ҚР мемлекеттік рәміздері

Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 151
Статьи : 143
Просмотры материалов : 29322
Қазір сайтта
Сейчас 20 гостей онлайн
Жаңалықтар

Латын әліпбиі- заман талабы

lat.jpg - 1.80 Mb28 қараша күні Еркін  ауылдық № 3 кітапхана- филиалында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына  орай «Латын  әліпбиі- заман талабы» атты экспресс шолуы № 11 мектептің 5 сынып оқушыларымен өткізілді.  Шара мақсаты:  Түркі әлеміне жақындаудан біз ұтылмайтынымызды, ол  түркі халықтарымен тіліміз, дініміз және мәдениетіміз бір екендігін түсіндіріп, сол себептен бұл дұрыс  үрдіс екенін,  латын қарпі арқылы замануи үрдістерден  кейін  қалмауға мүмкіндік болатынын жеткізу.

толығырақ

 

Егемен елдің кемеңгер басшысы»

pr2.jpg - 3.05 Mb Қалалық орталық   балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 28-шы жұлдызында №14 мектеп-гимназиясының 2 «ә» сынып оқушыларымен 1-желтоқсан Президент күніне орай «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты  әңгіме-репортаж өткізілді. Мақсаты: «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

толығырақ

 

«Тіршілік көзі- салауатты болашақ»

Мойнақ ауылындық №6 кітапхана филиалының    17 қараша күні 6 сынып оқушылар арасында «Тіршілік көзі- салауатты болашақ» атты әнгіме сағатты өткізілді. Еліміздің   Президенты  Н.Ә.Назарбаев  «Казахстан 2050» стратегиялық  бағдарламасында   қасалауаттық  өмір  салтың орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын  жақсарту  бағытында  жұмыс жүргізу  қажеттілігін  атап көрсетті.

толығырақ

 

Спорт – елді әлемге танытады

nesi.jpg - 182.28 KbСпорттың адам өмірінде алатын орны ерекше, еліміздің спорт саласы қарқынды дамуда . Дене шынықтыру мен спортқа ден қойған адамдар саны жыл санап артып келеді. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, сымбатты, қайратты әрі шыдамды келеді. Қалалық №2 кітапхана филиалы  17 қараша күні  «Спорт – елді әлемге танытады»  деген тақырыпта кең көлемді  кітап жәрменкесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

Дін мен дәстүр

dini3 1.jpg - 2.79 Mbdini3 2.jpg - 2.80 Mb2017  жылы 17 қарашада Еркін ауылдық № 3 кітапхана – филиалында  № 11 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін мен дәстүр» атты тәрбие сағаты өтті. Шараның қонағы боп Еркін ауылдық мешітінің имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы  шақырылды.Шараның  мақсаты: оқушылардың  бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарды, дінге сенімін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, дінді ауғыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

толығырақ

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған

tor.jpg - 1.25 MbӨтенай ауылдық №5 кітапханасында  15 қараша күні Респубикалық "Бір ел бір кітап" акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне күн болуды аңсаған» атты әдеби сағат өтті. Оған №21 мектептің 7-8 сынып оқушылары мен қазақ тілі және  әдебиеті пәнінің мұғалімі Әтеева Күлән Сәменбайқызы қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Г.Сейлханова жүргізіп, ақын шығармашылығына арналған «Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт» атты баяндамасын оқыды. Шара барысында сөз кезегін алған К.Сәменбайқызы оқушыларға ақын туралы кеңінен әңгімелеп берді.

толығырақ

 

Латын әліпбиіне көшу –әлемдік ақпараттың құралы

don.jpg - 2.25 MbМойнақ ауылдық  №6 кітапхана филиалында    8 қараша күні  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу –әлемдік  ақпараттың құралы» атты танымдық сағаты өтті. Шара латын әлібиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Шараға №23 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Шараның негізгі бөлімінде оқушылар «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

толығырақ

 

Жаңғыру жазудан басталады

jasu.jpg - 53.65 KbН.Назарбаев бағдарламалық мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы  бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, және білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне  байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жүр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – деп жазды. Осы мақсатта қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып  оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 3-ші жұлдызында №14 мектептің 7 «а» сынып оқушыларымен «Жаңғыру жазудан басталады» атты хабарлама сабақ өткізілді.

толығырақ

 

Сыбайлас жемқорлық

jev.jpg - 2.65 Mb 7 қараша  күні  Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында  «Сыбайлас жемқорлық» атты кездесу сағаты  өткізілді. Кездесуге Еркін ауылдық әкімшілік округінен әкім орынбасары Рыспеков Қанат  Сағымқанұлы, әкімшіліктің бас маманы  Иманғазинова Жұлдыз Маратқызы  мен  № 11 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шарада кітапханашылар балаларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, одан мемлекетке қандай зиян келетіні туралы айтып өтті. Қанат  Сағымқанұлы мен Жұлдыз Маратқызы балаларды  қазірден бастап жемқорлықпен күресіп, болашақта заң жолымен жүріп, сыбайлас жемқорлықпен жалықпай күресуге шақырды. Балалар  осы тақырыптағы  өздерінің  сұрақтарын қойып оған  жауаптар алды.

Подробнее...

 

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

mymkin2.jpg - 118.12 Kb Қалалық №2 кітапхана филиалында 30 қазан күні жоспар бойынша 2- шағын ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды өз қамқорлықтарына алып, үйлеріне кітап апарып беруді дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан шет қалдырмай олардың  кітап оқу мәдениетін қалыптастыра отырып,    қалаған кітабын оқуына қол ұшын беру,  шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, рухани жағынан байи түсуіне жәрдемдесу мақсатында үйге кітап апарып береміз.

толығырақ

 
Еще статьи...

Рейтинг@Mail.ru