ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21275
Қазір сайтта
Сейчас 23 гостей онлайн

Егемен елдің кемеңгер басшысы

 

img-20171130-wa0008.jpg - 115.14 Kb 2017 жылы  30 қараша  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  3-ші бөлімше  №7 кітапхана филиалында  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» деген тақырыпта   №10 мектептің 1-7 сынып оқушылары  арасында  тұлғалық кеш өтті .  Мақсаты: Елбасының  өмірімен, еліміз үшін жасалып жатқан еңбектерін насихаттау, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып  Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Осы іс- шараға белсене  қатысқан оқушылар: Абуова Қарақат, Иманжан Диана Елбасымыздың өмірбаяны мен еңбегіне тоқталса, Джартыбаев Алиби, Биғали Шырайлым  Елбасымыз туралы өлеңдер оқыды.

 

Қазақстан және Елбасы

gul1 2.jpg - 79.80 Kb Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан және Елбасы» атты тарихи сағаты №22 мектеп оқушыларымен өткізілді. Еліміз көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз, Қазақстанның атын шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп, жатқаны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы.

толығырақ

 

Елі үшін туған азамат

j2 1.jpg - 3.05 MbЕркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  29 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елі үшін туған азамат» әңгіме сағаты № 11 мектептің 7 сынып оқушыларымен  ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент екенін таныту, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы оқушылардың білімін, саяси сауаттылығын арттыру, оқушылар білімін кеңейту, ой- өрістерін дамыту. Елбасына деген құрмет сезімдерін тереңдету.Шара барысында оқушылар Елбасының өмірбаянымен, еңбек жолымен, кітаптарымен танысты.

толығырақ

 

Латын әліпбиі- заман талабы

lat.jpg - 1.80 Mb28 қараша күні Еркін  ауылдық № 3 кітапхана- филиалында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына  орай «Латын  әліпбиі- заман талабы» атты экспресс шолуы № 11 мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді.  Шара мақсаты:  Түркі әлеміне жақындаудан біз ұтылмайтынымызды, ол  түркі халықтарымен тіліміз, дініміз және мәдениетіміз бір екендігін түсіндіріп, сол себептен бұл дұрыс  үрдіс екенін,  латын қарпі арқылы замануи үрдістерден  кейін  қалмауға мүмкіндік болатынын жеткізу.

толығырақ

 

Егемен елдің кемеңгер басшысы»

pr2.jpg - 3.05 Mb Қалалық орталық   балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 28-шы жұлдызында №14 мектеп-гимназиясының 2 «ә» сынып оқушыларымен 1-желтоқсан Президент күніне орай «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты  әңгіме-репортаж өткізілді. Мақсаты: «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

толығырақ

 

«Тіршілік көзі- салауатты болашақ»

Мойнақ ауылындық №6 кітапхана филиалының    17 қараша күні 6 сынып оқушылар арасында «Тіршілік көзі- салауатты болашақ» атты әнгіме сағатты өткізілді. Еліміздің   Президенты  Н.Ә.Назарбаев  «Казахстан 2050» стратегиялық  бағдарламасында   қасалауаттық  өмір  салтың орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын  жақсарту  бағытында  жұмыс жүргізу  қажеттілігін  атап көрсетті.

толығырақ

 

Спорт – елді әлемге танытады

nesi.jpg - 182.28 KbСпорттың адам өмірінде алатын орны ерекше, еліміздің спорт саласы қарқынды дамуда . Дене шынықтыру мен спортқа ден қойған адамдар саны жыл санап артып келеді. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, сымбатты, қайратты әрі шыдамды келеді. Қалалық №2 кітапхана филиалы  17 қараша күні  «Спорт – елді әлемге танытады»  деген тақырыпта кең көлемді  кітап жәрменкесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

Дін мен дәстүр

dini3 1.jpg - 2.79 Mbdini3 2.jpg - 2.80 Mb2017  жылы 17 қарашада Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  № 11 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның қонағы боп Еркін ауылдық мешітінің имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы  шақырылды.Шараның  мақсаты: оқушылардың  бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарды, дінге сенімін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, дінді ауғыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

толығырақ

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған

tor.jpg - 1.25 MbӨтенай ауылдық №5 кітапханасында  15 қараша күні Респубикалық "Бір ел бір кітап" акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған» атты әдеби сағат өтті. Оған №21 мектептің 7-8 сынып оқушылары мен қазақ тілі және  әдебиеті пәнінің мұғалімі Әтеева Күлән Сәменбайқызы қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Г.Сейлханова жүргізіп, ақын шығармашылығына арналған «Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт» атты баяндамасын оқыды. Шара барысында сөз кезегін алған К.Сәменбайқызы оқушыларға ақын туралы кеңінен әңгімелеп берді.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу –әлемдік ақпараттың құралы

don.jpg - 2.25 MbМойнақ ауылдық  №6 кітапхана филиалында    8 қараша күні  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу –әлемдік  ақпараттың құралы» атты танымдық сағаты өтті. Шара латын әлібиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Шараға №23 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Шараның негізгі бөлімінде оқушылар «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru