ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 150
Статьи : 142
Просмотры материалов : 29202
Қазір сайтта
Сейчас 3 гостей онлайн
Жаңалықтар

Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы

jolday.jpg - 174.41 Kb Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде ақпан айының 1-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «ә» сынып оқушыларымен «Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы» атты информина өткізілді. Мақсаты: жалпы Жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін , биылғы Елбасының 2018 жылғы 10-шы қаңтардағы Жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істерін оқушыларға жеткізу.jolday1.jpg - 142.63 Kb Сабақ барысында шара қонағы Ардагерлер үйінің мүшесі Болат Есенғалиұлы оқушыларға бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, мемлекеттің тағдыры екенін түсіндіріп берсе, кітапханашы Г.Майлянова слайд арқылы жолдаудағы негізгі 10 бағытты атап көрсетті. Сабаққа 25 оқушы қатысты

 

 

«Сұлу сөздің саңлағы»

2018 жылдың 1 ақпанында  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «Астананың 20 жылдығына орай» Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларының  қатысуымен балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың  туғанына  80 жыл толуына орай  «Сұлу сөздің саңлағы» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға  балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке  үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу.  Кітапханашы  М.Кызайбаева  ақынның кітаптарымен таныстырды. Мектеп оқушылары, яғни  Ж.Рахматуллина,  Ә. Аманжолқызы, Д.Шакарова, Ә.Рысхан, Р.Асанәлі, А.Нұрғазиева, Е.Сайлаубай, А.Ғабит, Д.Тоқтамыс, Г.Ади лова, А.Базарбекова, А.Мырзалы  слайд арқылы ақынның өлеңдерін оқып берді. Шараға барлығы 57 оқушы қатысты.

 

 

Кітап әлеміне саяхат

nternat3.jpg - 126.23 KbҚаңтар айының 30-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп –интернатында 5-6 сынып оқушыларымен «Кітап әлеміне саяхат» атты шара ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу.

толығырақ

 

Президент Жолдауы – халықтың қолдауы

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Қазақстанның кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жария етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жаңа Жолдауды көпшілікке насихаттау мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 29 қаңтар күні «Президент Жолдауы – халықтың қолдауы» деген тақырыпта хабарлама сағаты өткізілді.

толығырақ

 

Қазақ халқының рухани көсемі

2018 жылдың  қаңтардың 15 жұлдызында  3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында халқымыздың  көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты  ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ халқының рухани көсемі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

толығырақ

 

Арқа төсіндегі ару қала

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің бас қаласы  Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың  15 қаңтар күні 3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында «Арқа төсіндегі ару қала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітапханашы К.Табылдинова  көрме жанында библиографиялық шолу жасады.  Көркімен көз тартып, тамашасымен таң қалдырып келе жатқан Елордамыздың әсерлі суреттерінен: Көкке шаншылған «Бәйтерек»,  «Ханшатырынан» және т.б   слайд көрсетілді. 

толығырақ

 

Ұлт мақтанышы

rimova.jpg - 1.13 Mb
Өтенай ауылындағы №5 кітапхана филиалында 15 қаңтар күні қазақ халқының көрнекті актрисасы, Қазақ КСР - інің халық әртісі Римова Бикен Ырымқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты өнер сағаты болып өтті. Өнер сағатына №21 мектептің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараға қатысушыларға Бикен апайымыздың өмірі жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, атағы кеңге жайылған апамыздың шығармашылығына тоқталдық.

толығырақ

 

Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан

klklkl.jpg - 3.10 Mb

Қантар айының 15 күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтасқан Астананың 20 жылдығына орай  «Жасай бер, Ұлы Отаным Қазақстан» тақырыбында  №2 мектептің 3 «А» сынып оқушыларымен  тұрақты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді.

толығырақ

 

Латын әліпбиі – заман талабы

9 akpan.jpg - 148.41 KbҚалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қаңтар айының 9-ші жұлдызында № 2 мектептің 5 «ә» сынып оқушыларымен«Латын әліпбиі – заман талабы» атты талқылау сабағы өткізілді. Мақсаты: "Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру.

толығырақ

 

Тіл – ұлттың тірегі

korme.jpg - 182.17 Kb8 қаңтар күні қалалық орталық балалар кітапханасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Тіл – ұлттың тірегі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар, электрондық басылымдар, газет–журналдар беттеріндегі мәліметтер ұсынылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Көрме жыл соңына дейін жалғасады.

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru