Өлкетану Әдебиет пен өнер тарландары

Әдебиет пен өнер тарландары

Алпысбаев Кеңес 1942 жылы  1 наурызда  Алматы облысы Шелек ауданы Арал (Жаңа – Шаруа) ауылнда дүниеге келген. Ұлты қазақ, Ұлы жүз Албан руынан. Орта мектепті 1946-1958 жылдары Малыбай ауылында бітіріп шықты. 1958-1960 жылдары Алматы байланыс электротехникумын бітірді. 1969 жылдан бастап отыз жылға жуық уақыт  Іле ауданында байланыс торабының бастығы қызметін атқарған. Алғашқы әндері 1964 жылдардан бастап жарық көре бастады.  «Арманымның ақ құсы» деген әні  (Сөзі автордікі). Сол жылдары Н.Нүсіпжанов пен Л.Кесоглу орындауында Мәскеудегі Мелодия баспасынан күйтабаққа  қазақ және орыс тілдерінде шықты. Кейіннен  «Анашым», «Достарыма», «Қазақ топырағы»,  «Жылы жаңбыр», «Бәйшешегім» т.б. көптеген әндері қазақ радиосының алтын қорына енді. 1981 жылы  «Аманымның ақұсы»  «Бәйшешегім», «Жастықшақ әуендері» атты ән жинаққа енді. Әндері әуеде қалқыған жерлесіміз Іле ауданының  «Құрметті азаматы » К.Алпысбаевтың есімі « Қуат» ықшам ауданынан көшеге берілді және сазгер  тұрған  Абай көшесінің №23 үйіне  ескерткіш тақта қойылды.
Нүсіпбеков Исахмет -13.11. 1935 жылы Ұйғыр ауданы, Бөдеті ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын ардақты азамат. 1959 жылы Қазақтың Абай атындағы педогогикалық институтының тарих-филоогия факульетін бітірген. Еңбек жолын Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында мұғалім болып бастады. 1961-1966 жылдары Кетпен орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі,1966 -1978 жылдар Ытымақ орта мектебінде,  Жаңадәуір №5 орта мектепте директор болып қызмет атқарды.  1978 -1998жылға дейін   Іле аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Еңбек демалысына шыққаннан кейін аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы қызметтерін атқарған. Ол қандай жұмыс атқармасын өзінің белсенділігімен, іскерлігімен көзге түсетін. Білікті басшы, талантты ақын ретінде облыстың барлық мәдени – рухани жұмыстарына белсене араласты.Оның қаламынан 15- ке  жуық өлеңдер жинағы жарық көрді. Жырларының тереңдігімен , тақырыптарының ауқымдылығымен  оқырмандар арасында сый құрметке бөленді. Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық кеңестердің депутаты болып сайланды.Білім және Мәдениет министрліктерінің граматоларымен марпатталды.Н. Исахметовтың   «Тұңғыш кітап» (1964),«Туған таулар» (1968), «Ұландарым» (1974),«Ер кезегі» (1978),«Раушан гүлдер» (1981) ,«Таудан ескен жел» (1983) атты жыр жинақтары  жарық көрген. Өтеген батыр кентіндегі «Қуат» ықшам ауданындағы бір көшеге  Исахметов есімі беріліп және ақын тұрған Титов көшесі бойындаға №28 үйге ескерткіш тақта қойылды.
Әлібек Нұрқожа 1937 жылы   Алматы  облысы,  Еңбекшіқазақ ауданындағы  Көктөбе ауылында  туған. 1955 жылы  Есік қаласындағы   «Молотов»  атындағы орта мектепті бітірген соң, Талғар қаласындағы  «Механизация» техникумына түсіп, оны  1959 жылы  бітіріп,  еңбек жолын  «Түрген  механизация»   училищесінде   мұғалімдіктен  бастаған.  Еңбекшіқазақ  ауданында   комсомол комитетінің   аппаратында қызмет атқарған. 1961 жылы  Алматыда   Жамбыл атындағы   Мемлекеттік   филармонияға   әнші болып қабылданып , 1962 жылы  Қазақстанның Москвадағы өнер декадасына қатысып, «Чайковский» атындағы   училищенің  теория, сазгер бөлімін  аяқтаған. 1964-1974  жылдарда  Бақанас халық театрының  режиссері болған. Ауыл сахнасында «Қыз- Жібек» және де басқа 10 шақты спектакльдерді қойып, өзі бас рольдерді ойнаған. 1974 жылы біраз уақыт  Күрті ауданында қызмет  істеп, «Сарытоқым» ансамблін құрған.
1974 жылдан 1997 жылы құрметті  демалысқа кеткенге дейін Іле ауданында  мәдениет бөлімінің   меңгерушісі, Қапшағай өнер мектебінің директоры, Николаевка  музыка  мектебінің  директоры  қызметтерін атқарған.Табиғи дарыны профессионалдық   біліммен  қаруланған  Әлібек Нұрқожа  көптеген  серенадалар, балладалар, романстар , поэмалардың  авторы. Сол шығармаларымен  әртүрлі  республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға қатысып  дипломант , лауреат атанып, көптеген  грамоталармен марапатталып, туындылары өзіндік ерекшелігімен , сонылығымен бағаланып  отырды. Әлібектің бүгінде 200-ге жуық  әндері бар. Бұлардың көпшілігі  кезінде  белгілі өнер қайраткерлері  Е. Серкебаев, Р. Мұсабаев, С. Әбусеитов, Н. Нүсіпжанов, Е. Хасанғалиев, Л, Кесоглу,В. Қармысова, Г. Разиева, Л. Төлешевалардың орындауында шырқалған. Әлібек белгілі қылқалам  шебері. Оның қаламынан  туындаған «Көкпар», «Кездесу», «Аңырақай шайқасы», «Көктем суы», «Биші өзен»,  тағы да басқа, табиғат көріністері (барлығы 216 суреті бар). Талдықорған,  Талғар,  Іле ауданында  өткізілген  көрмелерде көпшіліктің көңілінен шыққан. Әсіресе, оның 1997 жылдың  шілде, тамыз айларында Ә. Кастеев  атындағы  мемлекеттік  өнер музейінде  ашылған жеке көрмесі - Әлібек Нұрқожаның талантты   суретші   екендігін мойындатты.Ә. Нұрқожа  жасынан  өзі шығарған әндерінің   өлеңін өзі жазып жүріп, кейінде үлкен- үлкен тақырыптарға  қалам тартқан әйгілі ақын.  2003  жылы  оның  Отанға, туған елге, жерге арналған   көптеген өлеңдері , әндері мен ән текстері «Өмірім- өнерім» деген  атпен  жеке кітап болып жарияланды. Әлібек Нұрқожа  саяси сауатты , білімді, білікті ұйымдастырушы. Құрметті  демалыста жүрсе де, аудан көлемінде өткен  мәдени іс- шаралардың барлығына да  тікелей өзі қатынасатын. Өмірінің соңғы жылдарында  өзі ұйымдастырып, оның көркемдік жетекшісі де  өзі болған « Ардагерлер»ансамблі  2002 жылы  сәуір айында Талдықорған қаласында  өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауында 1-ші орынға ие болды. 2003 жылдың  шілде айының  3-ші күні Есік қаласында Алматы облысы көркемөнерпаздарының конкурсы өтті. Осы конкурста «Ардагерлер» ансамблі халық әні «Ләтипа», «Еркем-ай», Әлібек Нұрқожаның «Талдықорған вальсі», «Ақ қала, арман қала-Астана», «Немере», «Өтеген батыр» әндерін орындап, «Халық ансамблі» атағын жеңіп алды. Көздеген мақсатымызға  жетіп қайтқанымызбен, бұл күн Әлібекпен қоштасуымыздың басы екен. Көп кешікпей  « Іле ауданының құрметті азаматы», жеті өнер иесі-әнші, актер, режиссер, дирижер, ақын, сазгер, суретші Әлібек Нұрқожа  мәңгілікке сапар шекті. 2003 жылы  облыс орталығы Талдықорған  қаласында  ұлы композитор  Мұқан Төлебаевтың  туғанына  90 жыл толу мерей тойы  құрметіне арналып, әуесқой сазгерлер шығармаларының байқауы өткізілді. Әлібек Нұрқожаның өзі армандап кеткен  бұл байқауға «Ардагерлер» ансамблі қатысып, «Өз елім- өзегім» номинациясы бойынша Ә. Нұрқожаның  «Талдықорған вальсі», «Ақ қала, арман қала-Астана», «Өтеген батыр»  әндерін орындап,  байқаудың  1-ші  орынын ие болып, Алматы облыстық
мәдениет басқармасының 1-ші дәрежелі  дипломымен марапатталды.

 

Нұрғожаев Аманбай Біләлұлы 1943 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында, шаруа жанұясында туылған.
1949-1959 жылдары Кеген ауылындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Қызылту қой кеңшарында екі жыл жай қатардағы жұмысшы болып істегеннен кейін 1961 жылы Алматы Зоотехникалық мал дәрігерлік институтының мал дәрігері факультетіне  оқуға түскен, оны 1966 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Сол кездегі тәртіпке сай  Ауыл шаруашылығы министрлігінің жолдауымен 1966-1970 жылдары Қызылту ауданы, Көкшетау облысында аудандық бас малдәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.
1970 жылы қайтадан Алматы облысына ауысып, Іле ауданындағы малдәрігерлік станцияда бас маман, Іле аудандық партия комитетінің ұсынуымен Алматы жүзім кеңшарына бас малдәрігері болып 1972 жылы ауысады.
1976 жылы Алматы облысы партия комитетінің  нұсқауымен күрті ауданы Тоқаш Бокин атындағы кеңшарға директор болып тағайындалады. Сол жылдары аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық Совет депутаты, 1980 жылы ССРО-ның «За трудовое отличие» медалімен марапатталады.
1980 жылы  Іле ауданы Қаскелең астық кеңшарына бас малдәрігері болып ауысады.
1986 жылы білікті маман ретінде Қазақ СССР-і министрлігінің «Малдарды өнеркәсіптендіру бас басқармасына» болім басшысына ауысады.1992 жылы ауылшаруашылығының ұйымдастырушы, маман ретінде қайтадан Күрті ауданы Айдарлы кеңшарына директор қызметіне ауысады.
 


Отдых для всех