Өлкетану Іле ауданы тарихының шежіресі

Іле ауданы тарихының шежіресі

 

1924      жылдың  27 қазанында Мойынқұм және сарықұм уездерінен Іле  болыстығы  құрылып, оның орталығы Іле стансасына көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу  губерниясы таратылып, уездер мен болыстықтардан  Алматы  және Семей  (бір бөлігінен) округтарынан  аудандар құрылады, Сөйтіп Алматы  және Іле болыстығынан  Іле ауданы құрылып, оның орталығы Садықбай ауылы , қазіргі  Шилікемір болады.

1987 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша орталығы Энергетикалық поселкесі болып табылатын Іле ауданының  аумағы 6,6 мың шаршы шақырымды қамтыды. Бұл кезде ауданда 9 селолық, поселкелік Кеңес, 3 жұмысшы поселкесі болды. Оның орталығы да әлденеше  рет  елді мекеннен елді  мекенге  ауысып отырған . Бұрынғы  Садықбай (Шилікемер) ауылынан бастау  алған  аудан орталықтары Қызыл-Ту, Талғар, Николаевка, Іле (кейіннен Қапшағай), сияқты  селоларға жалғасып, тек Энергетик, қазіргі Өтеген батыр  кентінде  ғана тұрақты орын теуіп отыр.

Ауданның солтүстігі Алматы қаласымен шекараласып жатыр. Шығысы Талғар, оңтүстік - батысы Қарасай,батысы  Жамбыл аудандарымен  қиылысады. Бүгінде аудан көлемі 7,8 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Халық саны  180 мыңға жетті. Мұнда  қазір 11 селолық және поселкелік округ, 115 елді мекен бар. Аудан көпұлтты, 32 -ден астам ұлттар  мен ұлыстардың  өкілдері  егемендіктің көк байрағы астында тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Іле ауданы экономикалық – әлеуметтік жағынан облыстағы іргелі де  ірі ауданның  бірі.

 

Киелі топырақ – Іле өңірі.

Әлмерек Жаншықұлы – 1658 жылы Әулиеата маңайы( қаз Жамбыл облысы) туған. Батыр, шешен, көріпкел. Қазақ жастарынан жасақ ұйымдастырып, жоңғар басқыншыларына соққы берген.1764 жылдың аяғында Алматы қаласының жанындағы кейіннен Әлмерек қорымы деп аталатын жерде қайтыс болған.  Оның өмір сүрген кезеңі жоңғар қалмақтарының жанкешті күресімен тұспа – тұс келеді.  Қазақтың аяғымен қан кешіп, ат ауыздығымен су ішкен, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген қиянкесті жылдарында өмір сүрген Әлмерек өзі қол бастап, қалмақтарды түре қуған батыр., ел қорғаған ер еді. Ереуіл атымен егеулі найзасы қолынан түспей Алматы маңы, Қорам, Шелек, Сөгеті, Бұғыты, Көкбек, Тарыайғыр, Қулық, Қату, Сарыбастау, Жабыр маңында қалмақтарға ойсырата соққы беріп, өзінің үрім- бұтағын қоныстандырған. Жекпе – жекте неше қалмақ батырына қан жұтқызған, әсіресе қалмақтың  атақты қолбасшысы Қалдайдың басын алған батырлығы ел аузында аңыз болып қалған.    Қазақ халқының жадында Әлмеректің есімі көріпкел, әулие ретінде көбірек сақталған.Әлмерек бабадан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек бата алған. Бата алған батырдың жолы болып, бата алмағандардың жолы болмаған.  Сондықтан  да өзінің киесі бар, сөзінің жүйесі бар адамды абыз, әулие атаған. Ел аузында қалған Әлмеректің бір сөзі «Қазақтың үш баласы (үш жүз) ошақтың үш бұтындай бір шеңберге тұтасып тұр емес пе? Сондықтан қазақты  топқа, жікке бөлуге болмайды. Ошақтың бір бұты кетсе, үстіндегі қазан төңкеріледі Жұмыла көтерген жүк жеңіл, жұдырықтай жұмылған күш бәрін жеңеді»-деген екен. Қазақтан шыққан ұлы тұлға Д.А. Қонаев жазушы Тұрсын Жұртбаевты қабылдап: «Алматының іргесінде Әлмерек бабаң жатыр. Мені кішкене кезімде әкем басына ертіп барып, дұға оқып,жолаушы жүргенде ол кісінің басына ат басын бұрмай, құран оқымай кетпейтін. Ондай қасиетті адамды ұрпақтар білсін насихаттап айтыңдар» - деп кеңес беріпті. Әлмеректің ұрпақтары бүкіл Жетісу жеріне көп тараған. Әлмеректің белінен; Жәнібек, Құрман, Баба, Тоқан, Қаракісі тараған, бүгінде әрқайсысы бір- бір ауыл ел., өсіп – өнген ұрпақ. Тіпті Әлмеректің ұрпақтары Қытайда ,Моңғолияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда да бар. Ұрпақтарының ішінен еін қорғаған қайсар батырлар, көріпкелдер, шешендер шыққан. Әлмеректің қара шаңырағы Жылысайда Тоқмолда әулетінде әлі күнге дейін  сақтаулы. Әлмерек бабамыздың көз жұмған.

 

Өтеген  Өтеғұлұлы, Мүйізді Өтеген - 1699 жылы  Шу өзенінің  саласындағы  Изенді деген жерде туған.(Қазіргі Жамбыл облысы, Көктерек ауданының шығыс жақ бетінде). Өтегеннің әкесі Өтеғұл Сырымбеттің үлкен баласы. Сырымбет ойрат (қалмақ) шабуылына қарсы аянбай күрескен батырлардың бірі. 1635 жылы Әз- Жәңгір аз ғана қолмен ойраттың ханы Батырдың елу мың қолына соққы берген ұрысқа қатысып, қол басқарған адам.Өтегеннің жастық шағы Тәукенің хандық еткен дәуірінің аяқ кезіне тура келеді. Бұл кезде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жаман болмады. Бірақ 1718 жылы Тәукенің өлімі хандықтың ішкі жағдайына өзгеріс енгізеді. Өзара күрес күшейеді. Осыны нәтижесінде орталық үкімет әлсірейді. Әр жүздің өзіне жеке – жеке хан сайланады. Бұл жағдайды пайдаланып, жоңғар ойраттары шабуыл  жасайды. Қазақ қолы қарсы тұрумен қатар өздері де бірнеше жорықтар жасап, жауға соққы береді. Осы жорықтарға Өтеген он алты жасынан бастап қатысып, жаулаушылармен күрескен .Халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін бар өмірін жұмсап, қоныс іздеу сапарынан қайтқан соң, біраз жылдан кейін 1773 жылы 74 жасында Өтеген Іле өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі сол жерге қойылған. Моласы Іледегі теміржол көпірінің оңтүстік шығысында Шолақ тауының бергі жағындағы Шеңгелді деген жерде.Өтегеннің еңбегін бағалап, халқы оның ерлік істерін өлең, жыр, дастан, әңгіме етіп, батырлығын мақтан тұтқан. Оны алғаш жырлаған  Сүйінбайдың бабасы – Күсеп ақын.  Тарихшы Делебаевтың дерегіне қарағанда, Тілеміс, Майқөт ақындар да батыр туралы жырлаған екен . Бұлардың бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр » дастаны. Осы күннің өзінде де батырлықты айтқан ақындар Өтегенді атамай кетпейді.   Оны 1943 жылдың желтоқсанында  Алматы қаласында болған, Қазақстанның ақындар айтысындағы Кенен Әзірбаевтың  өлеңінен көруге болады. Өтеген туралы дерек аңыздарды  зерттеуге әдибетшілер Е. Ысмайлов, Қ. Тұрғанбеаев, Н.С . Смирнова ,С. Бегалин қатысқан. Алматы облысында Өтеген есімімен аталған жерлер көп. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Келес ауылында батырға ескерткіш орнатылған. Іле ауданы орталығы бұрынғы «Энергетичкский» қазір  Өтеген батыр атымен аталады.

 

 


Отдых для всех