Кәсіптік қызмет Күнтізбе 2014

Күнтізбе 2014


Алғы сөз

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі жыл сайын   «Алматы облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндеріне» ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін дайындап шығарады.

Мерейтой иелерінің еңбектерін насихаттауда және облысымыздағы көрнекті оқиғаларды хабарлауда бұл көрсеткіштің алатын орны ерекше.

Мұнда облысымыздың тарихындағы, мәдениетіндегі көрнекті даталары алынады. Бұл даталар тізбесі жылдың әрбір айы бойынша реттеліп тізіледі және сол жылдың «Айы мен күні белгісіз даталары» хронологиялық тәртіппен бөлініп беріледі.

Алматы облысында туып өскен, туған күні, айы белгісіз қайраткерлер жеке топтастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Күнтізбе мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ, өлке тарихына қызығушылығы бар жалпы оқырман  қауымға арналады.

Ұсынылып отырған күнтізбе төмендегідей жүйемен беріліп отыр:

 







 

 


Отдых для всех