бақ берекем

dsc01295.jpg - 3.57 Mb Елдігімізді, береке – бірлігімізді танытатын Ұлыстың ұлы күн наурыз  мерекесіне орай қалалық №2 кітапхана филиалы 20 наурыз күні  «Наурыз мерекем, бақ берекем» деген тақырыпта  әдеби сазды кеш өткізді. Кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева шараға келген ұстаздар мен оқушыларды игіліктің бастауы, ел тұтастығының арқауы болған әз Наурыз мерекесімен құттықтап, еліміздің аузы аққа, малымыздың тұяғы көкке тиген бұл айдың біз үшін ғана емес, адамзат баласына берер берекесінің мол екенін айтты. 

толығырақ

 

Жыл басы Наурыз

img-20180326-wa0011.jpg - 81.75 KbЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 22 наурыз – Наурыз мерекесі қарсаңында 22 наурыз күні 3 бөлімше №7 кітапхана филиалының ұжымының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының арасында «Жыл басы Наурыз» атты думанды кеш өтті. Балтабай атаның батасымен, әжелердің думанды  мерекелік кешке шашқан шашумен,  мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы,  ән – жыр, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.img-20180326-wa0009.jpg - 96.29 Kb

толығырақ

 

Қазақ жырларының қағаны

2018 жылдың 12 наурызында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының «Білім» гумманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен ақын М.Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Қазақ жырларының қағаны» атты әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты:  Оқушыларға қазақ әдебиетіндегі орны ерекше тұлға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Оқушыларды шығармашылыққа тарту.

Шарада кітапханашы  Е.Баймолданова оқушыларға « Семсер ақын» тақырыбында  ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайдпен таныстырды. Оқушылар ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқып, әндерін орындады. Кітапханашы А.Егізтаева « Қазақ жырларының қағаны» атты кітап көрмесімен таныстырды.  Шараға барлығы 20 адам қатысты.

 

Подробнее...

 

Сыйынар ем ана деген тәңірге

nauris333 1.jpg - 127.38 Kb«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен»  аяулы әйел – аналардың құшағы гүлге толатын 8 наурыз айрықша күн. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне орай 7 наурыз күні  3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында  «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты поэзия кеші №10 мектеп оқушыларымен Политехникалық колледждің  студенттерінің қатысуымен өтті.

толығырақ

 

Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

sam_1483.jpg - 3.56 Mb Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 6 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты әдеби музыкалық кеш ауылдың ақжаулықты әжелері мен №22 мектептің оқушылары, ұстаздарының қатысуымен өтті. Шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

толығырақ

 

Аналар-ай, даналар - ай

8 .jpg - 198.89 Kb5 наурыз күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 мектептің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Аналар-ай, даналар - ай» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларға 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ананың құдіретті де, мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту; Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге үйрету.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru