Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 155
Статьи : 120
Просмотры материалов : 129030
Қазір сайтта
Сейчас 14 гостей онлайн

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы 
тарихы туралы қысқаша
А Қ П А Р А Т

Кітапхана еліміздің мәдени - мұраларын сақтап, халықтың рухани байлығын , білім деңгейін дамытатын , оны насихаттайтын рухани мәдени орын. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030», «Қазақстан-2020» бағдарламасын , жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларымен « Мәдени - мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды ашық көрсету - кітапхананың басты мақсаты.

Қазіргі өркениетті қоғамның жағдайы кітапхана ісінде жаңа талаптар жүктейді. Жамбыл ауданы кітапханасына КАБИС, РАБИС бағдарламаларымен қатар жаңа технологиялық озық үлгілер енгізіліп, материалдық - техникалық базасы нығайып, кітапханашылар тың серпіліспен еңбек етуде.

Үлгілі ауыл кітапханасының мақсаты - жалпыға бірдей еркіндікпен тегін ұстаным негізінде қазіргі заманауй ақпараттық – коммуникативтік технологиялар көмегімен тұрғындарға білімі, мәдени және ақпараттық қызмет көрсету.

 

Бибінұр Ермекбайқызы ИБРАЙЖАНОВА

1964 жылы ақпан айынын 3-күні дүниеге келді. 1986 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар Педагогикалық институтының кітапханатану және библиографиялық мамандығы бойынша бітіріп, содан бері 25 жылдам астам уақыт Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасында еңбек етіп келеді. 1995 жылдың тамыз айынан бастап «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры.

2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қаулысымен «Мәдениет қайраткері» атағы берілді. Кітапхананың киелі табалдырығын аттап, білім бұлағынан сусындайтын оқырман еліміздің болашақ ел тұтқасын ұстар білімді де , білікті азаматтары болмақ. Сондықтан да кітапхана ісінің ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосар өзіндік қомақты үлесі бар екендігі даусыз.

1995 жылдың тамыз айынан бастап мен осы ұжымды басқарып келемін. 2008 жылдың 3 - қаңтарынан бастап Елбасы Жолдауы аясында және Облыс әкімінің қолдауымен 2008 жылы 21 кітапхана филиалы 42 штат бірлігімен қайта ашылды. 2011 жылы 3 кітапхана ашылып , 3 штат бірлігі берілді. Сонымен бүгінгі күні ауданда барлығы 25 кітапхана- филиалында , 58 штат бірлігімен оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Облыстағы алдыңғы қатарлы кітапханалармен тең иық теңестіруге ең маңызды мәселе - кітапханалық ақпараттық озық технологиялық жүйеге ену болса , менің басты мақсатым осы жобаны жүзеге асырып, «Үлгілі ауыл кітапханасы» статусына сай жұмыс атқару.

Біздің кітапхана ғимараты 1974 жылы 2 қабатты арнайы жобамен салынған. Кітапханаға 2010 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кітапханалық жиһаздармен , оргтехникалармен толықтырылды. Жаңа ақпараттық технологияға көшу арқылы, істің тиісті амалдарын қолдану, кітапхана қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін және қарым - қатынас мәдениетін игерген, жаңа жұмыс түрін қалыптастыруын талап етеді. Киелі руханият ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуынан қалыспай ілесіп, өркен жая түсуде.

Бүгінгі күні оқырмандарға кітапханада бірнеше бөлімдер қызмет көрсетеді:

Абонемент, оқу залы, ақпараттық библиографиялық бөлім, интернет залы, балалар бөлімі, кітап қорын толықтыру және өндеу бөлімі , әдістемелік бөлімдер.

Аудан көлеміндегі барлық кітап қоры 445 мың дана болса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер - 168 мың дана. Кітап қорын толықтыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша « Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кітапхана қоры толықтырылуда. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің озық үлгілі классикалық шығармалары « Алтын қалам» серия басылымдары арқылы да кітап қоры өсуде.Сонымен қатар облыстық бюджеттен Жетісу ақын - жазушылардың кітаптары шығарылып, аудан кітапханаларына таратылуда.


Кітапхана миссиясы:

* Қоғамға қызмет ету, ұлттық мүддемен халықтың рухын

жандандыру:

* Отанымыздағы ақпараттық ресурстарды өркендету және өз

қызметіндегі барлық бағыттардың интеллектуалды әлеуетін

ынталандыруға жәрдем беру :

* Ақпаратқа еркін енуде азаматтар құқығын құрметтеу:

* Адам құндылықтарының басымдылығын ескере отырып, ақпараттың

қандай да түрлеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндіктер жасау.


Тарихтан мәлімет

1947 жылы - Жамбыл аудандық кітапханасы 900 дана кітап қорымен құрылған. Ең алғаш кітапханашы Қамбарова Гүлжаһан. Кітапхананың тарихта қалған алғашқы оқырмандары: Шелекбаев Әнуар, Шелекбаев Мұрат, Дуболазов Виктор.

1952 - 69 жж - Халева Тамара Василевна 1200 дана кітап қорымен кітапханашы болып жұмыс істеген.

1970-73 жж - кітап қоры 3000-ға жуық дана болса ,сол кезеңдерде 3 - кітапханашы ғана қызмет атқарған.

1974 жылы – жалпы көлемі 1600 шаршы метрді құрайтын қазіргі Бәйдібек би көшесі (бұрынғы Советская) арнайы бейімделген екі қабатты зәулім ғимарат кітапханаға пайдалануға берілді.

1975 жылы - 5938 дана кітап қорымен «Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » болып өзгертіліп, ауылдық елді мекендерде кітапхана - филиалдары құрыла бастады.

1975-79жж - орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде директорлық қызметті Көгембаева Күлтай Ырыстықызы басқарды. Сол кезеңде орталық кітапханада 25 қызметкер жұмыс істеді.

1980 жылы - Кітапхана ғимараты жанынан Жамбыл ақынның ескерткіші қойылды. Тарихи ескерткішті ашқан Аудандық партия комитетінің хатшысы Шөпбаев Мәтқасым Ақсамбыұлы .

1981- 83 жж Аудандық атқару комитетінің шешімімен кітапханаға «Жыр алыбы Жамбыл » ақынның есімі беріліп «Жамбыл атындағы орталық кітапхана» болып аталды.

1983 -85 жж - Хабиев Мақсұтбек Хабиұлы кітапхана ісін басқарды. Кітап қоры - 88581 дана болған.

1985- 86 жж - кітапхананы Орынбетова Күлзипа Ыдырысқызы басқарды.

1986-95 жж - аралығында Бегімбетова Ұлжалғас Шаруақызы кітапханада директорлық міндет атқарды. Осы жылдарда «Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде » 68 кітапхана- филиалы оқырмандарға қызмет көрсетіп, 120-ға дейін қызметкерлер саны өсті.

Аудандық кітапхананың кітап қоры - 207842 данаға дейін жетті.

1995 ж - тамыз айында кітапхана ісін басқаруға Ибрайжанова Бибінұр Ермекбайқызы тағайындалды.

1996 жылдың - 3 қазан айынан бастап, Аудан әкімінің 2-тамыздағы шешімімен қаржы қорын тиімді пайдалану және жинақтауға байланысты 26 кітапхана - филиалы қысқартылды.

1997 жылдың - қаңтар айына дейін 42 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетіп келді. 28 ақпанынан бастап оңтайландыру саясатына байланысты елді - мекендегі барлық кітапханалар жүйесі қысқарып , аудан бойынша бір ғана « Жамбыл атындағы кітапханасы » қалды. Заңды тұлғаның атауы: «Жамбыл аудандық кітапханасы» ММ болып өзгеріс енгізілді.

2006 жылы - кітапханаға ақпараттық жүйе «РАБИС-Каталогизатор» моделі енгізілді.

2008 жылы - 3 - қаңтарынан бастап Елбасы Жолдауы аясында Облыс әкімінің қолдауымен 21 кітапхана – филиалы, 42 штат бірлігімен қайта ашылды.

2009 жылы - КАБИС бағдарламасымен Аудандық кітапхана және Аққайнар, Жамбыл кітапхана - филиалдары жұмыс істей бастады.

2009 жылы - кітапханаға облыс бюджетінен қаржы бөлініп УАЗ автокөлігі берілді.

2010 жыл - кітапхана озық технологияны меңгерді. КАБИС бағдарламасымен жұмыстар атқарып, ғаламтор жүйесімен толық ақпарат алмасуда. Кітапхана пайдаланушылардың игілігі үшін электронды каталогтар, кітаптар, библиографиялық дерекқорлар жасақталып, интернет ресурстары толық пайдалануда.

2010 жылдың - сәуір айынан бастап Аудандық кітапхана толық күрделі жөндеуден өтті. Кітапханаға газбен және сұйық отынмен жылытатын СНАРРЕЕ NХR – 35 130 кВт, ГУ маркалы пеш орнатылды.

2010 жылдың - 10 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңның 37 бабының 3,4 тармағына сәйкес «Жамбыл аудандық кітапханасы »

мемлекеттік мекемесінің атауы «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы » мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2011 жылы барлық 24 кітапхана - филиалдары жаңа жиһаздармен жабдықталып , телефон желісі орнатылып, компьютерлендірілді.


Біздің серіктестеріміз

1. « Аруна » кітап баспасы 6. Жамбыл атындығы Мемлекеттік

республикалық жасөспірімдер

2. Аудандық«Атамекен»газеті кітапханасы

3. «Нұр Отан» партиясы 7. Қарасай атындағы мәдениет үйі

4. Аудандағы білім ордалары 8. Аудандық әскери бөлім.

5. «Өнер » мектебі 9.Үкімет емес ұйымдар.

 


Марапаттаулар

 

Алматы облыстық мәдениет басқармасы.

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы.

 

Диплом

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай жарияланған « Жыл көрмесі -2006» Облыстық байқауында екінші орынмен Жамбыл аудандық кітапханасы марапатталады.

Талдықорған - 2006 жыл. С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы

Диплом

Алматы облысы кітапханаларының 2005 жыл қорытындысы бойынша кітапхана ісіндегі жетістіктері үшін «Жамбыл аудандық кітапханасы II- дәрежелі дипломмен матапатталды. .

Талдықорған - 2006 жыл 10 ақпан.

 

Алматы облыстық мәдениет басқармасы.

Диплом

Мәдениет саласындағы 2006 жылғы облыстың аудандық кітапханалар арасындағы байқаудың қорытыңдысы бойынша жоғарғы көрсеткіштері

мен облыс тұрғындарына үлгілі мәдени қызмет көрсетудегі жетістігі үшін III дәрежелі дипломмен марапатталған.

Басқарма төрағасы Е. Жанпейісов.

Талдықорған қаласы , 2007 жыл.

 

Алматы облыстық мәдениет басқармасы.

Құрмет грамотасы

Мәдениет саласындағы 2007 жылғы облыстың аудандық кітапханалары арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша жоғарғы көрсеткіштер мен облыс тұрғындарына үлгілі мәдени қызмет көрсетудегі жетістігі үшін

 

ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНА

«Үздік мекеме» атағы беріліп , « Ең үздік аудандық кітапхана -2007» кубогын иеленді .

Басқарма төрағасы Е. Жанпейісов

Талдықорған 2008 жыл.

 

 

«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясы

Алғыс хат

« Нұр Отан» ХДП атынаң мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру , қолдану аясын кеңейтіп және оны дамыту мақсатында ұйымдастырылған « МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ -МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» атты байқауына қатысып ұшқыр ой , өткір сөз асқан шеберлікпен қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін алғыс білдіремін.

«Нұр Отан» ХДП Жамбыл аудандық партия филиалы бірінші орынбасары Б. Досмуханбет. Ұынағаш ауылы 2010 жылдың тамыз айы .

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Диплом

Жамбыл ауданының әкімшілігі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын өткізуге байланысты мерекелік шарада киіз үйді ұлттық нақышта безендіріп, ұлттық салт- дәстүрді насихаттағаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталады.

Аудан әкімі А.Мусаханов.

Ұзынағаш ауылы - 2007 жыл

Обновлено (13.10.2014 13:43)

 


Отдых для всех