Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 160
Статьи : 120
Просмотры материалов : 136817
Қазір сайтта
Сейчас 27 гостей онлайн
Жаңалықтар Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар

Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар

Жамбыл облысы әкімдігі ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігі, ҚР Білім және ғылым Министрлігі, ҚР кітапханалар Ассоциациясы, ҚР Ұлттық Академиялық  кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Жамбыл облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы,  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен 2013 жылы Кітапханалар астанасы болып таңдалынған Тараз қаласында 18-19 қыркүйек күндері «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» тақырыбында Республикалық конференция өткізді.

 

Аталмыш іс-шараға Алматы облысы кітапханалары мамандарынан 5 адам шақырылды. Атап айтсақ, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры М.Нұрғалиева, кітапханашы Ж.Нұрлан, Қаратал аудандық кітапханасының директоры Г.Сембекова, Панфилов аудандық кітапханасының директоры Д.Сұлтанбекова, Ұйғыр аудандық кітапханасының директоры К.Сабдалиева пленарлы мәжілістерге, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге және секциялар бойынша жұмыстарға бөлініп,     "Жаңа көзқарас: сөз жастарда" атты («Печа-куча» форматында) ұйымдастырылған пікір-талас алаңында кітапхана ісі бойынша идеялар мен тәжірибе алмасуда Республиканың барлық ведомствасына қарасты кітапханалар мен ТМД елдерінің кітапхана  көшбасшыларын біріктіретін және заманауи кітапханалардың тұрақты дамуы үшін инновацияның мәнін нақтылау, қоғамның қазіргі құрылымындағы кітапхананың орны мен жағдайын айқындаған мәселелерді кең ауқымда талқылайтын белсенді пікірталас болды.

Конференция А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыс кітапханасының арнайы іс-шарасымен, Түрік ақпараттық орталығының салтанатты ашылуымен, арнайы кітап көрмесінің тұсаукесерімен жалғасын тауып, еліміздің түкпір-түкпірінен білікті мамандардың басын қосып отырған конференцияның кітапхана саласындағы көптеген мәселелердің түйінін шешіп, тың идеялар мен жаңа бастамалардың бастауы болды.

 


Отдых для всех