ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 142
Статьи : 96
Просмотры материалов : 21275
Қазір сайтта
Сейчас 25 гостей онлайн

Біз өмірді таңдаймыз

fleshmob.jpg1.jpg - 169.93 KbШілде  айының  26-жұлдызында  қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына  қызмет  көрсету бөлімінің  кітапханашылары «Жасұлан» шатырлы  лагеріндегі  оқушыларымен «Біз өмірді  таңдаймыз» атты  флешмоб  өткізді.Іс-шара мақсаты: «ЖИТС-ХХ ғасыр індеті» тақырыбында және салауатты  өмір салтын  насихаттау, оқушылардың  бос уақытың тиімді пайдалануға баулу.


толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

enbek.jpg1.jpg - 34.60 Kb Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында "Латын әліпбиіне көшу заман талабы" атты шара ақ жаулықты аналар арасында өткізілді. Еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақты тәрбиелеп, отбасының ұйтқысы болып отырған аналармен латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз туралы әңгіме қызу пікірталас тудыра отырып, өтті. Бастысы тіл тазалығы мәселесі екендігі толық түсіндірілді. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, cол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны және түбі бір түркі дүниесімен жақын танысуға мол мүмкіндік болатыны айтылды. Шара өз дәрежесінде қызғылықты да, тартымды өтті.

 

Алаштың асыл арыстарын ардақтайық

img-20170721-wa0003.jpg - 58.19 Kb 20 шілде күні сағат 10-00 де Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай "Алаштың асыл арыстарын ардақтайық"атты дөнгелек стол өткізілді. Шараға ауыл тұрғындарымен қатар қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұрат Халық, және де ақсақалдар алқасының бір топ мүшелері қатысты.Шара барысында Таңатар Алшабеков, Нұртай Қыдыралинов сөз алып: Алаш қозғалысының қайраткерлерін еске алып, олардың елінің бостандығы мен сауаттылығы үшін аянбай күрескендері туралы сөз қозғалып, ұлт зиялыларының Бірінші, Екінші мемлекеттік Думаға депутат болуы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түскендіктерін Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органына қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізгендіктері туралы айтып берді

img-20170721-wa0004.jpg - 62.74 Kb

 

img-20170721-wa0007.jpg - 99.42 Kb
 

Діни сауатты адам қате баспайды

sam_1784.jpg - 3.55 Mb 2017 жылы шілде айының 18 жұлдызында Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында "Діни сауатты адам қате баспайды" атты дөңгелек үстел өтті. Оған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әділ Исаханұлы, ауылымыздағы мешіттің имамның көмекшісі Балуанбеков Тұрсынхан аға, ақсақалдар алқасының төрағасы Шойынбасов Амантай аға, Өтенай ауылдық округі әкімі аппаратының ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Құнанбаев Сейітнұр Мұхаметұлы және ауыл тұрғындары қатысты. Имам қазіргі таңда жастармен жұмыс жүргізіліп жатқанын араб тілін, намаз,  құран оқуды осымен екінші жыл қалалық мешіттен ұстаз келіп үйретіп жатқанын.sam_1789.jpg - 3.51 Mb


толығырақ

 

Қалалық орталық кітапханасының жазғы лагерлермен жұмысы

jpg1.jpg - 14.24 Kb В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың   оқу залында қаламыздағы мектептердің жазғы демалыс лагеріндегі оқушыларымен «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ» атты экологиялық сағаты, «Біз салауатты өмір сүреміз» атты ойын жарысы, «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара балаларға әр кісінің экологияны жақсарту жолында күресуі керек екенін, қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, табиғатты сүйе білуге ұқыптылыққа үйрету мақсатында өткізілді. Сонымен қатар «Шынықсаң-шымыр боласың» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Балалардың спортқа деген сүйіспеншіліктері арттыру, жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрететін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған шара болды.

aijgan.jpg - 13.62 Kb

jpg1.jpg1.jpg - 74.02 Kb
 

Жайнай бер Астана

img_0899.jpg - 1.49 Mbimg_0901.jpg - 1.45 MbАстана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі – деп осы Астана қаласының туған күніне орай  6 шілде күні «Жастар»  саябағында «Талдықорған   қаласының  орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесінің»  қызметкерлері    «Елі сүйген Елбасы», «Жайнай   бер   Астана!» атты кең  көлемді  кітап көрмесін  ұйымдастырды. Кітап көрмесімен қала тұрғындары және Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, қала әкімі Б. Қарасаев танысты.  Жалпы көрмеге 70 –ке жуық Елбасы Н. Назарбаевтың және Астана қаласы туралы  кітаптар қойылып, оның қасында кітапхана қызметкері А. Баймуханова қала тұрғындарына  библиографиялық шолу жасады.

img_0910.jpg - 1.65 Mb

img_0927.jpg - 1.72 Mb

 

Жастармен жұмыс

img_0188.jpg - 2.75 Mb 20 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Медицина –дамуы бүгінгі ұрпақтың болашағы» атты кездесу кеші Талдықорған қаласының медициналық колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді. Шара Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстанда құрылып жатқан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы және 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстандықтардың медициналық қызметтері туралы Талдықорған  қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары З.И.Ибрагимова толық мағлұматты бейне таспа арқылы екі тілде түсіндіріп берді. Тыңдарман қауым ойларында жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Шара барысында кітапханашы Б.Байгунусова: адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркейюі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сіздер салауатты өмір салтын сақтауға тиіссіздер,- дей келе «Мақсатымыз салауатты өмір салтымыз» атты кітап көрмесімен таныстырып окырман қауымды кітап оқуға шақырды.

 

Мен болашақ мемлекеттік қызметкер

8.jpg - 112.55 Kb В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында 23 маусым күні   «Мен болашақ мемлекеттік қызметкер» атты дөңгелек үстел болып өтті.  Дөңгелек үстел барысында  кітапханашы А. Баймуханова: Мемлекеттік қызметкер қоғам жағдайы мен дамуына көп әсер етеді. Себебі олардың барлық көрсетілетін қызмет салаларына ықпал етуге өкілеттілігі бар. Қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына, денсаулық сақтау мен білім беру саласына және т.б. салаларға басқару органының өкілі ретінде араласа алады. Олар өз қызметін, заң шеңберінен шықпай және өздері еңбек ететін мемлекеттік қызмет саласы аясында  ғана жүргізе алады.


толығырақ

 

«Жас Ұлан» шатырлы лагерінің ашылуы

1.jpg - 148.12 KbОрталық қалалық балалар кітапханасының жоғарғы және  төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімдері оқушылардың жазғы демалысын мағыналы өткізу, білімдерін тереңдету, адамгершілікке, ізгілікке, достыққа тәрбиелеу мақсатында жазғы лагердің оқушыларымен түрлі іс-шаралар өткізуде. 11.jpg - 220.63 KbЖоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары маусым айының 9-шы жұлдызында «Жас  Ұлан» шатырлы лагерінің  ашылуына байланысты  кітап  көрмесін ұйымдастырып, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жүргізді.Оқушылармен викториналық және үстел ойындары ойнатылды. Жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Жас Ұлан» шатырлы лагерінің  оқушыларына кітап көрмесіне шолулар, викториналар, сайыстар өткізіліп, шахмат, шашкі, тоғызқұмалақ және флешмобтар өткізілді. 1111.jpg - 129.97 Kb

 

Қалалақ орталық балалар кітапханасының жазғы лагерлермен жұмысы

33.jpg - 149.11 KbТөменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөліміндегі лагермен жұмыста  қаладағы барлық мектептердің оқушылары, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған оңалту орталығының балалары, сондай ақ қаламыздағы білімді дамыту бөлімінің «IntelleCiTy» орталығының балалары т.б. оқушылар қатысты. Кітапханашылар экскурсияға келген оқушыларды кітап әлемімен таныстырды. Кітаптың түрлері, құрлымы, ерекшеліктері және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен бірге «Ертегіші» клубының дайындаған қойылымдарын көрсетті.


толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru