ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21275
Қазір сайтта
Сейчас 22 гостей онлайн

Жаңғыру жазудан басталады

jasu.jpg - 53.65 KbН.Назарбаев бағдарламалық мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы  бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне  байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жүр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – деп жазды. Осы мақсатта қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 3-ші жұлдызында №14 мектептің 7 «а» сынып оқушыларымен «Жаңғыру жазудан басталады» атты хабарлама сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Сыбайлас жемқорлық

jev.jpg - 2.65 Mb 7 қараша  күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  «Сыбайлас жемқорлық» атты кездесу сағаты  өткізілді. Кездесуге Еркін ауылдық әкімшілік округінен әкім орынбасары Рыспеков Қанат  Сағымқанұлы, әкімшіліктің бас маманы  Иманғазинова Жұлдыз Маратқызы  мен  № 11 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашылар балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, одан мемлекетке қандай зиян келетіні туралы айтып өтті. Қанат  Сағымқанұлы мен Жұлдыз Маратқызы балаларды  қазірден бастап жемқорлықпен күресіп, болашақта заң жолымен жүріп, сыбайлас жемқорлықпен жалықпай күресуге шақырды. Балалар  осы тақырыптағы  өздерінің  сұрақтарын қойып оған  жауаптар алды.

Подробнее...

 

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

mymkin2.jpg - 118.12 Kb Қалалық №2 кітапхана филиалында 30 қазан күні жоспар бойынша 2- шағын ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды өз қамқорлықтарына алып, үйлеріне кітап апарып беруді дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан шет қалдырмай олардың  кітап оқу мәдениетін қалыптастыра отырып,    қалаған кітабын оқуына қол ұшын беру,  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, рухани жағынан байи түсуіне жәрдемдесу мақсатында үйге кітап апарып береміз.

толығырақ

 

Дін адамгершілік пен ақиқат негізі

til men.jpg - 81.90 KbБүгінде дін тақырыбы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Дін адамгершілік пен ақиқат негізі» деген тақырыпта жастар арасында шара өткізді. Шараға заң колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева жастарға әлемдегі орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың басым көпшілігі дін саласының төңірегінде өршіп отырғаны туралы айтты. Интернет желісі арқылы түрлі ағымдарды насихаттап, орыс тіліне аударылған тегін әдебиеттерді таратып, ақша береміз деген арбауларына түсіп, қандастарымыздың санасын улап өз қатарларына көптеп қоса білді.

толығырақ

 

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік тірегі

2filial.jpg - 67.69 Kb 25 қазан күні қалалық №2 кітапхана филиалы жасөспірімдер арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» деген тақырыпта кең көлемде кітап көрмесін безендендірді. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы, тілдерді қолдау мен дамытудың 2011 - 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және кітапханаға келіп түскен тілге байланысты әдебиеттер қойылды. Көрмеге шолу жасалып, балалар көрмедегі әдебиеттермен танысып, өз қызығушылықтарын танытты. Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін насихаттау, еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, оны құрметтеуге, тіл тазалығы үшін күресуге, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге баулу.

толығырақ

 

Мәдени мұра – мәңгілік

20 қазан күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында №10 мектептің 6-7 сынып оқушылармен және Политехникалық колледждің студенттері арасында «Мәдени мұра – мәңгілік» деген тақырыпта кең көлемді кітап көрмесі безендірілді. Кітап көрмесіне «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жарық көрген «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Батырлық жырлар» антологиясы т.б. аймақтың тарихи ескерткіштері жайында жан-жақты мәлімет беретін кітаптар қойылды. Кітапханашы К.Табылдинова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

толығырақ

 

Ақындардың сұлтаны- Сұлтанмахмұт Торайғыров

img_1500.jpg - 1.61 Mb24 қазан 2017 жылы В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір ел-бір кітап: Ақындардың сұлтаны- Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференциясының мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу. Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу болды.img_1509.jpg - 1.55 Mb

толығырақ

 

Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби

1395 1.jpg - 1.68 Mb19 қазан 2017 жылы В.Маяковский атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын графикасына көшу мақсатымен «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты дөңгелек үстел Талдықорған қаласының политехникалық колледжінің студенттері және № 14 орта мектеп-гимназиясының 9, 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел қонақтары ретінде ақын – Жүкел Хамай, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысылары Ш.Т.Абдушарипова, Ж.Д.Толымбеков, Талдықорған политехникалық колледжінің қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің оқытушысы- З.Д. Есболатова шақырылды. Кітапханашы жиналған оқырман қауымға « Қазақ әліпбиінің тарихын» слайд арқылы баяндап берді.

толығырақ

 

Әлем таныған – Әуезов

img-20171020-wa0014.jpg - 123.38 Kb20 қазан 2017 жылы Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында Мойнақ ауылдық № 23 орта мектептің қатысуымен М.Әуезовтың 120 жылдығына орай «Әлем таныған – Әуезов» атты әңгіме сағаты өтті. Кештің мақсаты Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам

pikir almacy.jpg1.jpg - 373.06 KbЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық №2 кітапхана филиалы 13 қазан күні «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» деген тақырыпта пікір алмасу шарасын өткізді. Шараға заң колледжінің ұстаздары, студенттері қатысты.Шараның мақсаты: Ел болашағы үшін қабылданғалы отырған шешімге қолдау көрсете отырып. Жастарға латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру және ой бөлісе отырып пікірлерін білу.Кітапхана меңгерушісі Н.Н.Кәрібаева шара барысында латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру мақаласы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап айтты. Қазіргі таңда қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Латын әліпбиіне көшу елімізге не береді, не ұтамыз, неден ұтыламыз деген ой бәрімізді ойландырады. Еліміздің болашағы жастар сіздерсіздер, сондықтан сіздермен ой бөлісуді жөн көрдік. Заң колледжінің ұстаздары мен студенттері латын әліпбиіне көшу туралы өз ой – пікірлерімен бөлісті.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru