ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 150
Статьи : 142
Просмотры материалов : 29202
Қазір сайтта
Сейчас 2 гостей онлайн
Жаңалықтар

Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік

tayel.jpg - 1.63 Mb 2017 жылдың 13 желтоқсанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында және «Астананың 20 жылдығына» орай Талдықорған қаласының «Білім» гуманитарлық-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мәкенова Римма Советханқызымен колледж студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғырының негізі- отансүйгіштік» атты танымдық сағат өтті.Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан туралы , оның Тәуелсіздік жолындағы дамуы туралы мәлімет беру. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

толығырақ

 

Ата – баба арманы - Тәуелсіздік

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні 3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Ата – баба арманы - Тәуелсіздік» атты тарихи кеш өткізілді. Шараға №10 мектеп оқушылары мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Табылдинов Сәлім Жұмаділұлы қатысты. Кітапханашы К.Табылдинова оқушыларға Тәуелсіздік туралы, Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі 1986 жылғы сол кездегі Жаңа алаңда бой көтергендігі жайлы айтты.

толығырақ

 

"Туған жерге туыңды тік акциясы" акциясы

ks.jpg - 2.68 MbАстананың 20 жылдығы аясында», мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы және «Туған жер» бағдарламасы аясында  2017 жылғы  11 желтоқсанда  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында «Туған жерге туыңды тік»  кітапханаға  кітап сыйлау акциясы өтті. Акцияның мақсаты: қала тұрғындары мен оқырмандардан Талдықорған қаласының тарихы, белгілі қоғам қайраткерлері мен тұлғалары туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, фото альбомдар, буклеттер және тағы басқа басылымдарды кітапхана қорына өтеусіз сыйға алу.Бұл акцияда ақын, аудармашы, Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері  Жүкел Хамай және ақ халатты абзал жандардың бірі, балалар емханасының дәрігері  Сансызбаева Ләззат  Князқызы кітапханаға  жеке кітапханаларынан кітаптарын сыйға тарттыks1.jpg - 2.38 Mb.

толығырақ

 

Мәңгілік махаббат жыры

 

kymis7.jpg - 111.92 Kb 9 желтоқсан  күні 3- ші бөлімше №7 кітапхана филиалында жазушы, Мемлекет сыйлығының лауреаты, А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық-күміс медалінің  иегері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 95 жыл толуына орай  «Мәңгілік махаббат жыры»  атты көркемсөз оқу сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды жазушының өмірімен таныстырып, шығармалары туралы білімдерін тереңдетіп, көпшілік алдында көркемсөз оқуға, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқуға бейімдеу және прозаға   деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады.

толығырақ

 

Жемқорлық індет- жою міндет

kymis1.jpg - 29.78 Kb8 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне  орай  3-ші бөлімше  №7 кітапхана филиалында  «Жемқорлық індет- жою міндет» деген тақырыпта №10 мектептің 5-11 сынып оқушылары  арасында   тәрбие сағаты өтті.  11 сынып оқушысы Мухитқызы Ажар  «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деген тақырыпта  баяндама оқыды. Ал, сондай- ақ осы мектептің оқушылары Жазылбаева Аяулым, Токтасынова Аида, Мухитов Айдын, Жақсылық Алихан, Балтабаева Ардақ пен Балтабаева Айым  сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы   өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтты. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, “Сыбайлас жемқорлық, парақорлық», сөздерінің   мағынасын  айта келе, экономикаға қауіпті  екенін түсіндіру, қоғамда өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

толығырақ

 

Ұлт көсемімен –келешекке бірге

img-20171205-wa0001.jpg - 122.07 Kb30 қараша күні сағат 10.00- де  Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 1 желтоқсан Президент күні мерекесіне орай  «Ұлт көсемімен –келешекке бірге» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара жас жеткіншектердің бойына ұлтжандылық қасиеттерін  қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тұла бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы, басқа мемлекеттерге үлгі екендігін мақтанышпен айтып өту және Елбасының өмірімен, еліміз үшін жасалып жатқан еңбектері туралы, әртүрлі ұлт өкілдерін  өз бауырына басқан қазақ елі бүгінде бірлік пен берекенің ұйтқысы екендігін,

толығырақ

 

Егемен елдің кемеңгер басшысы

 

img-20171130-wa0008.jpg - 115.14 Kb 2017 жылы  30 қараша  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  3-ші бөлімше  №7 кітапхана филиалында  «Егемен елдің кемеңгер басшысы» деген тақырыпта   №10 мектептің 1-7 сынып оқушылары  арасында  тұлғалық кеш өтті .  Мақсаты: Елбасының  өмірімен, еліміз үшін жасалып жатқан еңбектерін насихаттау, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып  Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Осы іс- шараға белсене  қатысқан оқушылар: Абуова Қарақат, Иманжан Диана Елбасымыздың өмірбаяны мен еңбегіне тоқталса, Джартыбаев Алиби, Биғали Шырайлым  Елбасымыз туралы өлеңдер оқыды.

 

Қазақстан және Елбасы

gul1 2.jpg - 79.80 Kb Мойнақ ауылдық № 6 кітапхана филиалында 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан және Елбасы» атты тарихи сағаты №22 мектеп оқушыларымен өткізілді. Еліміз көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз, Қазақстанның атын шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп, жатқаны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы.

толығырақ

 

Елі үшін туған азамат

j2 1.jpg - 3.05 MbЕркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  29 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елі үшін туған азамат» әңгіме сағаты № 11 мектептің 7 сынып оқушыларымен  ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент екенін таныту, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы оқушылардың білімін, саяси сауаттылығын арттыру, оқушылар білімін кеңейту, ой- өрістерін дамыту. Елбасына деген құрмет сезімдерін тереңдету.Шара барысында оқушылар Елбасының өмірбаянымен, еңбек жолымен, кітаптарымен танысты.

толығырақ

 

Латын әліпбиі- заман талабы

lat.jpg - 1.80 Mb28 қараша күні Еркін  ауылдық № 3 кітапхана- филиалында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына  орай «Латын  әліпбиі- заман талабы» атты экспресс шолуы № 11 мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді.  Шара мақсаты:  Түркі әлеміне жақындаудан біз ұтылмайтынымызды, ол  түркі халықтарымен тіліміз, дініміз және мәдениетіміз бір екендігін түсіндіріп, сол себептен бұл дұрыс  үрдіс екенін,  латын қарпі арқылы замануи үрдістерден  кейін  қалмауға мүмкіндік болатынын жеткізу.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru